
zharkain
Ақмола облысы агросектордағы көшбасшылық позициясын нығайтуда
Ақмола облысы Қазақстанның негізгі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі ретінде, ауыл шаруашылығы бойынша жоғары өсімді көрсетіп келеді. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 45,3% - ға артып, 920 млрд теңгеге жетті.
Өткен жыл рекордтық астық өнімділігімен ерекшеленіп, 6,6 млн тонна астық жиналды. Бұл бүкіл республикалық көлемнің төрттен бірін құрайды. Өнімділік гектарына 14 центнерге жетті. Жақсы нәтижелерге, соның ішінде минералды тыңайтқыштар көлемінің екі еседен астам ұлғаюы (2023 жылы 111 мың тоннадан өткен жылы 259 тоннаға дейін), сондай-ақ элиталық тұқымдар алқаптарының кеңеюі әсер етті.
Ақмола аграршылары жоғары сапалы астықты шетелге белсенді экспорттауды жалғастыруда. Жыл сайын Қытайға, Иранға, Еуропа мен Орталық Азия елдеріне шамамен 2,5 млн тонна жөнелтіледі. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеңілдетілген несие берудің мемлекеттік бағдарламалары айтарлықтай қолдау көрсетеді. Мәселен, 2024 жылы "Кең Дала" және "КеңДала-2" бағдарламалары аясында 60 млрд теңгеге 600-ден астам шаруашылық қаржыландырылды.
Мал шаруашылығы саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Ақмола облысы құс етін өндіру бойынша жетекші орында. Жылына 125 мың тонна (республикалық көлемнің 28%) және тауық жұмыртқасын – 690 млн дана (16%) сақтап отыр. Өткен жылы инвестициялық кредиттеу бағдарламасы аясында өңірде жалпы сыйымдылығы 5,4 мың бас болатын бес ірі сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, бұл сүт өндірісін 40 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 1,2 мың басқа арналған тағы екі МТФ құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу белсенді дамып келеді. Облыста өткен жылы 252 млрд теңгеге өнім шығарған 67 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Сүт, өсімдік майы және ұн өндірісі айтарлықтай өсті.
Астананың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады, бұл өңірге Астананы 30% - дан астам ет және сүт өнімдерімен, сондай-ақ тағамдық жұмыртқаның 80% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шамамен 2 млн адам тұратын агломерация халқының өсуі Ақмола облысын азық-түліктің негізгі жеткізушісі етеді.
2024 жылы өңірдің агросекторын мемлекеттік қолдау 140 млрд теңгені құрады, оның ішінде 46,4 млрд теңге субсидиялар мен 93,5 млрд теңге жеңілдікті кредиттер. Жаңа егіс маусымына белсенді дайындық жүргізілуде. Оған 540,2 мың тонна тұқым дайындалды, ал ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 80% - дан асады.
Қабылданған шаралар өңірге елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып және экспорттық әлеуетті кеңейте отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
М.С.Балпан
Астық экспорты
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.
Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады. Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.
Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды.
Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.
Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.
«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.
Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
Кешенді жоспар өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және жеңілдетілген несиелер беруге бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 тауар түрі бойынша ішкі нарық 100%-ға (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр) қамтамасыз етілді. Ал 13 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз етілуі 80%-ды (тауық жұмыртқасы, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, май, алма) құрайды.
Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайтын 570 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 152,1 млрд теңгеге 105 жоба, сүт-тауарлы фермалар салу бойынша – 263 млрд теңгеге 101 жоба, құс шаруашылығында – 397,7 млрд теңгеге 31 жоба, қайта өңдеу саласында – 582,6 млрд теңгеге 108 жоба жоспарланған.
АӨК-ке инвестициялар тарту экономикалық өсуге ықпал етіп, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады.
Астық өндірісі мен экспортын ұлғайту аграрлық сектор өкілдерінің табысын арттырады.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту туралы тапсырмасы шеңберінде дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазақстан өңірдегі астықтың ірі экспорттаушысы және жыл сайын шамамен 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы бидай құрайды. 2024 жылы 8,1 млн тонна экспортталды.
Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия сияқты дәстүрлі нарықтар, барлығы 24 ел. Иран мен Әзірбайжанға жөнелтулер жандандырылды.
Мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі - «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге арналған және жалпы әлеуметтік мультипликативті әсер береді: әрбір жаңа агрожоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ете отырып, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашады.
Бағдарлама аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
2024 жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 млрд теңгеге 580 микрокредит берілді. 3,6 млрд.теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.
Азық-түлік қауіпсіздігі мен дәнді дақылдардың өнімділігі Қазақстан халқының экономикасы мен әл-ауқатына мультипликативті әсер етеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің, әлеуметтік саланың, халықаралық сауданың, ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің дамуына серпін береді.
Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін, отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Рекордные 26,7 млн тонн зерновых собрано в Казахстане в 2024 году
«Агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста. В этом заинтересованы и бизнес, и государство. Прежде всего, это важно с точки зрения обеспечения продовольственной безопасности. Жизнь и благополучие жителей села также напрямую зависят от состояния отрасли», - Касым-Жомарт Токаев, Президент Казахстана
В 2024 году по поручению Главы государства была решена проблема хронического недофинансирования отрасли.
Значительные средства были выделены на весенне-полевые, уборочные работы и лизинг сельхозтехники. Впервые объем льготного кредитования доведен до 580 млрд тенге под 5% годовых – в предыдущие годы данный объем не превышал 160 млрд тенге. Принятые меры позволили аграриям провести все необходимые агротехнические мероприятия в полном объеме. При этом доля используемых ими элитных семян выросла с 7,1% до 9%.
Малые и средние хозяйства, составляющие 90% заемщиков, получили необходимые ресурсы для развития.
В результате, в 2024 году впервые за последние 13 лет Казахстан собрал 26,7 млн тонн урожая зерновых и зернобобовых культур. Рост объемов производства в растениеводстве на 21,1% и в животноводстве на 3,2%способствовал увеличению объема валовой продукции сельского хозяйства на 13,7%, составив 8,3 трлн тенге.
Сегодня агропромышленный комплекс Казахстана обеспечивает занятость более 1,1 млн человек, что напрямую влияет на финансовое благополучие более 4 млн граждан.Сельское хозяйство становится не только важным экономическим сектором, но и основным фактором социальной стабильности.
«Стратегическая цель нашей страны – стать одним из ведущих аграрных центров Евразийского континента. Это невозможно без поэтапного перехода от первичного производства к выпуску продукции более высоких переделов», - Касым-Жомарт Токаев, Президент РК
По итогам 2024 года отечественное производство продуктов питания составило 3,2 трлн. тенге, индекс физического объема сложился на уровне 102,9%.
Доля переработанной сельхозпродукции составила 40%.Во исполнение поручения Главы государства по доведению доли переработанной сельхозпродукции до 70% утвержден Комплексный план по развитию переработки сельскохозяйственной продукции до 2028 года, в рамках которого в 2024 году введено в эксплуатацию 286 проектов на сумму 279, 6 млрд тенге, включая производство растительного масла и муки, что способствует не только удовлетворению внутреннего спроса, но и увеличению экспортного потенциала.
Комплексный план направлен на обеспечение перерабатывающих предприятий доступным сырьем и предоставление льготных кредитов, что в свою очередь будет способствовать росту экономики и улучшению социального положения населения.
В результате принятых мер по итогам 2023 года по 11 товарным позициям внутренний рынок обеспечен на 100% (мука пшеничная, соль, хлеб, рис, макароны, масло подсолнечное, картофель, баранина, говядина, морковь, огурцы), по 13 продтоварам обеспеченность составляет 80% (яйца куриные, конина, томаты, молоко, крупа гречневая, капуста, перец, лук, свекла столовая, кисломолочные продукты, масло сливочное, яблоки).
Для уменьшения импортозависимости до 2027 года планируется реализация 570 проектов на сумму 2,1 трлн.тенге, что создает дополнительные возможности для улучшения социальной инфраструктуры и повышения жизненного уровня в селах.
В том числе 105 проектов в сфере животноводства на сумму 152,1 млрд.тенге, 101 - по строительству молочно-товарных ферм на сумму 263 млрд.тенге, 31 – по птицеводству на сумму 397,7 млрд.тенге, 108 - по переработке на сумму 582,6 млрд.тенге.
Привлечение инвестиций в АПК также способствует экономическому росту, стимулирует развитие инфраструктуры в сельских населенных пунктах.
Увеличение производства и экспорта зерна повышает доходы представителей аграрного сектора.
В рамках поручения Главы государства об укреплении экспортного потенциала сельского хозяйства продолжается работа по сохранению традиционных рынков сбыта, диверсификации экспорта.
Казахстан является крупнейшим экспортером зерновых в регионе и ежегодно экспортирует порядка 8-9 млн тонн зерновых, из которых 6,5-7,5 млн тонн составляет пшеница. В 2024 году экспортировано 8,1 млн тонн.
Традиционными рынками являются страны Центральной Азии, Афганистан, Китай, Турция, Иран, Италия, всего 24 страны. Возобновлены поставки в Иран и Азербайджан.
Одним из важнейших шагов государственной политики является программа «Ауыл аманаты». Программа призвана повысить уровень жизни сельчан и в целом, производит социальный мультипликативный эффект: каждый новый агропроект создает на селе новые рабочие места, способствуя снижению уровню безработицы.
В рамках программы с 2023 года создано свыше 16,4 тысяч рабочих мест.
В 2024 году выдано 580 микрокредитов на сумму 6,5 млрд. тенге с созданием 744 новых рабочих мест, профинансировано 145 сельхозкооперативов на сумму 3,6 млрд. тенге.
Продовольственная безопасность и урожайность зерновых культур оказывают мультипликативный эффект на экономику и благосостояние населения Казахстана, дают толчок развитию перерабатывающей промышленности, социальной сферы, международной торговли, производству сельскохозяйственной техники.
Государство продолжает работу по обеспечению продовольственной безопасности страны, повышению производительности труда, конкурентоспособности отечественной продукции на международных рынках.
2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов
Жол жөндеу және жол бойындағы қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту: 2025 жылы Ақмола облысындағы автокөлік жүргізушілерін не күтіп тұр
Автокөлік жолдарының сапасы өңіртұрғындарының өміріне тікелей әсер етеді. Жақсы жолдар жол жүру уақытын қысқартып, көлік жөндеуге кететін шығындарды азайтып, сапарды жайлы әрі қауіпсіз етеді. Тегіс жол адамдарға жұмысқа, мектепке, ауруханаға және дүкенге тез әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді.
Бұл тұрғыда Ақмола облысының жергілікті билігі жол инфрақұрылымының сапасына үлкен көңіл бөліп отыр. 2025 жылы облыста 450 шақырымнан астам автожолды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, жергілікті автокөлік жүргізушілері үшін жол бойы қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту да жақсы жаңалық болып табылады.
«Республикалық маңызы бар жолдар бойында сервистік қызмет көрсетілетін 186 нысан орналасқан. Оның 158-і ұлттық стандарттарға сәйкес келсе, қалған 29-ы осы стандарттарға сәйкестендірілуде», - деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов.
Соңғы 10 жылда өңірде 1000 шақырымнан астам жол жаңартылды. Олардың ішінде «Астана – Петропавловск», «Астана – Павлодар», «Астана – Қарағанды» сынды негізгі көлік дәліздері бар.Өткен жылы облыстық және республикалық маңызы бар 800 шақырым жол жөнделді.
«Қазіргі таңда «Жезқазған – Петропавловск», «Макинск – Ақсу – Торғай», «Көкшетау – Атбасар» және басқа маңызды бағыттар бойынша күрделі және орташа жөндеу жобалары жүзеге асырылуда», - деп қосты спикер.
Жол инфрақұрылымын дамыту бизнес пен инвестицияларды тартып, жұмыс орындарын құруда және өңір экономикасын жақсартуда үлкен орын алады. Мәселен, өткен жылы жүк тасымалдау көлемі 20 пайызға артып, 103,8 млн тонна жүк тасымалданды.
Жақсы жолдар – бұл тек жайлылықтың кепілі ғана емес, өңірдің өмір сүру сапасының, қауіпсіздігінің және дамуының негізі!
Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады
«Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек» -
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті.
2024 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
7 мың шақырым жолдың құрылысыаяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарындақұрылыс жұмысы бітті. Жобаларды іске асыру көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, жолдың өткізу қабілетін арттыруға, ел аймақтары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеу жұмыстарының ең көп көлемі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орындалды. Қостанай облысында 655 шақырым жол, Солтүстік Қазақстан облысында 611 шақырым, Шығыс Қазақстан облысында 305 шақырым, Ақтөбе облысында 301 шақырым, Павлодар облысында 272 шақырым жұмыстары аяқталды.
Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандық компания қатысты. Жол-құрылысына пайдаланылған материалдардың ішінде отандық өнімнің үлесі шамамен 96%-ды құрады. Жүргізілген жұмыстардың арқасында жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы ұлғайып, республика бойынша орта есеппен 89%-ға жетті. Салыстырамалы түрде 2019 жылы бұл көрсеткіш 68% құраған.
Үш ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Орталық Азиядағы ең ұзын деп танылған Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағы қос жолды тоннел жәнеАлматы облысындағы Шамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.
Әр нысанның өз артықшылығы бар. Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жеті ауданды байланыстырады. Көпірді көлікпен өту уақыты 4 минутты құрайды.Түркістан облысындағы жалпы ұзындығы 840 метр құрайтын Шақпақ баба асуы арқылы тоннел қолайсыз ауа райына қарамастан үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Алматы облысындағы Шамалған станциясындағы өткелдің ұзындығы 6 шақырымды құрайды, теміржол өткелі көліктердіңқауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.
2024 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және т.б. туристік орындарға дейін көлік қозғалысыашылды.
Қазақстанда жалпы ұзындығы 1100 шақырымқұрайтын үш ірі темір жол құрылысы жүзеге асырылуда: «Достық – Мойынты», «Алматы айналма темір жолы» және «Дарбаза – Мақтаарал» бар. Жобаларды жүзеге асыру қазақстандық өнімнің үздіксіз экспорттыкеңейтуге мүмкіндік беріп, елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе артады. Сонымен қатар, биыл Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтағы теміржол желілеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. «Дарбаза-Мақтаарал» жобасы Оңтүстік Қазақстан өңірін халықаралық транзиттік дәліздерге жалғайтын болады.
2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон сатып алынды.
Бүгінгі таңда осы темір жол жобаларын салу шеңберінде шамамен 2,7 мың жұмыс орны ашылып, 1,4 мыңнан астам техникажұмылдырылды. Теміржол желісін салу және қайта құру ел экономикасының дамуына серпін береді.
Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:
• «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым),
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ -ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ
Балалардың мүдделерін қорғау - және құқықтарынқамтамасыз ету Қазақстанның мемлекеттіксаясатының басым бағыттарының бірі. Тәуелсіздікжылдары балалар мен жасөспірімдердің құқықтарымен кепілдіктерін реттейтін елуге жуық нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.
Ақмола облысы бойынша балалардың құқықтарынқорғау және олардың қауіпсіздігін сақтау бойыншақажетті шараларды жасау мақсатында балалардызорлық – зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алужәне олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасызету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешендіжоспарды іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітілді. Кешенді жоспар денсаулықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балаларымызға сапалыбілім беру және әлеуметтік кепілдіктер берумәселелеріне жауапты барлық мүдделі мемлекеттікоргандармен және ұйымдармен өзара іс-қимылдыкөздейтін 4 бағыт пен 50 іс-шарадан тұрады.
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамныңерекше назары жетім балалар мен ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетугебағытталған.
Облыста 1254 жетім және ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 1014 - і отбасылармен қамтылған (қорғаншылық/қамқоршылық - 908, патронаттық тәрбиеде - 93, асырап алу отбасында - 13). Бүгінгі таңда 174 балаинтернатта.
Соңғы 3 жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан244 жетім бала пәтер алды.
Жетім балаларды отбасына орналастыру мақсатындақамқоршыларға, патронат тәрбиешілерге, асырапалушы ата-аналарға үміткерлер Ақкөл қаласыныңбалаларды қолдау орталығы жанындағы асырап алушыата-аналар мектебінде оқытудан өтіп консультациялықкөмек көрсетеді.
Жетім балалардың бақытты балалық шағы ментолыққанды дамуын қамтамасыз ету, отбасылық сеніммен жылулық атмосферасын құру, оларды қоғамдатабысты әлеуметтендіру мақсатында 2024 жылызаңмен балалардың отбасылық құрылымының жаңанысаны-асырап алынған кәсіби отбасы енгізілді.
Асырап алатын кәсіби отбасыларға жіберілетінбалалардың санаты нақтыланды, бұл жетім балаларжәне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, панасыз, қараусыз қалған балалар, сондай-ақ әлеуметтікбейімделуге және әлеуметтік депривацияға әкелген,қатыгездікке ұшыраған балалар.
ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес кәсібитәрбиешілерді қабылдаудың шекті жасы – 63 жасболып анықталды.
Асырап алушы кәсіби тәрбиешілер қорғаншылықжәне қамқоршылық органдарына балаларды қандасотбасыларына, ал мұндай мүмкіндік болмағанжағдайда қазақстандық азаматтардың отбасыларынақайтаруға жәрдемдесуге міндетті.
Асырап алушы отбасыларда тәрбиеленетінбалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындақорғаншылық және қамқоршылық органдарына алдынала ескертусіз осы отбасыларға олардың тұрғылықтыжері бойынша баруға құқық берілді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсызқалған балалардың туыстарына оларды тәрбиелеугебасым құқық берілді.
Сонымен қатар, балаларды қолдау орталықтарыасырап алушы кәсіби отбасыларды сүйемелдеу, оларғақұқықтық, консультациялық және психологиялықкөмек көрсету құзыретіне ие.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарыныңштат санының нормативі алғаш рет бес мың баласанына кемінде бір маман қатынасында айқындалды. 2025 жылы облыста қорғаншылық және қамқоршылықоргандарының штаты 51 адамды құрайды, 2023 жылыштат 36 адамды құрады.
Бұл шара балаларды қорғау жүйесін сапалыжақсартуға және әрбір балаға уақтылы көмеккөрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, облыста «Мейірім» қайырымдылықакциясы бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда қайырымдылық жасаушылар жетімбалалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың (6 бала) шоттарына шамамен 500 мыңтеңге сомасын аударды. 15 балаға «Отбасы банкіне»шоттар ашылды.
Қазіргі білім берудің басты міндеті - дені сау, мақсатты, саналы, рухани бай және адамгершіліктұлғаны тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Түркістанда өткен «Әділетті Қазақстан – Адалазамат» ұлттық құрылтайының екінші отырысындабалаларды тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Осы міндеттерді іске асыру үшін 2024 жылдыңқыркүйегінен бастап облыстың барлық білім беруұйымдарында 6 бағыт бойынша "Біртұтас тәрбие" тұжырымдамасын іске асыру жүргізілуде. Бұлбағдарлама Білім Министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 294 бұйрығымен бекітілген. Бірыңғайтәрбие бағдарламасының міндеті балалардыңсанасына жалпыұлттық құндылықтарды, патриотизмді, еңбекқорлық пен жауапкершіліктітәрбиелеу болып табылады. Тәрбие жұмысыменбарлық санаттар мен жас ерекшеліктері қамтылған: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балалары, оқушылар мен студенттер.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында «ТОҒЫЗАЙҒА - ТОҒЫЗ ІС-ШАРА» бағдарламасы және «ТӨРТТОҚСАН - ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени – ағартужобасы іске асырылуда, аталған жұмыс бағыттарыбалаларға көпмәдениетті тәрбие беруді дамытуда. Оқужылының басынан бері барлық білім беруұйымдарында 200 мыңға жуық балалар мен жастардықамтитын 50 мыңға жуық іс-шара өткізілді.
Білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарымен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша жеделжүгіну үшін QR-коды бар «Bala Qorgau» жеделхат-чаты, «111-AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланысорталығы туралы ақпарат орналастырылған. Аудандардың (қалалардың) білім бөлімдері жанынан20 сенім телефоны, білім басқармасы жанындағысенім телефоны, колл-орталық, балалар мен ата-аналарға арналған "Көмек аумағы" облыстықжеделхат-чаты жұмысы ұйымдастырылды.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пенбуллингке қарсы «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалықакциясы ұйымдастырылды. (бейнероликтер, жадынамалар әзірленді, семинарлар, дәрістер, тренингтер және т.б. өткізілді).
Кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз қолайлыжағдайлар жасау мақсатында барлық мемлекеттікжалпы білім беретін мектептерде және 29 колледждепсихологиялық қызметтер құрылды, білімбасқармасының әдістемелік орталығында облыстыңбарлық психологиялық қызметінің қызметінежетекшілік ететін психологиялық қызмет бөліміжұмыс істейді.
Мектеп пен ата-аналар жұртшылығының өзара іс-қимылының жаңа бағыттарының бірі ата-аналардыпедагогикалық қолдау орталықтары мен «Даналықмектебі» клубтарын іске асыру болды. Қазіргі уақыттамұндай жұмыс түрі әр мектепте 117 мыңға жуық ата-ананың қатысуымен жүргізіледі.
Балаларды тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігі жәнеолардың құқықтарын қорғау мәселелері әрбір жасқазақстандықтың әлеуметтік кепілдіктерінің маңыздыаспектісі болып табылады.
Ақмола облысы әкімініңорынбасары
Д. Е. Айтбаев
Жайлы мектеп
Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылады. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігін балалар құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 6,8 млн. бала бар.
«Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.
Қабылданған үш заңдағы маңызды бастама – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуі үшін тәлімгерлер институтының құрылуы. Бүгінде 330-дан астам бала тәлімгерлермен қамтылып, қажетті көмек алуда.
Балалардың құқығын қорғаудағы негізігі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылып, кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктерден түсіріп кетуге тыйым салынды.
2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген.
Елдің әр өңірінде балалардың құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап қорғаншылық органдарында мамандарының саны 303-тен 692 адамға, яғни екі есеге артты. Қорғаншылық органдарының штаттық саны бойынша норматив бекітілді. Атап айтқанда, 5 мың балаға кемінде 1 маманнан бөлінді.
Елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім 17 660 бала қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.
2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
2024 жылдан бастап елімізде 627 балабақша ашылып, 93,1% бала мектепке дейінгі ұйыммен қамтылды. Соңғы 3 жылда балабақша кезегі 2 есеге қысқарған.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығы мен үш ауысымды оқу мәселесін тиімді шешіп келеді. Жоба жүзеге асырылған уақыттан бастап 105 жайлы мектеп қолданысқа берілді.
Сонымен қатар 2024 жылы 373 мың орынға арналған 257 мектеп қолданысқа берілді. Биыл 300 мың білім алушыға арналған 200-ге жуық мектептің құрылысы жүруде. Білім беру ұйымдарының қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 20 мыңнан астам нысан бейнебақылау жүйесімен жабдықталып, Жедел басқару орталықтарына қосылған. Барлық ұйымдарда дабыл түймелері мен турникеттер орнатылып, лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілді.
Мемлекет өскелең ұрпақ үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға басымдық беріп келеді. 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн. бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 162 млрд. теңге бөлінді.
«Жалпыға міндетті білім беру» қорының есебінен қосымша 22,5 млрд. теңге бөлініп, 510 мың бала мектеп керек-жарақтарымен қамтылды.
2025 жылдан бастап жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары да тегін тамақпен қамтылады. Жергілікті бюджеттен 25 мың баланы тегін тамақтандыру үшін 12 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.
Қазақстанда балалардың қосымша білім алуы, сапалы демалыс және сауықтыру ұйымдарымен қамтылуы үшін барлық жағдай жасалуда. Бүгінде 3,3 млн. бала түрлі бағыттар бойынша үйірмелерге, секцияларға қатысады.
2024 жылдың жаз мезгілінде 3,1 миллионнан астам бала 10 743 лагерьде сауықтыру демалысын өткізді.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру тек техникалық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді.
Мемлекет балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар қабылдады. Жоспар балаларға қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығын қамтиды. Оның аясында өңірлерде 20 психологиялық қолдау орталығы ашылып, 242 759 оқушы мен ата-аналарға көмек көрсетілді.
Барлық білім беру мекемелерінде буллингпен күрес жүргізу мақсатында Kiva және ДОСБОЛLiKe бағдарламалары енгізілді. Бұл шаралар мектептерде достық пен өзара сыйластық қарым-қатынасын құруға септігін тигізеді. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген жеке қауіпсіздік сабақтары енгізілді. 14,3 мыңнан астам білім беру қызметкері балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша оқытылды.
Сондай-ақ мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастық орнатуға, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдараламасы енгізілді.
Балалардың қауіпсіздігі – болашаққа жасалған қамқорлық. Бүгін ертеңгі елдің іргетасын қалайтын ұрпақты қалыптастырудамыз. Балаларға қамқорлық көрсете отырып, қауіпсіз әрі гуманист, мықты қоғам құрамыз.
Қазақстан балалардың жан-жақты дамуы және болашағының жарқын болуы үшін құқықтық базаны нығайтып, әлеуметтік қолдауды күшейте отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады.