
zharkain
РАМАЗАН – МЕЙІРІМ АЙЫ
Мұсылман жұртшылығының асыға күтетін, айлардың ішіндегі сұлтаны қасиетті Рамазан айының кіруіне де санаулы күндер қалды. Рамазан айының келуі – әр мұсылман үшін үлкен қуаныш, зор бақыт. Себебі, бұл қасиетті ай – ізгіліктің, кешірімнің, рухани тәрбиенің, мейірімнің айы. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 185-аятында:
«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол нұсқаушы және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді», – деп айтқан.
Қасиетті Құранның Лаухул махфуздан дүние аспанына түсуі де Рамазан айында болатын. Ол турасында Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Қасиетті Құран Лаухул махфуздан Рамазан айының қадір түнінде дүние аспанына түсірілген, кейін түрлі оқиғаларға байланысты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауат мен сәлемі болсын) бөлек-бөлек түсіріліп отырған», – деген.
Ғалымдарымыз қасиетті Құранның түсірілуі Алла Тағаланың пенделеріне танытқан ерекше мейірімі екендігін айтқан. Ал қасиетті Құран алғаш Рамазан айында түсірілгендіктен, Рамазан айы да – мейірім айы саналады. Пенденің бұл айда жасайтын әрбір ізгі амалы Алла Тағаланың кешірімі мен мейіріміне бөленуімізге себепші болады.
Ораза ұстаушы таң атқаннан кеш батқанға дейін жеп-ішуден тыйылу арқылы аш, мұқтаж адамдардың жай-күйін бүкіл болмысымен сезініп, жүрегінде оларға деген мейірім пайда болады. Жүрегінде мейірімі бар адам өзге жандарға мейірімін төгу арқылы өзі де Жаратушының мейіріміне бөленеді. Негізі адамдар бір-біріне әркез мейірімді, жанашыр болулары қажет. Әсіресе Алла Тағаланың мейірімі төгілетін қасиетті айда барынша өзгелерге мейірімді, жанашыр болған дұрыс.
Рамазан айында адамдарға мейірімділік таныту дегеніміз – қарым-қатынас жасағанда көркем мінезді болу, қателіктерін кешіре білу, жомарттық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу, садақа беру, өзге ораза ұстаушыларға ауызашар беру сынды ізгі істер жасау. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
«Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе, оған: «Мен оразамын» десін», – деп өсиет ету арқылы біздерге өзгелермен мейірімділік аясында қарым-қатынаста болуға шақырған.
Мұғаз ибн Жәбал (Алла оған разы болсын) атты сахабаға бір кісі келіп: «Маған насихат айтшы», – деген екен. Сонда Мұғаз: «Мейірімді бол! Пейішке кіруіңе мен кепіл болайын», – деп жауап беріпті.
Жүсіп Баласұғыни бабамыздың:
Не дер екен мейірімі мол кісі:
Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
Дәулет болар алсаң соның ақылын.
Мейірімнен шынайы леп еседі,
Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі, – деп айтқан сөздерінде үлкен мағына бар.
Қасиетті Рамазан айы – мейірімділік іс жасап, ізгі амалдар атқарып, Алла Тағаланың мейіріміне бөленуге себепші болатын үлкен мүмкіндік. Бұл айда жүрегімізде мейірімділік пайда болып, жанымыз толық рухани ләззатқа кенелуіміз үшін, мынадай ізгі амалдарды атқаруға мән бергеніміз дұрыс:
Бірінші: Мұқтаждарға жәрдемдесу
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаумен қатар мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, жомарттық таныту – Алла Тағаланың мейіріміне бөленуге себеп болатын басты амалдардан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл айда мұқтаж жандарға көбірек садақа беруге тырысып, өзгелерге де осыны өсиет ететін. Хадис шәріпте:
«Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең жомарты болатын. Әсіресе, ол Жәбірейіл періштемен Рамазан айында кездескенде ерекше жомарттық танытатын», – деп айтылған (имам Бұхари, Мүслим).
Алла жолында мал сарп етіп, өзгелерге жәрдемдескен жомарт адамның мал-дүниесі кемімейді. Керісінше, оған береке кіріп, молая түседі. Бұл орайда өзгеге жәрдемдесуші адамның мал-дүниесін құдықтың суымен салыстыруымызға болады. Құдықтың бетіндегі суды қанша алсақ та, астынан тағы да шығып, толып отыратындығы сияқты, мал-дүниесін Алла жолында жұмсап, мұқтажға көмек қолын созған адамның дүниесіне де осылайша береке кірмек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
«Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді», – деген (имам Мүслим).
Жәрдемге мұқтаж адамды көргенде жүрегі елжіреп, бірден қолынан келгенше жәрдемдесіп, көмек қолын созу – Алла Тағаланың мейіріміне бөленетін адамның сипаттарынан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Адамдарға мейірімді бола білмеген кісіге Алла Тағала да мейірімділік танытпайды», – деген (имам Бұхари).
Жалпы өзгелерге қамқор болу, жанашырлық таныту, мұқтаждарға жәрдемдесу, жетімдерге қарайласу сияқты ізгі істердің барлығының негізі осы мейірімділіктен бастау алады. Әлемдерге мейірім ретінде жіберілген ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәлімін көрген сахабалар да өте мейірімді еді. Олар айналасындағы мұсылмандарды айтпағанда, жауларының өзіне мейірімділіктің керемет үлгісін көрсете білді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
«Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер де сендерге рақымдылық танытады», – деген.
Екінші: Туыстық қатынасты жақсарту
Алла Тағала Құран Кәрімдегі «Нахыл» сүресінің 90-аятында:
«Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан тыяды», – деп айтқан.
Туыстарына ізгілік етпеген адамның өзгелерге мейірбан болуы екіталай. Сондықтан да қасиетті Рамазан айы – ренжіскен жақын адамдар өзара кешірім сұрап, татуласып, бір-бірін ауызашарға шақырып, туыстық қатынасты нығайтуға үлкен мүмкіндік.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін», – деп айтқан (имам Бұхари, Мүслим). Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туыстық қатынасты сақтауды Алла Тағала әрі Қиямет күніне иман етумен байланыстыруы бұл амалдың қаншалықты үлкен маңызға ие екендігін көрсетіп тұр.
Адамның өзімен сыйластық қатынас ұстанған туыстарымен сыйласуы әркімге оңай. Алайда, асыл дініміз бізбен қатынасты үзіп қойған туыстарымызбен байланысты нығайтуға бұйырады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам, (ол – оған қандай қарым-қатынас жасаса) сонымен ғана жауап беретін адам емес. Шындығында, туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам – ол туыстарының онымен қарым-қатынасын үзгеніне қарамастан, олармен араласуын үзбейтін адам!» – деген (Имам Бұхари).
Ендеше, қасиетті Рамазан айында Алла Тағаланың кешірімі мен мейірімін үміт ете отырып, туыстардың ішіндегі сыйластық танытқандарымен ғана емес, сонымен қатар туыстық қатынасты үзіп қойған туыстарымен қарым-қатынасымызды жақсартуға тырысайық.
Үшінші: Жақсы сөз сөйлеу
Алла Тағаланың мейіріміне бөленуді қалаған адам қасиетті Рамазан айында тек тамақтанудан ғана емес, бүкіл күнәлі істерден, қолымен және тілімен өзгеге зиян тигізуден тыйылып, өзін жақсы сөз сөйлеуге тәрбиелеуі қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде кім ораза болып жаман сөзден және оған амал етуден тыйылмаса, Алла оның тамақтан және судан тыйылғанын қажет етпейді», – деген (имам Бұхари).
Алла Ешісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдармен қарым-қатынаста өте жұмсақ, әр сөзі мейірімділікке толы болатын. Алла Тағала қасиетті «Тәубе» сүресінің 128-аятында:
«Сендерге өз араларыңнан хақ пайғамбар келді. Сендердің қандай да бір қиыншылыққа душар болуларың оған ауыр тиеді. Ол сендерге өте ынтызар, мүминдерге сондай жанашыр, өте мейірімді», – деп айтқан.
Тіпті дін жауларының өзіне Хақ пайғамбары (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еш уақытта қатты сөз айтпайтын. Бір күні Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдар келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Алла Тағаладан мүшіріктерге лағынет тілеңізші», – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Расында, мен лағынеттеу үшін емес, мейірімділік ету үшін жіберілдім» – деген еді (имам Муслим).
Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барша жаратылысқа, иман келтіргендерге де, иман келтірмегендерге де мейірім ретінде жіберілді», – дейді. Имам Табари (Алла оған разы болсын) Ибн Аббастың бұл сөздерін былай деп түсіндерген: «Алла Елшісінің иман келтіргендерге мейірім болып жіберілуі – ол арқылы Алла Тағала оларға тура жолды көрсетті, ол алып келген шариғатқа амал ету арқылы олар жәннат иелерінен болады. Ал иман келтірмегендер үшін мейірім болуы – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келуі арқылы өздеріне жіберілген пайғамбарларды өтірікке шығарған бұрынғы үмметтерге келгендей азаптарға душар болудан Алла Тағала оларды сақтады».
Ендеше, қасиетті Рамазан айында Алла Елшісін үлгі тұтып, өзімізді жақсы сөз сөйлеуге тәрбиелейік. Бізге қатты сөз айтқан адамның өзіне жұмсақтықпен жауап беруге тырысайық. Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір ғайри дін иесі келіп: «Әс-самун ғалайкум» (сендерге өлім болсын) деп айтады. Осы кезде Айша анамыз (шыдай алмай): «Сендерге де Алланың лағынеті, ашуы болсын», – деген сөздерді айтып жібереді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Айша, асығыстық жасама. Жұмсақ бол, дөрекілік пен арсыздықтан аулақ бол», – деп ескерту жасайды (имам Бұхари).
Төртінші: Дұға жасап, жақсы тілектер тілеу
Қасиетті Рамазан айы дұға мен тілектердің қабыл болатын айы. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 183-аятында:
«Уа, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Әрине, сақтанарсыңдар», – деп айтқан. Осыдан кейінгі екі аятта сырқат не сапарда болған адамның оразасы, Рамазан айында қасиетті Құран түсірілгені жайында айтылып келіп, 186-аятында:
«Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді», – деп айтқан.
Бұдан ұғатынымыз ораза ұстаушы бұл айда өзі, жақындары әрі өзінің туып-өскен отаны үшін Алла Тағаладан мейірім мен жақсылық тілеп, көп дұға етуі тиіс. Өйткені Рамазан – дұға тілектің қабыл болатын айы.
Дұға етудің өзі үлкен құлшылық. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
«Дұға ету, ол – ғибадат», – деген.
Негізінде Алла Тағала кез келген уақытта жалбарынып дұға етушінің дұғасын қабыл етеді. Алайда, дұғаның қабыл болу ықтималдығы жоғары болатын белгілі бір уақыттар мен кезеңдер болады. Сол уақыттардың бірі – ауызашар уақыты. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Үшеудің дұғасы кері қайтарылмайды. Ол: ораза ұстаушының ауызашар алдындағы дұғасы, әділ басшының дұғасы және зұлымдық көрушінің дұғасы», деген. Тағы бір хадис шәріпте:
«Расында ораза ұстаушының ауызашар уақытындағы дұғасы қайтарылмайды», – деген.
Қадірменді жамағат!
Қасиетті Рамазан айы бізді көркем мінезге, тақуалыққа, кешірімділікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айының алғашқы бөлігі – рахмет, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», – деген хадисінің бір мағынасы да осыда жатыр. Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз: «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол «шын адам» болады», – деген.
Ол үшін мұсылманның оразасы тек ашығумен ғана шектелмей, игі амалдарды атқарумен толығуы қажет.
Алла Тағала келе жатқан қасиетті Рамазан айын баршамызға мүбәрак етіп, ұстайтын ораза, тілейтін дұғаларымызды қабыл еткей!
Бас имам Алмас Оспан.
В Акмолинской области началось празднование Наурыза
В этом году в Акмолинской области Наурыз мейрамы проходит в новом формате. Праздничная декада Наурызнама охватывает широкий временной интервал с 14 по 23 марта, и каждый день будет посвящен соответствующей тематике, передает управление внутренней политики.
Первый день Наурызнама начался с «Көрісу күні». Следуя древней традиции, впервые акмолинские артисты приветствовали своих коллег из Северо-Казахстанской области на границе двух регионов после долгой зимы.
Песней и теплыми словами встретили соседей ведущий солист областной филармонии имени Үкілі Ыбырай Жанат Есов, коллективы фольклорного ансамбля «Айнаколь» и лауреат международных конкурсов ансамбля танца «Гәкку».
«Такой яркий праздник, который служит примером дружбы, имеет большое значение. Поэтому на сегодняшнем мероприятии от всей души поздравляем всех с «Көрісу күні»,- приветствовала коллег руководитель управления культуры Айгуль Сабитова.
Сегодня настоящий праздник устроил жителям областного центра в первый день декады празднования Наурыз мейрамы фольклорный ансамбль «Кербез сулу», имеющий 25-летнюю историю, лауреат международных и республиканских конкурсов. Гостей и посетителей ТРЦ «Рио» ждал великолепный часовой концерт и угощение баурсаками.
Пришедшие с особой теплотой встречали каждый выход артистов, сопровождая выступления эмоциями и аплодисментами.
При поддержке управления культуры Акмолинской области в торгово-развлекательном центре «РИО» впервые в рамках проекта «Ғасырлар үні», направленного на поддержку креативной индустрии, была организована «Зона space», где вниманию жителей Кокшетау предложены были выставка национальной кухни «Ұлт дәмі» и мастеров декоративно-прикладного искусства.
Как добавили в управлении культуры Акмолинской области, всего в регионе пройдет более 5000 праздничных мероприятий. Так, с 13 по 23 марта запланированы интересные проекты, среди которых проведение исторической реконструкции древних традиций, фестивалей «Наурыз коже», семейных ансамблей, национальных инструментов, конкурсы «Келіндер», «Әжелер», благотворительные выездные концерты, акции, конкурсы детского творчества, челленджи национальной кухни, орнаментов и одежды, а также многое другое.
Масштабные празднования пройдут и районах области. К примеру, в ауле известного поэта, акына Биржан сала состоятся театрализированная постановка, состязания по национальным видам спорта, посвященные 190-летию известного казахского композитора.
В последний день декады во всех районах области пройдет общенациональная экологическая акция.
В Акмолинской области началось празднование Наурыза
В этом году в Акмолинской области Наурыз мейрамы проходит в новом формате. Праздничная декада Наурызнама охватывает широкий временной интервал с 14 по 23 марта, и каждый день будет посвящен соответствующей тематике, передает управление внутренней политики.
Первый день Наурызнама начался с «Көрісу күні». Следуя древней традиции, впервые акмолинские артисты приветствовали своих коллег из Северо-Казахстанской области на границе двух регионов после долгой зимы.Песней и теплыми словами встретили соседей ведущий солист областной филармонии имени Үкілі Ыбырай Жанат Есов, коллективы фольклорного ансамбля «Айнаколь» и лауреат международных конкурсов ансамбля танца «Гәкку».
«Такой яркий праздник, который служит примером дружбы, имеет большое значение. Поэтому на сегодняшнем мероприятии от всей души поздравляем всех с «Көрісу күні»,- приветствовала коллег руководитель управления культуры Айгуль Сабитова.
Сегодня настоящий праздник устроил жителям областного центра в первый день декады празднования Наурыз мейрамы фольклорный ансамбль «Кербез сулу», имеющий 25-летнюю историю, лауреат международных и республиканских конкурсов. Гостей и посетителей ТРЦ «Рио» ждал великолепный часовой концерт и угощение баурсаками.
Пришедшие с особой теплотой встречали каждый выход артистов, сопровождая выступления эмоциями и аплодисментами.
При поддержке управления культуры Акмолинской области в торгово-развлекательном центре «РИО» впервые в рамках проекта «Ғасырлар үні», направленного на поддержку креативной индустрии, была организована «Зона space», где вниманию жителей Кокшетау предложены были выставка национальной кухни «Ұлт дәмі» и мастеров декоративно-прикладного искусства.Как добавили в управлении культуры Акмолинской области, всего в регионе пройдет более 5000 праздничных мероприятий. Так, с 13 по 23 марта запланированы интересные проекты, среди которых проведение исторической реконструкции древних традиций, фестивалей «Наурыз коже», семейных ансамблей, национальных инструментов, конкурсы «Келіндер», «Әжелер», благотворительные выездные концерты, акции, конкурсы детского творчества, челленджи национальной кухни, орнаментов и одежды, а также многое другое.
Масштабные празднования пройдут и районах области. К примеру, в ауле известного поэта, акына Биржан сала состоятся театрализированная постановка, состязания по национальным видам спорта, посвященные 190-летию известного казахского композитора.
В последний день декады во всех районах области пройдет общенациональная экологическая акция.
В Акмолинской области началось празднование Наурыза
В этом году в Акмолинской области Наурыз мейрамы проходит в новом формате. Праздничная декада Наурызнама охватывает широкий временной интервал с 14 по 23 марта, и каждый день будет посвящен соответствующей тематике, передает управление внутренней политики.
Первый день Наурызнама начался с «Көрісу күні». Следуя древней традиции, впервые акмолинские артисты приветствовали своих коллег из Северо-Казахстанской области на границе двух регионов после долгой зимы.Песней и теплыми словами встретили соседей ведущий солист областной филармонии имени Үкілі Ыбырай Жанат Есов, коллективы фольклорного ансамбля «Айнаколь» и лауреат международных конкурсов ансамбля танца «Гәкку».
«Такой яркий праздник, который служит примером дружбы, имеет большое значение. Поэтому на сегодняшнем мероприятии от всей души поздравляем всех с «Көрісу күні»,- приветствовала коллег руководитель управления культуры Айгуль Сабитова.
Сегодня настоящий праздник устроил жителям областного центра в первый день декады празднования Наурыз мейрамы фольклорный ансамбль «Кербез сулу», имеющий 25-летнюю историю, лауреат международных и республиканских конкурсов. Гостей и посетителей ТРЦ «Рио» ждал великолепный часовой концерт и угощение баурсаками.
Пришедшие с особой теплотой встречали каждый выход артистов, сопровождая выступления эмоциями и аплодисментами.
При поддержке управления культуры Акмолинской области в торгово-развлекательном центре «РИО» впервые в рамках проекта «Ғасырлар үні», направленного на поддержку креативной индустрии, была организована «Зона space», где вниманию жителей Кокшетау предложены были выставка национальной кухни «Ұлт дәмі» и мастеров декоративно-прикладного искусства.Как добавили в управлении культуры Акмолинской области, всего в регионе пройдет более 5000 праздничных мероприятий. Так, с 13 по 23 марта запланированы интересные проекты, среди которых проведение исторической реконструкции древних традиций, фестивалей «Наурыз коже», семейных ансамблей, национальных инструментов, конкурсы «Келіндер», «Әжелер», благотворительные выездные концерты, акции, конкурсы детского творчества, челленджи национальной кухни, орнаментов и одежды, а также многое другое.
Масштабные празднования пройдут и районах области. К примеру, в ауле известного поэта, акына Биржан сала состоятся театрализированная постановка, состязания по национальным видам спорта, посвященные 190-летию известного казахского композитора.
В последний день декады во всех районах области пройдет общенациональная экологическая акция.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Жаңа заң жобасы қандай жаңалықтарды ұсынады және тұтынушылар қандай өзгерістер күтеді?
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындатұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы жүйесі жұмыс істейді. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның нормаларында бірінші кезеңде тұтынушының құқықтарды бұзу туралы шағыммен тікелей кәсіпкерге жүгіну құқығы көзделген. Егер шағымды кәсіпкер тұтынушының пайдасына қарамаса, екінші кезең - медиаторға немесе төрешіге жүгіну. Сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда үшінші кезең – тікелей мемлекеттік органға, яғни департаментке жүгіну. Тек төртінші кезеңде тұтынушы сотқа жүгіне алады.
Егер барлық үш кезең өтпесе, сотта тұтынушының талап-арызы қаралмайды.
- Келесі негізгі өзгерістерді ерекше атап өтуге болады:
1. тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы алгоритмін реформалау;
2. шағымдарды қараумен, кеңес берумен айналысатын, осы саладағы қоғамдық институттарды үйлестіретін және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу;
3. заң жобасында кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу көзделеді;
4. адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұтыну үшін тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және өзге де қызмет көрсету салаларына тарату ұсынылады;
5. сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіру күшейтілетін болады.
Егер тұтынушылардың құқықтары бұзылса және жағдайды сотқа дейінгі тәртіппен шешу мүмкін болмаса, кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылады. Айыппұл мөлшері-тұтынушының талап қою сомасының 10-нан 50% - на дейін. Сонымен қатар, талап қою сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері соғұрлым көп болады, бұл кәсіпкерлерге бұзушылықтарды сотқа жеткізбестен өз еркімен және жедел жоюға ықпал етеді.
Омбудсмен институтын енгізуге келетін болсақ, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелік проблемаларды анықтап, оларды республика деңгейінде жариялайтын болады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
Кітапханашылардың аудандық семинары
26-ақпан 2024 жылы, аудандық кітапхананың оқырман залында кітапханашылармен "Табыс. Мәселе. Перспектива: кітапхананың 2023 жылғы қызметіне шолу және 2024 жылға арналған перспектива" тақырыбында аудандық семинары өтті.
Семинар мақсаты – жұмыс қорытындысын жасау, кітапхана қызметі тапсырмаларының кешенді шешімдеріне байланысты теориялық әдістемелік және тәжірибелік мәселелерді талқылау: кітап қорын қалыптастырудағы актуалды мәселелер.
Семинарды ОКЖ басшысы – Сейтбек Ж.Д. мен ОКЖ әдіскері – Муратова Р.Р. ұйымдастырды. Шараға: Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары – Жекебатырова М.Ж., балалар, аудандық және ауыл кітапханаларының кітапханашылары қатысты.
Кітапханашылардың аудандық семинар бағдарламасы бойынша: ОКЖ әдіскері– Регина Рафаиловна «2023 жылғы есеп және 2024 жылғы бағыт», Б. Соқпақбаевтың «Бір ел- бір кітап» акциясына байланысты Отрадное ауылы кітапханасының кітапханашысы Светлана Витальевна, Уәлихан ауылы кітапханасының кітапханашысы Любовь Викторовна және Львов ауылы кітапханасының кітапханашысы Наталья Константиновна видеоролик көрсетіп, жазушы және оның шығармасы туралы шағын мәлімет айтылды, алпрограммист – Айнұр Кенжебекқызы «Кітапхананы әлеуметтік желілерде насихаттау» деген тақырыпта презентация көрсетіп, инстаграм парақшасын қалай тиімді пайдалану және де «қызықты видеоролик» қалай түсіру керектігі жайлы кітапханашыларға тренинг көрсетті.
Кітапхана жұмысындағы басты мақсат, бұрынғыдай өскелең ұрпақты оқуға шақырып, жоғары буын өкілдері мен біздің ауданымыздың жұмысшылары арасында оқырмандық белсенділікті арттыру.
Қорытындылай келе, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары - Мария Жүсіпқызы, Жарқайың ауданы әкімінің атынан, ал Жарқайың ОКЖ басшысы Жұлдыз Дәулетқызы, өзінің атынан, алғыс хат және сыйлықтармен кітапханашыларды марапаттады.
ОКЖ библиографы: Бәкір Н.Қ.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
Аудан әкімдігінде Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан тұрғындары жылыту, тұрғын үй беру, ауылды оңтайландыру мәселелері бойынша жүгінді.
Қабылдауға жүгінген азаматтарға Жарқайың ауданының әкімі, заңға сәйкес барлық мәселелер бойынша түсіндіріп, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларына азаматтардың өтініштерін шешу бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы тиісті тапсырмалар берді.
Жарқайың ауданды әкімінің баспасөз қызметі.
Құрметті жарқайыңдықтар!
Баршаңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Талай тар жол тайғақ кешкен тағдырларды өз шаңырағының астына біріктіріп, қамқор қарлығаштай, барша ұлт өкілдерін бауырына басқан Отанымызда атап өтілетін осынау меркенің маңызы зор.
Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.
Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайтуымыз қажет.
Қымбатты жерлестер!
Бақыт бағалай білгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан – Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын!
Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
1 наурыз
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1 сағатқа кері ауыстырылады.
Осыған байланысты Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.
1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі.
Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ.
Сондай-ақ жолаушылар пойыздары туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі немесе @ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы тегін алуға болады.
Авиакомпаниялар авиабилеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізіп, ресми сайттарда және авиакомпаниялардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетіліп жатыр.
Жолаушыларға бұрын сатып алынған билеттердегі түзетулер туралы хабарламалар және ұшудың жаңа уақыты көрсетілген жаңартылған билетті қалай жүктеу керектігі туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар жеке ескертулер жіберілді.
Осы ретте «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жанында +7 7172 79 82 14, +7 7172 79 82 13 нөмірлері бойынша «жедел желі» ашылғанын айта кеткен орынды. Рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуежайлардың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуға болады:
Air Astana - + 7 7272 44 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
FlyArystan - +7 7273 31 10 10 (WhatsApp +7 702 702 0227);
SCAT - +7 7252 99 88 80;
Qazaq Air - + 7 7273 56 14 14.
Жалпы уәкілетті органмен көлік саласындағы жұмыстың штаттық режимде жүзеге асырылуы мен азаматтардың ыңғайлылығы үшін тиісті шаралар қабылданды.
Алтын құрсақты Рахима Сұлтанова 85 жасқа толды
Рахима Сұлтанова ауданымызда Рая есімімен танылған апамыз, көп балалы, алтын құрсақты анамыз 85 жасқа толып отыр. 50 жасында шіттей 10 баламен жесір қалып, жолдасынан жеткен аманатты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қоғамда өз орнын табатындай өсіріп, ер жеткізді. Олар: Пәриза, Мәрзия, Мапруза, Гульнара, Сауле, Жанна, Бибігүл, Алмагүл апаларымызбен Сағынтай және Серік ағаларымыз.
Рахима апа 1939 жылы 9 ақпанда Далабай (Братолюбовка) ауылында дүниеге келген. Есін білгеннен Есіл қаласында тұрып, бой жетті. Сол жерден өніп-өсіп, Қадеш ағамызды кездестіріп, бір сыныпта оқып, отбасын құрған. 11 құрсақ көтерген. Алланың жазуымен 1 баласы жастайынан шетінеген. Бүгінде 8 қыз 2 ұлы өз алдына үбірлі-шүбірлі болып отыр. 10 баладан 25 немере 19 шөбересі бар. Мерейтой қарсаңында ақ жаулықты, алтын құрсақты анамыздан сұхбат алуды жөн көрдік.
- Сәлеметсізбе! Әуелгі сұрақты бала кезіңізден бастасақ. Себебі адамның буыны қатайып, келешекте парасатты болуының бастауы осы балалық шағынан болса керек.
- Сәлеметсің бе? Мен негізі осы Далабай ауылының тумасымын. 3 жасымызда әкемнің жұмысымен Есіл ауданы Красивый ауылына көштік. Әкем Қажыкен - қазақ, анам Тұрлыбекова Бәтима(Татьяна) -орыс. Әкесі Рекин Максим Егорович деген кісі. Рекин Егор әйелі екеуі 4 баласымен Қорғалжыннан өтіп бара жатқанда атын тұсаулап жібереді. Тойған жылқы су ішемін деп өзенге кетіп өлет. Арбада қайық қана болат. Сол уақытта жақын маңдағы ауылдың болысы бұл кісілерді ауылға апарып, қой сойып, тамақтандырып, саманнан үй салып берген. Ашаршылық уақытта нағашы атам білдей ауылды балықпен асырапты. Негізі анам 16 құрсақ көтерген. Өкінішке қарай, ол уақытта медицина қатты дамымаған кез. Соның 11-і шетінеп кетті. 5 бала аман-есен қалдық. Содан Есіл қаласындағы №83-ші мектепте оқыдым. 7,5 сыныпты ғана аяқтадым. Оған себеп, мінезімнің өткірлігі болды. Ол уақытта бойым ұзын, тік мінезді жалғыз қазақ қызы болатынмын. Сыныптастарымнан екі жасқа үлкен едім. 7-ші сыныпта бақылау жұмысты орындап отырғанда алдымдағы бала менен бақылау жұмысты көшіретін болған соң алға қарауын өтінген болатынмын. Артынша бетіме қолындағы сиясын шашып жіберді. Үсті-басым бүлініп, сия-сия болдым. Ашуға булығып, қолымдағы сызғышпен ұрып қалып едім, жанағы баланың басы жарылып қалды. Кейін мұғалім келіп, түсініспей қалдық. Сөйтіп үйге келіп әкеме: «енді мектепке бармаймын, сабақ оқымаймын» -деп мектептен 7 –ші сыныпта шығып кеттім. Мектеп директоры шақырып мән-жайды анықтады. Мұғалім енді маған дұрыс көзбен қарамасын біліп, оқуды тастадым. Мектептен кеткен соң үйден едәуір қашық жерде (Быткомбинат) тігін цехы бар тұғын. Сонда тігінші болып жұмыс істедім. Тігін машинасы жетпеген соң үйдегі анамның аяқ машинасын иығыма салып алып, жұмысқа апарып сонымен тігетінмін. Бір күні 5 ай өткен соң анам машинаны үйге әкел, үйгеде керек деген соң тігін цехынан шықтым. Ол кезде маған 18 жасыма 2 ай жетпей тұрған кез еді. Кейін көрші құрбым Таися Савина ұсыныс тастады. Бастығы қазақ көрінет. Әкеме айттым барып сөйлес деп. Артынша әкем сөйлесіп, 1 ай тәжірибеден өтіп, емтихан тапсырып, теміржолға таразыға жұмысқа орналастым. 1960 жылы атамның жұмыстарымен Державинге көшіп келдік. Ол кісі малсою цехының директоры болды.
- Державиндегі өміріңіз қандай өзгерістер әкелді. Сіңісіп кете алдыңыз ба?
- Мында көшіп келгенде темір жолда жұмысымды жалғастырдым. Балаларымның арасы жақын болды. Сол кезде орыстың келіншектері бала туа берсін деген соң намыстанып, жұмысқа шықпай қойдым. Дегенмен қайтадан жұмысқа шығып, зейнетке дейін теміржолда істедім. Бұл жаққа келгенде екі қызымыз болды Пәриза мен Мәрзия. Жолдасым әр балаға қатты қуанатын. Сағынтайды босанғанда төбесі көкке жетті. 50 жасымда зейнетке ерте шықтым. Күйеуім ауруханаға көп қаралмайтын. 1989 жылы 50 жас 6 айында асқазан жарасынан қайтып кетті. 10 баламен қалдым. Алайда қатты қиналған жоқпын. Балаларымның алды артындағы сіңілілері мен інілеріне қамқор болды. Зейнетке шықсам да орталық базарда жұмыс жасадым. Сатушылардың берген жемістерін үйге әкеліп түрлі тосап дайындайтынмын. Тәуелсіздік жылдары жерді жекешелендіру басталғанда үлкен ұлыма жер алуды ұсындым. Өйткені, қыздар өсіп келе жатыр, алды тұрмыста, әкелерің қайтқан соң үйдің ер азаматы сендерсіндер деп, әкімдікке кіріп жер алып, қарызданып-қауғаланып бидай алып, егін ектік. Мафрузаның күйеуі Камаз берді. Солай шаруашылық дөңгеленіп кетті. Кіші ұлым Серік Көкшетауда пракурордың көмекшісі болды. 4 жыл бұрын еңбек демалысына шықты. Сосын жаныма алдырып алдым. Қазір Далабай ауылында әкім қызметінде.
- Жас отбасыларға қандай кеңес айтасыз? Балаларын қалай тәрбиелеу керек?
- Әр заманның өзіне сай өмір сүру керек. Біздің уақытта көп бала таптық. Ол уақытта үлкендерінің киімін қалғандары жуып киіп жүре беретін. Қазір бұл жағы қиын, бәсеке, әрқайсысы жаңадан алуы керек. 5 бала табатын келіншектерде азайды. Бізде қыз бала көп болғансоң барлығына қатаң болдым. Мектепке барып, сабақтарын қадағалап жүрдім. Түрлі байқауларға киім пішіп берем болмаса, мәдениет үйінен киім әкеліп беретінмін. Би кештеріне жібермейтінмін. Барғанын көрсем шыбықпен сабайтынмын. Солай ешқайсысы бізді жерге қаратқан емес. Әр қайсысымен мақтана аламын. Өздері «Стенгазет» шығарып жүрді. Жақсы оқитындары ұшақпен, орташасы тікұшақпен нашарлары тасбақамен жүретін. Қазіргі заманда ұлтымыздың құндылықтарын үйрету керек. Себебі балалардың барлығы телефонның ішіндегі өмірді сүруде. Тіліміз ұмытылып бара жатыр.
- Арманыңыз бар ма? Жас аналарға, халқымызға тілегіңіз қандай?
- Арманым сол: еліміз тыныш болса, ұрпағымыз енді қолдары ауызына жеткенде соғыс көрмей, бақытты ғұмыр кешсе екен. Басқа арманым жоқ. Халықымызға ауызбіршілік, ынтымақ, татулық тілеймін.
- Рахима апа, сүбелі сұхбатыңызға рахмет. Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз. Мерейтойыңыз тағыда құтты болсын дегіміз келеді.
Құрметті оқырман, Рахима апа халқымызға белгілі «Дударай» әнінің басты кейіпкері Мария Жагорқызының (Егор) тікелей жиен ұрпағы болып келеді. Нағашы атасы: Максим, Павел, Федор, Алексей және Мариям бірге туады. Бұл жайлы газетіміздің келесі санында Рахима апаның айтқан сөзінен баяндайтын боламыз.
Сұхбаттасқан: «Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.