г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

 

Соңғы жылдары Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бағытында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуда. Инвестициялық қолайлы ахуалды қалыптастыру және ірі халықаралық жобаларды іске асыру – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Қабылданған шаралар инфрақұрылымды дамытуға, стратегиялық экономикалық салаларды қолдауға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елдің экономикалық дамуы үшін инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті: «Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара».

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2024 жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 12,7 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (UN ESCAP) мәліметтері бойынша 2024 жылы Қазақстанда 15,7 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі жаңа жобаларға инвестиция тартылып, 2023 жылмен салыстырғанда 88%-ға өсті. Бұл Солтүстік және Орталық Азия өңіріндегі барлық инвестициялардың 63%-ын құрайды.

2024 жылы шетелдік инвесторлар жалпы құны 1,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 жобаны жүзеге асырды, бұл 6 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Маңызды жобалардың ішінде құны 50 млн АҚШ долларын құрайтын «Carlsberg» өндірістік алаңының ашылуын, инвестиция көлемі 450 млн АҚШ долларын құрайтын және 1000-нан астам жұмыс орнын ашатын вольфрам кенін қайта өңдеу бойынша «Жетісу Вольфрамы» зауытының бірінші кезеңінің іске қосылуын атап өтуге болады. Сондай-ақ Шымкентте «WAN SHENG CERAMIC» керамикалық плиткаларын өндіру және Қостанай облысында «SKODA» және «HONGQI» маркалы автокөліктерін ірі тораптық өндіру бойынша зауыттар ашылды. Алматы облысында жергілікті ауыл шаруашылығын қолдау аясында 160 млн АҚШ доллары көлеміндегі «PepsiCo» компаниясының жобасы да ерекше маңызға ие.

2024 жылы Мемлекет басшысының сапарлары аясында экономиканың негізгі салаларында бірқатар құжаттарға қол қойылды. «Power International Holding» катарлық компаниясы «Tele2», «Altel» және «Bereke Bank» сатып алу бойынша мәмілелерді аяқтады. «UCC Holding» араб инвесторы «КС-14» жаңа компрессорлық станциясын, «КС-14-Ақтөбе-Қостанай» магистральдық газ құбырын және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобаларын іске асыруда. Бұл жобалар инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Бұдан басқа «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Hassad Food» және «Tiryaki Agro» жобалық қуаты жылына 250 мың тоннаға дейін бидай және 100 мың тоннаға дейін бұршақ өндіретін Астанада астық өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Автомобиль жасау саласында 2025 жылы автомобиль өндірісін бастауды жоспарлап отырған «KIA», «Changan», «Haval» және «Chery» компанияларымен бірлескен жобалар ерекшеленеді.

Қазақстан Үкіметі реттеуші шаралардың ашықтығын арттыра отырып, жүйелі кедергілерді жою және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары бар басым тауашалардағы өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, «инвестицияларға тапсырыс беру» негізінде таргеттелген тәсілді қоса алғанда, инвестициялар тарту саласында жаңа тәсілдер енгізілді.

Инвестициялық штабтың жұмысы 50 млрд АҚШ долларынан астам сомаға жобалар бойынша инвесторлардың 115 проблемалық мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Оның көмегімен 2,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын алты инвестициялық келісімге қол қойылды, ал 2025 жылдың басынан екі келісімге қол қойылды және жалпы сомасы 7,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын жеті келісім бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мониторингінің ашықтығын, мәселелерді жедел шешуді және инвесторлар үшін кедергілерді азайтуды қамтамасыз ететін Ұлттық цифрлық платформа іске қосылды.

Бұл жетістіктер Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуал құруға және халықаралық аренада сенімді серіктес ретіндегі өз ұстанымын нығайтуға ұмтылысын айғақтайды.

IQanat Олимпиадасы Қазақстанның өңірлерін қамтуды жалғастырып жатыр, зияткерлік жарысқа енді Ақмола облысы қосылады. Үш күн ішінде өңір ауылдарының бірінші турдан сәтті өткен 400-ден астам оқушысы 1000 финалист қатарына кіру үшін тест тапсырып жарысады.

Биылдың басты ерекшелігі – Peer-to-Peerжобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі.

Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квесттерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanatжобасының 7 қатысушысы көмектесіп, олардың өз әлеуетін ашуына және алдағы академиялық міндеттерге дайын болуына ықпал етеді.

 

IQanat Олимпиадасы жыл сайын ауылдардың 50 000-нан астам 8-сынып оқушысын қамтиды. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat жай жарыс қана емес, ол Nazarbayev University, University ofChicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.

 

Екінші тур қорытындысында бүкіл ел бойынша 1000 финалист іріктеледі. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқу мүмкіндігіне ие болса, басқалары олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына енеді. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға интенсивті дайындалып, ағылшын тілін ІТ дағдыларды және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

 

IQanat Олимпиадасы білім сынағы ғана емес, сонымен бірге болашақ көшбасшыларға арналған ұмытылмас тәжірибе, шабыт пен жаңа мүмкіндіктер!

 

 

 

Среда, 19 марта 2025 04:37

Креативтілікке басымдылық

Бүгінгі таңда креативтілік өмірдің барлық салаларында сұранысқа ие. Креативті индустрияны дамыту экономиканы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таланттарды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, саланы ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасауды ұсынды.

Барған сайын өзара байланысқан әлемде шығармашылық салалар, соның ішінде өнер, мәдениет, медиа, дизайн және технология экономикалық, әлеуметтік және мәдени прогрестің маңызды драйверлеріне айналуда. Бұл салалар инновациялар мен шығармашылықты ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар жұмыс орындарын ашады, экономикалық өсуге және мәдени әртүрлілікті арттырады.

Бүгінгі күнде облыста барлығы 500-ден астам субъект тіркелген. Өңіріміз ұлттық киім тігу және аксессуарлар, музыкалық аспаптар, зергерлік, ағаш, сүйек және былғары бұйымдар жасау сияқты бағыттар бойынша көш бастап келеді.

Креативті индустрияны қолдау мақсатында шаралар қабылдануда. Оның ішінде әрбір облыс орталығында және ірі қалаларда осы индустрияның орталықтарын құру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері жөнінде көмек көрсету. Осыған байланысты Ақмола облысында келесі жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылы «Наурызнаманың» онкүндігі аясында «РИО» сауда ойын-сауық орталығында алғаш рет жетекші креаторлардың қатысуымен «Көшпенділер мұрасы» open space аймағы (қолөнершеберлерінің көрме-сатылымы және халық фольклорлық ансамбльдерінің концерті) ұйымдастырылды, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 8 наурыз халықаралық әйелдер күні аясында дәстүрлі түрде өткізілді.

«Көшпенділер мұрасы» open space аймағы аясында креаторлардың көрме-жәрмеңкесінде: құрақ көрпе, кимешек, қыз жасауын тігу шебері - Қарымсақова Ұлжалғас, сырмақ, ши, басқұрлар, шашақбау - Смағұл Кенжебай, «Күнтай құрақ»брендінің негізін қалаушы, құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын тігу шебері - Серікжанова Гүлнар, киіз басу шебері - Орынбаева Гүлнар, киізден аяқ киім басу шебері - Какимова Алма, саздан және киізден бұйымдар жасау бойынша шебер - Фризен Вера, қыздарға арналған бас киім тігу шебері - Досмағанбетова Шынар, ұлттық стильдегі зергерлік бұйымдар жасау шебері - Сұлтанова Жібек, ұлттық стильдегі балалар киімдерін тігу шебері - Муслимова Ғалия, табиғи тастардан, былғарыдан ұлттық стильдегі әшекейлер жасау шебері – Медетова Гайша, ұлттық әшекейлер жасау шебері - Саркина Әсем және Мұғжанова Гүлжанат, сәндік жастықтар жасау шебері-Серікжанова Гүлнар, саздан бұйымдар жасау шебері -Саттыбаева Анар.

Ақмола облысы Ұлы даланың ұлылығын, ежелгі дәстүрлер байлығын және көшпенділер мәдениетінің өшпес мұрасын жаңғырту мақсатында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Көшпенділер Әлемі»этноауылында өткен «Шығыс базарына» қатысып, өңіріміздің ұлттық бұйымдарды жасаушы 10 үздік шебері 5,0 млн. теңгеден астам сомаға өнімдерінсатты. Сондай-ақ, халықаралық спорттық жарыстар мен форумдарды өткізу аясында Бурабай, Зеренді және Қорғалжын аудандарының аумағында облыс креаторларының көрме – жәрмеңкелері өткізіліптұрады. Жыл сайын өңірімізде мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» қорынан 200,0 млн. теңгеге жуық сомаға гранттар мен субсидиялар бөлінетіні көңіл қуантады.

Өткен жылы ғана «Jeti Qazyna» зияткерлік ойынын іске асыру үшін жобаның авторы Байжолов Әсет 4,6 млн. теңге сомасында грантқа ие болды, сондай-ақ мансаптық орталықтар мен үйлестіру басқармасы арқылы «Бастау» жобасы шеңберінде бизнес идеяларды іске асыруға жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттар бөлінді.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы креативті индустрия субъектілерінің картасы мен тізілімін жасау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл бойы осы бағыттың өкілдеріне өнімдерді, қызметтерді коммерцияландыру бойынша оқыту семинар - тренингтерін өткізу, сондай-ақ, өңіріміздің әр ауданы мен қалаларында шығармашылық орталықтар мен хабтар құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында«Салтанат» сарайында орналасқан этно-шеберханасы өз жұмысын жүргізуде. Ағымдағы жылы Қосшы қаласының мәдени-демалыс кешенінде креативті орталық ашу жоспарланған(жеке инвестициялар есебінен құрылыс), сондай-ақ, Зеренді аудан орталығында музей ғимаратында сәулет және дизайн, туристік жобалар, фото, бейне және аудио контент, компьютерлік ойындар, қолданбалы өнер туындыларын, ойын және анимациялық фильмдер жасайтын кластер резиденттерін орналастыру көзделіп отыр.

Мұндай кеңістіктердің басты артықшылығы – серіктестер табу, шығармашылық ресурстарды біріктіру, әртүрлі бағыттардың түйіскен жерінде шығармашылық жобалар құру, синергия әсері бар ортаны қалыптастыру мүмкіндігі. Негізгі акцент -тұрғындар мен қонақтарды тарту, республикада шикізаттық емес экономиканы қалыптастыру.

Барынша жайлылық үшін кластер «Қаладағы қалалар» қағидаты бойынша – резиденттердің өмірі, жұмысы және демалысы үшін толыққанды инфрақұрылыммен құрылатын болады.

Адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этномәдени қозғалыстың ауқымды іс-шарасына облыс әкімдігі креаторлардың халықаралық және республикалық ауқымдағы жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысуы үшін тұрақты негізде жағдай жасайды. Оларға көрмелер мен шеберлер шығармашылығының өнімдерін сату үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында өткен БРИКС елдерінің креативті индустриялар саммитіне Ақмола облысының өкілдері қазақстандық делегация құрамында қатысты.

Халықаралық кездесудің негізгі мақсаты – шығармашылық сектордың экономикалық әлеуетін талқылау және ілгерілету, сәулет және урбанистика, ІТ, кино, видео және фотография, музыка, дизайнжәне қазіргі заманауи мода өнері сияқты бағыттарда желі құру және тәжірибе алмасу.

Өңірдегі дамуды одан әрі қолдау үшін «Даму»қорының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде креативті индустрия өкілдеріне грант бөлу және субсидиялау тұрақты бақылауда. Статистика көрсеткендей, тек 2023 жылы 13,5 млн.теңге сомасына 4 грант бөлінген. 2024 жылы КИ 4,6 млн.теңгеге 1 грант және «Бастау» жобасы шеңберінде бизнес идеяларды іске асыруға ісін жаңаданбастаған кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар бөлінді.

 

 

Айтбаев Досұлан Ерланұлы

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

«Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және бұл сала Мемлекет басшысының ерекше назарында. Экономиканың бұл стратегиялық маңызды секторы 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Негізгі мақсат – саланы қолдауға арналған заңнамалық және институционалдық шараларға, инфрақұрылымды дамытуға, қазақстандық креативті өнімдердің импортын арттыруға бағытталған.

Биыл Мемлекет басшысы «Креативті индустрияларды дамыту туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат креативті саланы дамыту бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін арттыруды қарастырады. Оның мақсаты – креативті индустрия өкілдерінің дамуына жағдай жасау.

Креативті экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі арнайы шаралар пакетін әзірледі.

Биыл Үкімет жанынан Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылмақ. Қордың негізгі міндеті – дарынды азаматтарды табу және қолдау, жобалар мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтердің экспортын алға жылжыту.

 Қор халықаралық нарыққа  шығаруға арналған креативті жобаларды дамыту үшін, түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын конкурс негізінде әзірлеп, іске асыратын болады.

Бұдан бөлек, Сенатта Қорды қаржыландыру тәртібіне қатысты лотерея билеттерінің сатылымынан түскен табыстың кемінде 3%-ын міндетті мүліктік жарна ретінде аудару нормасы қаралуда.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірледі. Бұл құжат креативті индустрия субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын қарастырады.

Сонымен қатар «e-Creative» деп аталатын креативті индустрия өкілдерінің бірыңғай реестрі құрылмақ. Бұл онлайн-платформа қажетті мамандарды жылдам табуға, креативті индустрия субъектілерінің артуын қадағалауға, сондай-ақ отандық креативті өнімдер мен қызметтерді дамытуға арналған бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, креаторлар үшін нетворкинг және тәжірибе алмасу мақсатында 6 өңірде акселерациялық бағдарлама өткізу жоспарланған.

Креативті индустрияны дамытудың басты бағыттардың бірі – креаторларға арналған инфрақұрылым құру. Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның ірі қалаларында креативті хабтар жүйелі түрде ашылып жатыр. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Ақтау және Жезқазған қалаларында 12 хаб жұмыс істеп тұр. 2025 жылы тағы 8 хаб ашу жоспарланған.

Креативті өнімдер мен қызметтер – ерекше, жаңашыл әрі адамның құнды еңбегінің жемісі. Мемлекеттің басты міндеті – зияткерлік меншікті қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) тығыз әріптестік орнатылды: оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, ДЗМҰ, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Әділет министрлігімен бірлесіп, отандық креативті сала өкілдеріне арналған білім беру платформасын іске қосу жоспарлануда.

Креативті тауарлар мен қызметтерді коммерциялауды қолдау мақсатында оларды Қазақстандағы белгілі бір банкке тиесілі маркетплейсте орналастыру туралы келісім жасалды.

2024 жылы Қазақстандағы креативті индустрия саласы бойынша айтарлықтай жетістіктер болды.  Атап айтсақ, ел Global Innovation Index-2024 халықаралық рейтингінде «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға көтерілді. Бұндай серпінді өзгеріс жүйелі жұмыстар мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жүзеге асты.

Министрліктің алғашқы міндеттерінің бірі – креативті сала өкілдерін көлеңкелі экономикадан шығару болды. Осы мақсатта 40 түрлі креативті қызмет арнайы салық режиміне енгізілді. Бұл бизнес барлық салық түрлерінен (КТС, ЖТС, ҚҚС) босатылып, оған бірыңғай салық төлеуге мүмкіндік берді. Атап айтсақ, жеке кәсіпкерлер (ЖК) 2-4%, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) 8% мөлшерде салық төлейді.

Нәтижесінде, салық жеңілдіктерінің арқасында креативті индустрия саласында жұмыспен қамтылғандар саны мен тіркелген субъектілер саны 15%-ға артты, яғни 6 мыңға көбейді. Бүгінгі таңда бұл салада 45 597 субъект жұмыс істейді, онда 135 мың адам еңбек етеді.

2024 жылы Алматы облысында Energo University негізінде Қазақстандағы алғашқы Креативті индустриялар паркі және Астанада Бибігүл Төлегенова атындағы алғашқы креативті мектеп ашылды.

Зияткерлік және шығармашылық ресурстарды қолдау мен оларды коммерцияландыру ұлттық стратегияның ажырамас бөлігіне айналды. Болашақта креативті индустрия экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы мүмкін. Бұл сала жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инновациялардың дамуына, мәдени әралуандыққа, әлеуметтік инклюзияға және тұрақты дамуға ықпал етеді.

Қазақстандық креаторлардың жетістігі ел имиджіне оң әсерін тигізеді. Бұл  саладағы танымал есімдер мемлекеттің жаһандық деңгейде танылуына ықпал етеді. Мысалы, Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek), режиссерлер Тимур Бекмамбетов, Айсұлтан Сейітов, Әділхан Ержанов, «Ирина Кайратовна» жобасы, суретшілер Қанат Нұртазин, Ескендір Өтепбаев, Сәуле Сүлейменова сынды есімдерді атауға болады. Олар – әлемдік деңгейде өз өнерімен танымал болған қазақстандық креативті индустрияның жарқын өкілдері.

«Қазақстанға жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет».

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

2025 жылы Қазақстанда соңғы бес жылдағы ең көп индустриалдық жоба жүзеге асырылмақ.

Биыл елімізде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жоба іске қосылып, 20,1 мың жаңа жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Аталмыш жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.

Қазақстанда сутегі пероксиді, сұйық шыны, күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар, полипропилен және сары фосфор өндірісі ұлғайтылады. Бұл жобалар химия саласының дамуына және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Биыл сэндвич-панельдер, керамикалық кірпіш, құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын жаңа зауыттар іске қосылады. «Qaragandy Power Silicon» және «Ekibastuz FerroAlloys» зауыттары ферроқорытпа өндірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

2025-2035 жылдары министрлік металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларында 9 ірі жобаны жүзеге асырады. Олар жобалық қуатына жеткенде өндірілетін өнім көлемі шамамен 7,3 млрд долларды құрайды.

Аталмыш жобаларға 6 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 12 мың жұмыс орны ашылады. Бұл жобалар Президенттің тапсырмасымен әзірленген, олар 25 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін 17 ірі жоба тізімінің бір бөлігі. Барлық жобалар жоғары технологиялық кластерлерді құруға бағытталған.

«Автомобиль шығаратын зауыттар, ыстық брикеттелген темір шығаратын зауыттар, мыс балқыту зауыты, аммиак-карбамид кешені, калий тұздарын өндіретін байыту-өндірістік кешен, гидрометаллургия зауыты сияқты маңызды жобалар іске қосылады.

Бұл кәсіпорындар машина жасау және автомобиль жасау кәсіпорындары үшін жаңа өнімдер шығаруды қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін айтарлықтай нығайтады», — атап өтті Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Жоғарыда аталған тоғыз жобаның екеуі 2025 жылы іске қосылады. Костанай облысында 1500 жұмыс орнын қамтамасыз ететін KIA автокөліктерін шығаратын зауыт іске қосылады, ол жылына 70 мың автокөлік өндіреді. Алматы қаласындағы Changan, Chery және Haval маркаларының автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт 3600 жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жылына 90 мың көлік шығаруға мүмкіндігі бар.

Автомобиль өнеркәсібіндегі жаңа жобалардың арқасында 2025 жылы саладағы өндіріс көлемі 5%-ға артады деп күтілуде. Жоспар бойынша 149 мың жеңіл көлік шығарылуы қажет (2024 жылы бұл көрсеткіш 134 мың болған).

Қазақстанда соңғы бес жылда алғаш рет өңдеу өнеркәсібінде 5,9%  өсім тіркелді. Өсім көрсеткіші негізінен металлургия (+6,9%), машина жасау (+9,7%), химия өнеркәсібі (+7,7%) және басқа салалардағы өндіріс көлемінің артуына байланысты болып отыр. Жалпы өндіріс көлемі 24,5 трлн теңгені құрады.

Түсті және қара металлургия салалары тұрақты өсім көрсетуде. Мыс, алюминий, цинк және қорғасын өндірісі мен қайта өңдеу көлемдері ұлғаюда. Құрылыс материалдары өндірісі де қарқынды дамып, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып, өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік беруде.

Индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанда 15 арнайы экономикалық аймақ және 51 индустриалды аймақ жұмыс істейді. 2025 жылы осы аймақтарда 110 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда Қазақстанда жаңа механизм ретінде шағын өнеркәсіп аймақтары енгізілген, олар кәсіпкерлерге дайын үй-жайларды ұсынады. Осы жоба аясында кәсіпкерлер құрылыс үшін жеңілдетілген несиелер мен тиімді жалға алу шарттарын пайдалана алады, бұл шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанның 8 облысында (Астана, Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары) 34 шағын өнеркәсіп аймақтары жұмыс істейді. 2025 жылы 14 облыста шағын өнеркәсіп аймақтарын құру жоспарланып отыр.

Кәсіпорындар туралы толық ақпараты бар Қазақстандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі қолдау шараларының бірі болмақ.

Ірі тапсырыс берушілерден отандық өнімдерді дамыту бағдарламаларын бекіту талап етіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды салу кезінде отандық құрылыс кезінде материалдар мен жабдықтарды импорттық материалдарға ауыстыру үшін маслихатпен келісу талап етілетін болады.

Бұл шаралар отандық өндірушілердің позицияларын нығайтуға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шағын және орта бизнесті ынталандыруға бағытталған.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін және жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу арқылы салықтық міндеттемелерін оңтайландыратын салық төлеушілерді әкімшілендіруді жалғастыруда.

Талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді.

12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда. Қазіргі таңда 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін жүзеге асырды. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, бірқатар ірі құрылыс компаниялары қаржылық ағындардың ашықтығы мен құрылыс саласындағы көлеңкелі схемаларды жою үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қаржыландыруға бастамашылық білдіруде.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Егер хабарламалар орындалмаған жағдайда, салық органдары кешенді салықтық тексерулер жүргізу туралы бастама көтеретін болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін және жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу арқылы салықтық міндеттемелерін оңтайландыратын салық төлеушілерді әкімшілендіруді жалғастыруда.

Талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді.

12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда. Қазіргі таңда 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін жүзеге асырды. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, бірқатар ірі құрылыс компаниялары қаржылық ағындардың ашықтығы мен құрылыс саласындағы көлеңкелі схемаларды жою үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қаржыландыруға бастамашылық білдіруде.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Егер хабарламалар орындалмаған жағдайда, салық органдары кешенді салықтық тексерулер жүргізу туралы бастама көтеретін болады.

Қазіргі әлем күн санап өзгеруде, ал ғылым осы өзгерістерге ілесіп, жаңа белестерді бағындыруда. Қазақстанда ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2018 жылы ғылыми зерттеулерге ЖІӨ-нің 0,12%-ы ғана бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1%-ға жетпек. 2024 жылы ғылымға 194,4 млрд теңге бөлінсе, 2025–2026 жылдары қаржыландыру көлемі 509,2 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.

Осы қолдаудың арқасында ғылыми жобалардың саны да артуда. Біздің университетте 2018 жылы небәрі екі жоба болса, бүгінде 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда. Зерттеулер білім, медицина, ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, қоршаған орта сынды салаларды қамтиды. Сонымен қатар, университетіміз өңірдегі «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Гормолзавод» ЖШС, «Kaz Rost Engineering» ЖШС, «Тыныс» АҚ сияқты ірі кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істеп, өңірлік қажеттіліктерге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Жастарды ғылымға тарту мақсатында «Жас ғалым» байқауы жыл сайын өткізіліп, жас зерттеушілерге өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл бағдарлама интеллектуалды әлеуетті арттырып, өмір және денсаулық ғылымдары, ауыл шаруашылығы, ұлттық және биологиялық қауіпсіздік бағыттарын дамытуға ықпал етеді. Жас ғалымдардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған жоқ – 2024 жылдың алғашқы сегіз айында елімізде 290 жас зерттеуші баспаналы болды. Бұл – Қазақстанның ғылымды ғана емес, ғалымдардың өздерін де қолдайтынының айқын дәлелі.

Ғылымды халықаралық байланыссыз елестету мүмкін емес. Осы бағытта «500 ғалым» бағдарламасы үлкен маңызға ие. Бұл бастама қазақстандық ғалымдардың әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтарда тәжірибе алмасуына жол ашты. 2024 жылы бағдарлама аясында 555 стипендия бөлінді: 395 – магистратура және резидентура, 50 – докторантура, 110 – ғылыми тағылымдамалар үшін. Біздің университеттің 6 оқытушысы Michigan State University (АҚШ), Queen’s University (Ұлыбритания) және King’s College (Ұлыбритания) сияқты беделді жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті.

Сонымен қатар, 2024 жылы шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы іске қосылып, университетімізге АҚШ, Италия, Сербия, Болгария және Чехиядан 10 ғалым шақырылды. Олар мал азығы өндірісін жетілдіру, сүт өнеркәсібін дамыту және ғылыми мақалалар жариялау белсенділігін арттыру бағытында өз үлестерін қосты.

Қорытындылай келе, ғылым – елдің дамуы мен өркендеуінің басты қозғаушы күші. Қазақстанда ғылымды дамытуға бағытталған қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау, жастарды ынталандыру, халықаралық әріптестікті нығайту – барлығы елдің болашағына салынған инвестиция.

Университетіміз де бұл үдерістің белсенді қатысушысы ретінде ғылыми жобаларды жүзеге асырып, өндіріс орындарымен байланыс орнатып, жас ғалымдарға қолдау көрсетіп келеді. «Жас ғалым» бағдарламасы олардың ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік берсе, «500 ғалым» бастамасы мен шетелдік мамандарды тарту арқылы зерттеулер жаңа деңгейге көтерілуде.

Біз өз тарапымыздан ғылыми қызметті одан әрі жандандырып, Қазақстан ғылымының әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуына үлес қоса береміз. Білім мен технологияға инвестиция салу – елдің тұрақты дамуының кепілі.

 

Сырлыбаев Марат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау

университетінің ректоры

 

 

«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте.
Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.
Ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2025-2027 жылдарға 531,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Ғылымды дамытуға және сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жоғары ғылыми ұйым түріндегі жаңа мәртебесі анықталды.
Инновациялық инфрақұрылымды қолдау үшін бірыңғай терезе болатын және венчурлік қаржыландыруды тартатын Ғылым қорының мәртебесі кеңейтілді.
Ғылыми қызметкерлердің мәртебесін арттыру үшін ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға ұлғайтылды, ал ғылыми атақтар үшін қосымша ақылар 50 АЕК-ке дейін өсті.
Жалпы, елде ғылыми зерттеулермен 425 ұйым айналысады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11-ге көп. Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті, оның 46%-ы жас ғалымдар.
Мемлекет ғалымдарға, оның ішінде жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Президенттің тапсырмасы бойынша олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында 2024 жылы 315 жас ғалым пәтер алды. Оның 290-ы «Отбасы банкімен» бірлесіп іске асырылатын арнайы ипотекалық бағдарлама аясында, ал 25-і өтеусіз негізде тұрғын үй алды.
2025 жылдың басынан бастап 36 жас ғалым тегін негізде пәтер алды.
Мемлекет басшысының әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда осы тапсырманы іске асыру аясында 1475 тағылымдама берілді.
Сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2021-2024 жылдар аралығында гранттық қаржыландыруға 16 конкурс өткізілді, соның нәтижесінде 2 мыңнан астам ғылыми жоба іске асырылды.
Жыл сайын ғылымға қосқан үлесі және ғалымдарды ынталандырғаны үшін 2000 АЕК мөлшерінде 50 «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы беріледі.
Докторларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы өсуде. Мәселен, егер 2022 және 2023 жылдары докторантураға берілетін гранттар саны тиісінше 1815 және 1919 грантты құраса, 2024 жылы 2919 грант бөлінді.
Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту маңызды бағыт болып табылады. Мұндай өзара іс-қимылдың сәтті мысалы – ғылыми-технологиялық сессиялар. Бүгінгі таңда Қазақмыс, Қазатомөнеркәсіп, ERG, Қазминералс, Қармет, ҚазақОйлАқтөбе, Қазмырыш сияқты ірі кәсіпорындармен бірлесіп ел өңірлерінде осындай 9 сессия өткізілді.
Ғылыми-технологиялық сессияның қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысына 11 техникалық тапсырма ұсынылды. Осылайша ғылыми-техникалық тапсырмалардың жалпы көлемінің 10%-ы ірі кәсіпорындармен нақты жұмыс нәтижелеріне негізделген.
Сонымен қатар 2024 жылдың басынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардың ғылымы мен технологияларын дамытуға күрделі салымдардан 1% аударудың жаңа тетігі енгізілді.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ЖОО базасында ғылыми инфрақұрылымды күшейту және кәсіпорындармен әріптестікте заманауи зертханалармен технологиялық парктер, инжинирингтік орталықтар құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осы ғылыми жобаларды іске асыруда 10 зертхана ашылды, 5 спин-офф цехтары, 3 стартап іске қосылды, 468 млн теңгеге жеке ұйымдармен ғылымды қажетсінетін қызметтер шығаруға 14 шарт жасалды, 788,9 млн теңге жеке қоса қаржыландыру тартылды.
Сонымен қатар еліміздің университеттерінде (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ) күрделі ғылыми міндеттерді шешуге, озық зерттеулерді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған 3 суперкомпьютер бар. Академиялық кластердің жалпы өнімділігі – 2 PFLOPS.
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелері әртүрлі салаларда қолданылуда.
Балқашта Satbayev University Металлургия және байыту институтының қазақстандық ғалымдары әзірлеген бірегей технология бойынша тазартылған селеннің алғашқы партиясы шығарылды.
Сонымен қатар биолог-профессор Дос Сарбасов бастаған Nazarbayev University қазақстандық ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. DVC деп аталатын дәрі-дәрмектің құрамына С витаминінің жоғары дозасы және төмен концентрациядағы мышьяк кіреді. Препарат глюкозаны сіңіретін рак клеткаларына әсер етеді.
Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдардың қатерлі ісікке қарсы препараты пациенттерге оң әсермен клиникалық сынақтардың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары Қазақстанда алғаш рет травматология, нейрохирургия, жақ-бет хирургиясы, онкология және радиология үшін отандық имплантат дайындады.
Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ғалымдар металлургиядағы коррозиямен күресудің инновациялық әдісін – «Сақтау» коррозияға қарсы жабын әзірледі.
Қазақстандық ғалымдар тобы қазақ тілінде жасанды интеллектті дамытуға бағытталған KazLLM үлкен тілдік моделін әзірледі.
KazLLM қазақ тіліндегі мәтіндік ақпаратты өңдеу, аудару және талдау, сондай-ақ қазақ тілін заманауи технологияларға интеграциялау үшін тиімді шешімдер жасауға ықпал ететін болады.
Мемлекетті қолдау, жастарды белсенді тарту және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту елдің дамуы үшін жаңа көкжиектер ашады. Ғылым инновацияның қозғаушы күшіне айналып қана қоймайды, сонымен қатар тұрақты даму мен өркендеуге бағытталған ұлттық стратегияның маңызды элементіне айналады.

Страница 3 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…