г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өтті.

34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 11 келісімді іске асыру қажет.

Шетелдік серіктестік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2 090 грант оқуға мемлекет бөлді.

Бүгінгі таңда мыңдаған студент 34 мамандық бойынша білім алады, оның ішінде педагогикалық, инженерлік-техникалық және жасанды интеллект сияқты негізгі бағыттар бар. Бұл мақсаттарға мемлекеттік білім беру гранттары (бірлескен білім беру бағдарламалары және қос диплом бағдарламалары) және мемлекеттің қолдауымен оларға жағдай жасау арқылы инвесторлардың қаражаты бөлінеді.

Шетелдік серіктес ЖОО-ларды іріктеу жекелеген салалардағы кадрлық қажеттілікке және өңірлердің сұраныстарына негізделеді.

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық атом өнеркәсібі, «жасыл» сутекті әзірлеу, Қазақстанда баламасы жоқ су қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты аса сұранысқа ие және тапшы мамандықтар бойынша мамандар даярлауға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында мұнай инженериясы, электр энергетикасы және компьютерлік инженерия бағдарламалары бойынша британдық Heriot Watt университетінің филиалы ашылды.

Химия және химиялық технологиялар саласында кадрлар даярлау үшін М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылды.

Педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында Гази университетінің (Түркия) филиалы жұмыс істейді.

Бейжің тіл және мәдениет университетінің (ҚХР) филиалы Астана халықаралық университеті базасында жұмыс істейді.

Квинс университетінің филиалы (Ирландия) Нархоз университеті базасында жұмыс істейді.

2025 жылға дейінгі жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегиясы шеңберінде шетелдік азаматтарға, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылды.

2024-2025 оқу жылында шетелдік азаматтарға арналған стипендиялық бағдарлама бойынша Қазақстанның 37 ЖОО-да 550 білім алушы қабылданды (бакалавриат - 490, магистратура - 50, докторантура - 10). Стипендиялық бағдарлама тегін білім алуды және ай сайынғы стипендияны қамтиды.

 

Қазақстанда білім беру туризмін дамыту

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 30 жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы техникалық, инженерлік, медициналық және педагогикалық бағыттарға қайта бағытталды.

Осы жылдар ішінде стипендия 12 727 қазақстандыққа әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді, оның ішінде 55%-ы гуманитарлық, 36%-ы инженерлік-техникалық, 7%-ы медициналық, 2%-ы мәдениет және өнер бағыты бойынша білім алды.

Түлектер әлемнің 30-дан астам елінде 400-ден астам жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқыды және тағылымдамадан өтті.

2024 жылы бағдарлама түлектері 213 мың медициналық ота жасап, 145 мың білім алушы мен студенттерді оқытып, мыңнан астам ғылыми еңбектерін жариялады.

2024 жылы ЖОО контингентіндегі шетелдік студенттердің үлесі 15%-ды құрады, әлемнің 23 елінен 97 университеттермен 245 қос диплом бағдарламасы іске асырылды.

Шетелдік студенттер саны 93 елден 31 400 адамды құрады, бұл 2023 жылғы 82 елден 26 800 студентке қарағанда 4 600 адамға көп.

Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқытушылық қызметке 1600-ден астам шетелдік сарапшы тартылды.

2024 жылғы білім беру бағдарламаларының нәтижесінде QS World University Rankings 2024 әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО кірді.

«Университет пәндерін оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек»,  деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің ғылыми ұйымдары мен ЖОО-на халықаралық дерекқорларға тегін қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Google компаниясымен бірлесіп еліміздің 15 жоғары оқу орнының 5000 студентіне арналған жасанды интеллект бойынша курстар іске қосылды.

Coursera онлайн білім беру платформасы жобасы аясында қазақстандық студенттерге 40 мың лицензия бөлініп, 93 жоғары оқу орнынан 153 мың сертификат берілді.

Корея мен Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен білім беру және мамандарды бірлесіп даярлау бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш қазақстандық ЖОО базасында жасанды интеллект мектептері жұмыс істейді:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің Жасанды интеллект және информатика мектебі ашылды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде City University of Hong Kong филиалы ашылды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Лу Бань шеберханасының базасында ЖИ бойынша халықаралық зерттеу орталығы және көлікті басқарудың ақылды технологиялар орталығы ашылды.

 

Отандық жоғары оқу орындарында Google, NVIDIA, Huawei, Coursera және басқа да халықаралық технологиялық алпауыттарының тиісті курстары енгізілді.

Coursera, Google, Nvidia, «Huawei Technologies Kazakhstan» LLP, 01 Edu System, Binance Kazakhstan-мен меморандумдарға қол қойылды.

AstanaHub технопаркі базасында бағдарламада Қазақстанның 47 жоғары оқу орнынан 700 оқытушыны қамтитын ЖИ бағыттары бойынша ЖОО оқытушыларын оқытуға арналған толыққанды курстар іске қосылды.

Жасанды интеллект (ЖИ) саласында университетаралық ЖИ стандарты қабылданды, 20 ЖОО-мен 20 білім беру бағдарламасы әзірленді.

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде 148 миллиард токен негізінде KazLLM тілдік модельді оқыту аяқталды.

Модель Nazarbayev University, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және т.б. командасының қатысуымен әзірленді.

Әзірлеуге 117 сарапшы, оның ішінде 40-тан астам ғылым кандидаттары, PhD және зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының магистрлері тартылды.

Министрлік Мемлекет басшысына жасанды интеллект, бағдарламалау және стартап акселерациясын оқитын 100 мың студентті қамтитын басым мамандықтар бойынша барлық деңгейдегі студенттер арасында ЖИ саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған AI-Sana ЖИ бойынша пилоттық бағдарламаны ұсынды.

 

«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.

2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Ол азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреді. «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді тіркеу және бөлумен айналысатын толыққанды даму институтына айналады. Реформа тұрғын үй алу кезегіндегі азаматтарға баспана беру процесінің ашықтығын арттыру мақсатында жүргізілді.

Сондай-ақ осы заң аясында жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлерде тұратын 71 мыңға жуық азаматқа пәтерлерін жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Жалдамалы тұрғын үй иелерінің көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтары, ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б.

Әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды. Оның 13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды.

Одан бөлек, 2300 азаматқа ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары түрінде 2,6 млрд теңге бөлініп, 10,4 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалдау ақысының бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй төлемдері субсидияланды.

«Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2024 жылы 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 64 мыңға жуық отбасын қолдауға 1 трлн. теңге бөлген. Мемлекет жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады.

2025 жылы елімізде 19 млн. шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн. шаршы метр салу жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.

Пятница, 08 ноября 2024 05:42

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 желтоқсан "Ақмола облысы №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауын тағайындау туралы" № 19/76 қаулысының негізінде 2024 жылғы 11 қазан тағайындалған "Жарқайың тынысы" газетінің редакциясы баспа қызметін ұсынады. №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына
сайлау алдындағы үгіттің алаңы.
№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау тіркеу аяқталған сәттен басталады: 2024 жылғы 14 қарашадан бастап.

 «1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныс енгізе алады.

         Осылайша, Департаментке мемлекеттік қызмет алу кезінде техникалық ақауларға тап болған азамат жүгінді. Өтініш берушімен Департаменттің жауапты мамандары кері байланыс орнатып, тиісінше түсіндірме кеңес берді.

Нәтижесінде азамат сол күні «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алды.  

 

Понедельник, 02 сентября 2024 11:18

Жолдау 2024

Өз Жолдауында Тоқаев цифрландыру саласы туралы айтып өтті. Менің ойымша бұл қазіргі Қазақстанның маңызды аспектілерінің бірі. «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтуге міндетті. Жасанды интеллект технологияларын "электрондық үкімет" платформасына белсенді енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллект кеңінен қолданылатын және цифрлық технологиялар дамитын ел болуға тиіс. Бұл Үкіметтің басты міндеті.
М.Рахимбекова , қоғамдық кеңестің мүшесі

2024 жылдың 6 айында Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы58 жоспардан тыс тексеру жүргізген, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы 41нұсқама берілген, оның ішінде мемлекеттік объектілерде бар.

Бұл туралы «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысы Бахидбек Оспанбеков баяндап берді.

Басқарма 74 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдаған.

Жобаға және құрылыс сапасына сәйкес келмегені үшін 12 мердігер ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын 2 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік тапсырыс объектілері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын тексерумен елеулі бұзушылықтар анықталды.

Ақмола облысы Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы – обектісі бойынша.

Тексеру барысында құрылыс саласындағы бекітілген жобалық шешімдерден және мемлекеттік нормативтерден ауытқулар, атап айтқанда: конструктивтік бөліктегі ауытқулар, атқарушылық-техникалық құжаттаманы уақтылы жүргізбеу белгіленді.

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында су құбыры желілерін реконструкциялау объектісі бойынша.

Тексеру барысында құрылыс саласындағы бекітілген жобалық шешімдерден және мемлекеттік нормативтерден ауытқулар анықталды, атап айтқанда құбырларды монтаждау, құбырларды беріктігі мен герметикалығына сынаусыз, атқарушылық-техникалық құжаттаманы ресімдеусіз құбырларды кері толтыру жүргізіледі.

«Тексеру нәтижелері бойынша техникалық қадағалау ӘҚБтК-нің 317-1-бабы бойынша 900 мың теңгеден астам сомаға 250 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұйрық орындалуда»,-дейді спикер Оспанбеков.

2024 жылдың өткен кезеңінде жобалық, іздестіру қызметіне, сондай - ақ құрылыс-монтажжұмыстарына 72 лицензия берілген және қайта ресімделген. 

 

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында аудандақаржылық сауаттылығын арттыру оқыту өткізілу туралыхабарланған.

Ауданда осы жыл бойы 270-тен астам азаматтарды тегіноқыту көзделген. Бүгінгі күнде 126 адамға сертификат берілді.

Оқудың барысында қаржылық сарапшы Байшоланов Е.С. қаржылық бағалау негіздері, жеке қаржыны басқару, азаматтардың банкроттық және төлем қаблеттілігін қалпынакелтіру туралы қолжетімді қарапайым сөздермен түсіндіреді.

Азаматтардың қалауы бойынша банктердің кредиттерібойынша мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеу,тұтынушылық қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегі бар,қаржылық алаяқтық мәселелері бойынша, мемлекеттікбағдарламалар оның ішінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасышеңберінде қаржыландыру мәселесі бойынша кеңес береді.

Біздің балалар кімге қарайтынын бәрі біледі. Әрине, өзініңата-аналарына. Егер бізде бюджетті жоспарлаудың қарапайымдағдылары болмаса, онда біздің балаларымыз ұзақ мерзімдіжоспарлаудың не екенін түсінбейді. Ересектер үшін қаржылықсауатты болу маңызды. Біз балаларды ақша жинауды үйретуімізкерек,  қалай бөлуге болатындығын үйретуіміз керек және т.б. Егер отбасында қаржы тәртібі болса, онда балаларда оған өзініңересек өмірде келеді.

Барлық сұрақтар бойынша осы телефондарға 9-25-20, 9-23-08  хабарласуды сұраймыз.

Жарқайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Четверг, 20 июня 2024 19:58

«Масс-медиа туралы»заңы

Aqorda 🇰🇿:
✍️ Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

✔️Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

✔️Жаңа Заңға «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың негізгі ережелері енді. Аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды.

✔️Жаңа Заңда бірқатар тың ережелер қарастырылған.

➤ Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-ресурстарды да қамтитын «масс-медиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді.

➤ Мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. Оның ішінде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру, аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы (аккредитация карталарын берудің автоматтандырылған процесі) журналистерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тіркеу және басқа да міндеттер қарастырылған.

➤ Журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді. Яғни, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, олардың ақпарат іздеу, сұрату, алу және тарату кезіндегі, сондай-ақ «Масс-медиа туралы» Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарын журналист мәртебесі деп түсіну керек.

➤ Шындыққа сәйкес келмейтін және азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы БАҚ-қа талап қою мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында мәліметтер жарияланған күннен бастап 1 жыл деп белгіленген.

➤ Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу тәртібі жетілдірілді.

➤ БАҚ-тың сұратуларын қарау мерзімі 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл журналистерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Осылайша ақпараттың өзектілігі сақталады.

➤ БАҚ-тың өз қызметін өзі реттеу мақсатында Заңда қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру көзделген. Кеңестер республикалық және өңірлік деңгейлерде құрылуы мүмкін.

➤ Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу.

➤ Гранттық қаржыландыруды енгізу арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері жетілдірілді.

➤ Ұлттық теле-радио хабарларын тарату мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік тілдегі отандық теле-радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемі 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтылды.

➤ Отандық теле-радио арналарда шетелдік теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялау көлемі 20 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетілді.

➤ Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтірудің жолдары мен оған үндейтін ақпаратты таратуға және (немесе) жариялауға тыйым салынады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О масс-медиа»

✔️Закон разработан во исполнение поручения Главы государства, данного в рамках Послания народу Казахстана от 16 марта 2022 года «Новый Казахстан: путь обновления и модернизации», о пересмотре Закона о средствах массовой информации с учетом интересов государства, запросов общества и тенденций развития медиасферы.

✔️В новый Закон вошли основные положения законов «О средствах массовой информации» и «О телерадиовещании», которые признаются утратившими силу.

✔️В Законе предусмотрен ряд новых положений.

➤ Введено новое, более широкое понятие «масс-медиа», которое включает в себя не только средства массовой информации, но и интернет-ресурсы.

➤ Предусмотрено создание Единой медиаплатформы, на которой будет реализовываться государственная информационная политика, включая предоставление грантов для негосударственных средств массовой информации, аккредитацию журналистов при государственных органах и организациях посредством упрощенного порядка аккредитации (автоматизированный процесс выдачи аккредитационных карт) и другие функции.

➤ Установлены дополнительные правовые гарантии для журналистов. Введено понятие «особый статус журналиста», под которым понимается статус журналиста, предусматривающий защиту его прав и свобод, расширенные права при поиске, запросе, получении и распространении информации, а также иные особые права, установленные Законом «О масс-медиа».

➤ Установлен срок исковой давности по требованиям, предъявляемым к СМИ об опровержении сведений, не соответствующих действительности и порочащих честь, достоинство и деловую репутацию, в виде 1 года со дня опубликования таких сведений в СМИ.

➤ Усовершенствован порядок аккредитации представительств иностранных средств массовой информации и их журналистов.

➤ Сокращен срок рассмотрения запросов СМИ с 7 до 5 рабочих дней, что позволяет журналистам получать необходимую информацию в кратчайшие сроки, тем самым сохраняя актуальность информационной повестки дня.

➤ В целях саморегулирования деятельности СМИ Законом предусмотрено создание общественно-профессиональных советов, которые могут быть организованы как на республиканском, так и на региональном уровнях.

➤ Основной функцией данных советов является разработка Этического кодекса журналистов.

➤ Усовершенствованы механизмы финансирования государственной информационной политики путем внедрения грантового финансирования.

➤ В целях защиты интересов национального телерадиовещания увеличен еженедельный объем отечественных теле-, радиопрограмм на государственном языке с 50% до 60%.

➤ Аналогично в еженедельном объеме увеличен объем количества отечественных телепрограмм и музыкальных произведений казахстанских авторов (исполнителей и отечественных радиопрограмм) с 2025 года – 55%, с 2027 года – 60%.

➤Снижен с 20 % до 10% объем ретрансляции иностранных теле-, радиопрограмм на отечественных теле-, радиоканалах.

➤ Установлен запрет на распространение и (или) размещение информации, пропагандирующей самоубийство, информации о способах и призывах к совершению самоубийства.

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi

Бүгін 11 маусымда кезекті комиссияның отырысы өтіп, су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Страница 9 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…