
zharkain
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды.
Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жиналған студенттерге елорда әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат СабырұлыЫбыраев пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қанатұлы Қондыбаев бастаған ұйымдастырушы топ 1000-ға жуық волонтердің осы ойындарға үлес қосуға мүмкіндігі барын, еріктілер қызметінің тәжірибе жинаудағы маңызын жеткізді. Волонтерға қойылатын талап, ереже, іріктеу кезеңдері туралымәліметтің барлығы жан-жақты түсіндірілді.
Жастардың еріктілер жасағы спорттық және мәдени шаралардың маңызды бөлігі. Мейманды қарсы алу, үлкен-кіші демей жол көрсетіп, бағыт сілтеу, шетелдіктерге аудармашы болу деген көзге көрінбейтін істің бәрінде волонтер жүреді. Былайша айтқанда ерікті дегеніміз жан-жақты, әмбебап, сауатты, әмбебап адам. Дерек үшін айтсақ, EXPO-2017 көрмесіне 7000-нан астам ерікті қатысты. Қысқы Азия ойындарында да жас өрендеріміз волонтер ретінде белсенділік танытты.
Абылай Қанатұлы көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға атсалысу арқылы жастардың өз-өзін шыңдайтынын, қосымша тіл үйреніп, ортамеңгеретінін, сондықтан мол тәжірибе жинаудағы осы мүмкіндікті барынша пайдалану керектігінебаса мән берді.
Дирекциясының волонтерлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Бақдаулет Болатұлы Жанділдаев еріктілердің осы додалы жарыстың айнасы, дархан елдің қонақжайлығы мен мәдениетін танытуда маңызды рөл атқаратынын айта келе, елорда жастарын еріктілер қатарына шақырды.
Волонтер жұмысына 18 жастан асқан үміткертаңдалады. Меймандар мен қатысушыларды күтіп алу, тіркеу орталықтарына алып бару, қонақ үйлерге жеткізу, жарыс өтетін жерлерде көмек көрсету, мәдени шараларды ұйымдастыру, тамақтану орындарына жеткізу сынды қосымша жұмыстың барлығына қолғабыс етеді. Волонтерлық қызметке ниет білдірушілер https://worldnomadgames.kz/ сайты арқылы «Ерікті бол» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтыруы керек. Барлық талаптан сүрінбей өткен үміткер сұхбатқашақырылады.
Қосымша Instagram, Tik Tok әлеуметтік желілерінде @Volunteer_nomadgameskzпарақшаларына ақпарат алып, WhatsApp, Telegram-да 8 701 841 20 24 байланыс нөмірі арқылы сұрақтарыңызды жолдасаңыздар болады.
Өтінімдерді қабылдау басталды.
ҚАЗАҚСТАН ҚАЗЫНАШЫЛЫҒЫНА - 30 ЖЫЛ
Қазынашылық тарихы мемлекеттің қалыптасуымен тығыз байланысты. Республикада жүзеге асырылып жатқан экономикалық өзгерістердің одан әрі барысы нарықтық қатынастарды дамытуға және терең экономикалық дағдарысты еңсеруге, сондай-ақ тәуелсіз бюджет жүйесін қалыптастыруға байланысты күрделі міндеттерді шешуді талап етті.
Президенттің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен Қаржы министрлігі жанынан бюджеттік ұйымдардың шоттары бойынша банк операцияларын жүргізуді алдын ала, ағымдағы және дәйекті бақылау функцияларын қабылдай отырып, бюджеттің кассалық атқарылуын жүзеге асыруға арналған бюджеттік жүйенің буыны ретінде Қазынашылықтың Бас басқармасы құрылды. Аударым операцияларын орталықтандырылған жүзеге асыру және олардың күнделікті есебін жүргізу үшін Бірыңғай қазынашылық шот ашылды. Өтпелі кезеңге 1995 жылы Бюджеттік банк құрылды, 1998 жылдың қаңтарында ол бюджеттің кассалық атқарылу функцияларын аумақтық қазынашылық органдарына бере отырып таратылды.
Қазақстанда бюджеттік реформаларды жүргізу Қолданыстағы қазынашылық жүйесін жаңғырту қажеттілігін туғызды. Ал 1999 жылы Қазынашылық комитеті бұл жобаны жүзеге асыруға кірісті. Жаңа қазынашылық жүйесі ORACLE бағдарламалық жасақтамасының негізінде әзірленді. Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (ИАЖ) енгізу 2001 жылы басталды. ИАЖ-нің 2004 жылдан бастап бүкіл ел бойынша табысты жұмыс істеуі бюджетті атқарудың қолданыстағы тетігінің кемшіліктерін, бюджет қаражатымен операцияларды алдын ала бақылаудың жоқтығын жойды, елдегі ақша ағындарын реттеу үшін мемлекеттік қаржыны дәл есепке алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазынашылық жүйені жетілдіру шеңберінде 2008 жылы "Қазынашылық-клиент" электрондық құжат айналымын құру жөніндегі бағдарламалық өнім әзірленіп, енгізілді, бұл қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға, мемлекеттік мекемелердің қағаз, уақыт, көлік шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, "адам факторының" қателіктері есебінен қайтару санын азайтуға мүмкіндік берді ("Қазынашылық-клиент" электрондық құжат айналымын құру кезінде форматтық-логикалық бақылау құжаттарды енгізу, қазынашылық жүйенің анықтамалықтарына тікелей жүгіну).
Бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлау және пайдалану үшін ауылдық округтердегі халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, 2013 жылғы шілдеден бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару шоттарын кезең-кезеңімен ашу және оларға қызмет көрсету басталды. Ал 2018 жылдан бастап ауылдар мен ауылдық округтердің өзіндік бюджеттері бар.
2014 жылы Қазынашылық ұлттық оператор болып табылатын Қазақстан аумағында электрондық шот-фактуралар жүйесін табысты енгізу жүргізілді.
2016 жылы "Қазынашылық-клиент" АЖ "электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесімен тәжірибелік пайдалануға енгізілді, бұл мемлекеттік сатып алу процесінің жоспарлаудан бастап Шартты тіркеуге дейінгі ашықтығын қамтамасыз етеді.
Құрылысқа байланысты Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының дұрыс пайдаланылуын бақылау үшін 2017 жылы "мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу" жобасы енгізілді.
Бюджетті атқару рәсімдерінің маңыздылығын ескере отырып, Қазынашылықтың тікелей міндеті әрбір қаржылық операцияның уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына қатаң бақылау жасау болып табылады. Қазынашылық органы - мемлекеттік органдардың ішіндегі ең тұрақтыларының бірі, үнемі дамып отырады, жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде. Қазынашылық органдарының 30 жыл бойы жұмыс істеуі олардың қызметінің тиімділігі мен жоғары сұранысқа ие екендігін айғақтайды.
Г. ЖАНТЛЕЕВА, Жарқайың аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.
Державин қаласы тұрғындарының назарына!
Ауыз су сапасына жоспарлы мониторинг жүргізу барысында микробиологиялық, санитарлық-химиялық және радиологиялық зерттеулер үшін Державин қаласындағы бұлақтан су сынамалары алынды, оның барысында судың талап етілетін нормаларға сәйкес келмейтіні анықталды.
Осыған байланысты қала тұрғындарын осы негізден алынатын судан бас тартуларынызды сұраймыз.
Державин қаласы әкімінің аппараты.
Тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларға сертификат табыстады
2023 оқу жылының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификат табыстауға арналған іс – шараға Жарқайың ауданының Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймолдинов, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қымбат Белгібаева, Жарқайың аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы Оразхан Зейнолла, шақырылғандар мен тыңдаушылар қатысты.
Тәуелсіз еліміздің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті мен рухани құндылықтары болып табылады.
Қазақтың бас ақыны, хакім Абай атамыз: «Қазақтың өзгелерден сөзі ұзын» немесе «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас»-деп, өз тіліне таңырқап, тағзым еткені белгілі. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілі – қазақ халқының төл мәдениеті, мемлекеттік тілі.
Елімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету жолында тіл мәдениетін одан әрі арттыруға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу мақсатында 2019 жылы 31 желтоқсанда Үкімет қаулысымен бекітілген: «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудабарлық өңірлерде тілдерді дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда біздің ауданымызда да мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер мен ересек тұрғындардың тілдерді оқып – үйренулеріне мүмкіндіктері бар.
Шара барысында 2023 оқу жылында тіл үйренушілер арасында өткен аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары, ауданымызда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан белсенді үлестері үшін Жарқайың ауданы әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен Одинцова Наталия, Алтынай Бейсембекова, Ляззат Паизова, Дуденко Марина марапатталды.
Орталық ашылғалы бері 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазтест оқу бағдарламасы арқылы мемлекеттік тілді оқыту курсын 378, бір жылдық ағылшын тілінің қарапайым курсын 118 тыңдаушы оқып, деңгейлік сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар ҚАЗТЕСТ бағдарламасын насихаттау мақсатында 2013 – 2023 жылдары 26 мекемеден 841 қызметкерлер қатысып, Орталық базасында тілдік білімдерін анықтады.
2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұргүл Искакова сөз сөйледі.
Жыл қорытындысы бойынша 44 тыңдаушыға сертификаттар табысталды. Оның 22-сі мемлекеттік тілде 3 жылдық курстан өткен және 22-сі ағылшын тілінде 1 жылдық курстан өткен.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
Оқу-тәрбие жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру
Аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша Жарқайың ауданы мектептерінің бастауыш сынып жетекшілерімен кездесу өтті. Оған 19 мектеп қатысты.
Кіріспе сөзінде аудандық әдіскерлік орталықтың меңгерушісінің м.а. Гүлжан Исаева әдістемелік бірлестіктің барлық қатысушыларымен амандасып, жемісті жұмыс тіледі. Әрі қарай бағдарламаны түсіндірді, ауданның бастауыш сыныптары бойынша жұмысқа жетекшілік ететін әдіскер-модератор Марина Рыбаковаға аудиторияны таныстырды.
"Солнышко" балбақшасының педагог-психологы Мырзабекова Мақпал аудиториямен тренинг өткізіп, жұмысқа оң көңіл-күй сыйлады.
Гүлжан Исаева «Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылымына өзгерістер енгізу арқылы оқу-тәрбие жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізді. Өзін-өзі жүзеге асыруға, кәсіби құзыреттілікке, нәтижелілікке, үш бағыт бойынша қол жеткізуге ықпал ететін педагогтердің кәсіби дамуында ынталандыру рөлін атқаратын Әдіскерлік бөлім әдіскер-басшысының жұмысы туралы айтып берді:
- тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыру;
- педагогтарды оқыту сапасын арттыру;
- педагогтерді аттестаттау.
Жұмыс барысында бастауыш сыныптардың ӘБ басшылары өз тәжірибелерімен бөлісті, үш бағыт бойынша туындаған қиындықтарды жеңу үшінжұмысты қалай жақсартуға болатыны туралы әңгімеледі.
Аудандық білім бөлімінен жұмыста орындау үшін ұсыныстар берілді. Бастауыш сынып басшыларының барлық тілектері ескерілді. Кездесу қызықты, танымдық қасиеттерге толы және жемісті өтті.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
«Ілияс оқулары» және «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті
Қаңтардың 19-ы күні Н. Островская атындағы орта мектебінде аудандық «Ілияс оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының мақсаты ақын шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. Өлең сөзінің құдіретін жанымен сезіну, жүрегімен түсіне білуге баулу.
Байқаудың «Сұлу сөздің сүлейі» ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 8 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Зілқара Ақбота 1- орын, Балтабай Мерей, Вебер Виолетта 2-орын, Эргашова Сабрина, Советова Зарина, Жиеналина Жансая есімді оқушылар 3-орынды иеленді. «Ілияс – эпик ақын» поэма жатқа оқу номинациясы бойынша: Тұрағал Ернұр және Ахметова Лейла 2- орын, Тұрағал Әмір 3-орынды иеленді. «Ағынды менің Ақсуым» өз өлеңдерін оқу номинациясы бойынша: Әлиасқар Тілеуді 1- орын, Ысқақ Самат, Ибраев Нұрмұхамбет 2-орынды иеленсе, Шарипов Абай, Бабахумар Мирас, Подрезова Милана, Ауезова Аяна есімді оқушылар 3-орынды иеленді.
Дәл осы күні «Мағжан оқулары» байқауы өткізілді. Мағжан Жұмабаев оқулары байқауының мақсаты ақын шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. «Рухани жаңғыру» шығармасын Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын іске асыру аясында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Байқаудың «Өлең –менің Шолпаным, Айым, күнім» ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 18 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Халибек Жаннұр 1- орын, Скобцова Вероника, Елтай Сұңғат, Тюреньков Игорь, Жакупова Самал 2-орын. Воронина Евгения, Тоболина Анастасия, Тұрсынбай Гаухар, Нұрболқызы Іңкәр, Елеш Айым есімді оқушылар 3-орынды иеленді. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша: Найзабекова Арай 1- орын, Жомартова Керім, Чепигина Александра 2-орын, Мирас Адина, Рыжкова Лилия 3-орынды иеленді. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша: Шарипов Абылай 1- орын, Силеухадыр Анель, Магизамов Рамазан, Ауезова Аяна 2-орынды иеленсе, Куделюк Богдан, Бабахумар Мирас есімді оқушылар 3- орынды иеленді. Байқау соңынан жүлдегерлер марапатталды.
Жалпы байқауға 56 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге: «Ілияс оқуы» байқауы бойынша: «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясында 1- орынды иеленген Зілқара Ақбота Тасты -Талды ЖОББМ оқушысы, жетекшісі: Нуралина Акмарал, «Ілияс эпик ақын» номинациясы бойынша Тұрағал Ернұр А. Үкібаев атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы, жетекшісі: Оспанова Эльмира. «Ағынды менің Ақсуым» номинациясы бойынша 1- орынды иеленген Әлиасқар Тілеуді А. Үкібаев атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы жолдама алды. Жетекшісі: Абикеева Анар. «Мағжан оқуы» бойынша А. Үкібаев атындағы ЖОББМ оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Оспанова Эльмира. Нақтырақ айтсақ: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, күнім» номинациясында Халибек Жаннұр, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша Найзабекова Арай, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша Шарипов Абылай.
Білім бөлімінің "Дарынды балалармен жұмыс " әдіскері Нурмагамбетова Д.М.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жарқайың ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ жанындағы "Коммуналдық қызмет" ШЖҚ МКК келесі лауазымдарға жұмыскерлерді талап етеді:
Директор; Бас бухгалтер; Өндірістік бөлімінің бастығы; ОК инспекторы; Іс жүргізуші; Бухгалтер; Экономист; Заңгер; ТБ инженері;
Су және су бұру инженері; Жылу инженері; Инженерлер; Комендант;
Контроллерлер; Жүргізушілер; Тракторшылар; От жағушылар; Үй-жайларды тазалаушылар; Газ-электр дәнекерлеуші; Сантехникалық слесарь;
Жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь; Су станциясының операторлары; Электриктер; Зертханашы; Тазалағыштар; Қолөнершілер;
Күзетші; Құрылысшылар, барлық сұрақтар бойынша Державинск қ., Ленин к-сі, 32 Жарқайың ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөліміне хабарласуға болады. Тел. 9-21-24
Ресми
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды.
Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.
Көшпенділер ойындарына
100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді.
Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған.
«Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады.
Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны -
«ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Түркияның Ыстамбұл қаласында еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады.
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын хабардар етті.
Дирекция жетекшісі Наиль Нұров 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңызын ескере отырып, ашылу және жабылу салтанаты мен сайыс барысын әлемнің жетекші телеарналары арқылы тарату мәселесін де ортаға салды.
Біләл Ердоған тараптар арасындағы әріптестік қатынастың артқанын айта келе, көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Қазақстанның этноспорт қозғалысын әлемдік деңгейде насихаттаудағы ұтқыр жобаларының бірі екеніне айрықша мән берді.
Жиында Қазақстан делегациясының 16-18 ақпан аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны да нақтыланды.
Ыстамбұлдағы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының кеңсесінде өткен кездесугеТүркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев пен Қазақстан Республикасының Бас консулдығының өкілдері де қатысты.
2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны -
«ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».