г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Ішкі істер министрлігі жүйелі түрде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдап, сондай-ақ қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту бойынша жұмыстарын жалғастыруда

 

Қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану, жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу ісінде маңызды рөл атқарды.

 

2025 жылдың басынан бастап республика бойынша тәртіп сақшылары 3,7 млннан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 3,2 млн жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері. Жол ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 5 417 "мас" жүргізушіні ұстады. Заң бұзған 116 004 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

 

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды. 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипатта тиісу және өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Сонымен қатар балаларды автобустардан түсіруге тыйым салынды. Буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 710 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған арнайы бөлімшелер жұмысын бастады.

 

Сондай-ақ әрбір білім беру мекемесіне ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен криминалдық полицияның жедел уәкілдері бекітілді. Олар балалар мен олардың ата-аналарына құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

 

Мектеп оқушылары мен студенттер арасында заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады.

 

Биыл барлық мектептер мен колледждерде "111" республикалық байланыс орталығына жедел түрде хабарласуға мүмкіндік беретін QR-кодтар енгізілді, мұнда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетіледі. Білім беру мекемелерінің кіреберістерінде полиция қызметкерлерінің байланыс деректерімен анонимді шағымдар үшін ақпараттар орналастырылған.

 

Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың жылдам дамуына байланысты интернет-кеңістігінде заңсыз контенттің таралуын тоқтату маңызды міндеттердің біріне айналды. Жыл басынан бері есірткілерді жарнамалайтын 7 мыңнан астам сайт, экстремистік мазмұнды 2 мыңнан астам контент және интернет-алаяқтық белгілері бар 28 мыңнан астам ресурс анықталды.

 

Барлық аталған шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және құқық тәртібін сақтауға бағытталған.

 

Айта кету керек, 2025 жыл Ішкі істер министрлігі тарапынан "Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: полиция "Заң мен Тәртіп" күзетінде" деп жарияланды. Негізгі мақсат – қылмыстардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.

 

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы хабарлама жасалды.

Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Лауреаттар атағы үш санатта:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі;.

және төрт номнация бойынша беріледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбек ақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

3) «Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Гран-при-конкурстың ең жоғары наградасы, ол жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыру барысында барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Үміткерлер конкусқа қатысуға үшін материалды бір данада тапсырады, олар:

1) толтырылған өтінімді;

2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымшаақпаратты;

3) есепке қосымшаны (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).

4) сауалнаманы қамтиды.

Аудандар және қала жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайды.

Үміткерлер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес материалдарды қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдеп, жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

Конкурсқа катысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асырып жүрген;

2) тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;

3) жойылмаған еңбек заңнамасының бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы және басқа да төлемдері бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық-еңбек даулары жоқ;

5) жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын акциялары бар;

6) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

7) конкурсқа қатысуға берілген өтінімде дәйекті мәліметтер көрсетіп, сондай-ақ толық көлемде құжаттар ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға қатысты туындаған барлық мәселелер бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, мемлекеттік экологиялық инспекторларға жүгіну қажет.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі 2025 жылғы 1 шілде күні аяқталады.

 

Ақмола облысы

жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалардыбасқармасы

 

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында мұнай-газ машина жасау саласында 9 млрд теңгеге өнім өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен (6,4 млрд теңге) салыстырғанда 40 %-ға артық. Нақты көлем индексі 91,4 %-дан 126,4 %-ға дейін ұлғайған. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
«Саладағы өсім негізінен крандар, клапандар мен вентильдер өндірісінің 93,8 %-ға артуының есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Өткен 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында аталмыш өнімдер өндірісі 3 млрд теңгені құраса 2025 жылдың осы кезеңінде 5,9 млрд теңгеге дейін ұлғайған», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы тарату және шар клапандары мен шибер қақпақтарының өндірісі 525 тоннадан 1126 тоннаға дейін екі еседен астам ұлғайған.

Соңғы бірнеше жылда облысымыздың білім саласында оқыту сапасын арттыруға және педагогтер мен оқушылар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған маңызды шаралар жүзеге асырылды. 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын жыл сайын 25%-ға көтеру бастамасы іске қосылды, ал осы шараның нәтижелері қазірдің өзінде байқалып отыр. Жалақыны жыл сайын 25%-ға көтеру, сондай-ақ біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдердің енгізілуі арқасында, 2023 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы екі есеге артты. Бұл қадам мұғалімдер мамандығының маңыздылығын мойындау және білім саласының қызметкерлеріне нақты қолдау көрсету болды.

Ақмола облысында мұғалімдердің еңбекақыларына ғана емес, білім алушылардың жағдайына да үлкен көңіл бөлінуде. Мәселен, 2025 жылға арналған бюджетте бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге айтарлықтай қаражат бөлінген. 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 57 124 оқушы үшін 7,4 миллиард теңге бөлінді, бұл 180 оқу күніне 1 оқушыға 725 теңгеден келеді. Ал 5-11 сынып оқушыларына «Жалпы білім беру» қоры арқылы 1 697 382,0 мың теңге қарастырылған, бұл әр оқушыға күніне 850 теңге. Бұл шара оқушыларды қажетті тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сонымен қатар, мектептерді жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 2025 жылы бекітілген жоспарға сәйкес облыста 20 мектептің күрделі жөндеуі жоспарланған. Мектептерді жаңғырту барысында оқыту құралдары мен заманауи жабдықтар сатып алынып, мектеп жиһаздары жаңартылуда, сондай-ақ мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған. Оқытудың сапасын арттыру және қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту мақсатында жыл сайын жаңа модификациядағы арнайы пән кабинеттерін сатып алу жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда облыс мектептерінде 1200-ден астам жаңа модификациядағы кабинеттер бар, ал «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында биыл тағы 50 кабинет сатып алу жоспарланған.

Цифрландыру да білім беру процесінің маңызды бөлігіне айналуда. Оқулықтардың цифрлық форматқа көшуіне байланысты оларды мектептерге сатып алу ісі қайта басып шығарудың кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда, бұл оқушылардың оқу материалдарына қолжетімділігін арттырып, оқу процесінің тиімділігін жоғарылатуға септігін тигізеді.

Сөзсіз, соңғы жылдары білім беру жүйесін жаңғырту бойынша маңызды қадамдар жасалып жатыр. Білім саласы – қоғамның алтын қазығы, өркениетке жол ашатын шамшырақ. Өмірдің барлық саласында табысты болу үшін білімнің берік іргетасы қажет. Оқушылардың жан-жақты дамуы мен мұғалімдердің үздіксіз кәсіби өсуі білім саласының жарқын болашағына негіз қалайды. Бұл – өзекті және тұрақты даму жолы, еліміздің ертеңін қалыптастыратын күш.

 

Досұлан Айтбаев,

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті»

Қасым - Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде.

Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология, физика және STEМ бойынша заманауи пәндік кабинеттер ашылды. Бір ғана 2024 жылдың қорытындысын алып қарар болсақ, 967 мектепте 1621 пәндік кабинет жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, 2029 жылға қарай еліміздің мектептерінде кемінде 7000 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған.

Білім беру сапасын арттырудың тағы бір маңызды факторы - цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа көшірілді, ал мектептердің 95,2%-да жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Білім беру платформалары енгізілуде, жасанды интеллект элементтері оқу процесіне интеграциялануда. Осы шаралардың барлығы оқушыларды болашақтың сын-қатерлеріне дайындауға және олардың бойында ерте жастан цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Білім беру сапасы педагогикалық қауымдастықтың кәсібилік деңгейімен де тікелей байланысты. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан мұғалімдерді тұрақты түрде қолдау, олардың мәртебесін, материалдық әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өту керек. 2020 жылдан бастап педагогтердің жалақысы 2 есеге артты, ал біліктілік санаттары бар мұғалімдерге ол үшін лауазымдық жалақысының 35%-дан 50%-ға дейін үстемеақы төленеді. Бүгінде орта білім беру жүйесінде жұмыс істейтін 400 мың педагогтің 300 мыңға жуығына осындай үстемеақылар төленіп келеді.

Ауыл мұғалімдерін қолдауға ерекше назар аударылуда, олардың жалақысы қалалардағы әріптестерімен салыстырғанда кем дегенде 25%-ға жоғары. Бұл өңірлерге білікті кадрларды тартуға ықпал етеді.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Президенттің тапсырмасы бойынша барлық бастауыш сынып және әлеуметтік осал топтар санатындағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту енгізілді. 1,7 миллион оқушыны қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттерден 192 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ тамақтану сапасын арттыру мақсатында асхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді, тегін тамақ алушылардың есебі автоматтандырылды, күнделікті бақылау енгізілді.

Сонымен қатар «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілген.

2025 жылдан бастап жекеменшік мектептердің оқушылары үшін де әлеуметтік қолдау шараларын енгізу көзделуде.


Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Негізінен ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) мен әйелдер (72,2%) осындай пікірде.
Халық саяси (76,5%)  және әлеуметтік-экономикалық (67% ) жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр.
Бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады. Қоғамдық-саяси салада азаматтар ауыл-аудан әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Сайлау жүйесі ашық бола түсті. Конституциялық сот қалпына келтірілді. Гендерлік теңдік бастамалары әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджет саласының қызметкерлерінің табысын айтарлықтай арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қауіпті және зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдардың зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді.
Жалпы сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттерді  89%-ы өз көңіл-күйін оң бағалайды. Негізінен 18-35 жас аралығындағы жастар, бойдақтар, отбасылы адамдар, жоғары білімі бар адамдар позитив көңіл-күйде.

2023 жылдан бері Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және олардың кірісін арттыру. Бұл жеңілдетілген несиелер беру арқылы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етеді.

 

Бағдарлама аясында 17 аудан мен 226 ауылдық округ қамтылып, 111 мың аула мен 394 мың тұрғын несие алуға мүмкіндік алды. 2023 жылы бөлінген 1,2 млрд теңге есебінен 198 шағын несие берілді, нәтижесінде 262 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Несиенің негізгі бөлігі – 930 млн теңге (154 несие) мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Оның нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірушілері 3,2 мың бас мал (630 бас ірі қара, 1774 бас ұсақ мал, 769 бас жылқы) және 3,3 мың бас құс (тауық, қаз) сатып алды.

 

Бұдан бөлек, 44 несие 270 млн теңге көлемінде ауыл кәсіпкерлігінің басқа бағыттарына бөлінді. Осы қаржының есебінен Атбасар ауданында наубайхана ашылды, 5 жүк көлігі мен арнайы техника сатып алынды, бетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдық орнатылды, Бурабай және Атбасар аудандарында ТҚКС ашылды, жиһаз өндірісі мен ағаш өңдеуге арналған жабдықтар сатып алынды.

 

2024 жылы бағдарлама аясында 1,8 млрд теңге қарастырылып, 308 несие беру және 326 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды. Қаржылық қолдау шаралары 2025 жылдың қаңтарында басталды.

 

Бағдарлама аясында қамтылатын ауылдық округтер саны 228-ге, ал қамтылатын аула саны 112 мыңға, тұрғындар саны 282 мыңға дейін өседі.

 

Несие қаражаты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық негізгі бағыттарына бөлінеді: ет және сүт мал шаруашылығы, жылқы және қой өсіру, құс шаруашылығы, көкөніс өсіру, шағын бизнесті дамыту.

 

Бекітілген ережеге сәйкес, 900 млн теңге немесе 154 несие мал шаруашылығын дамытуға жұмсалады.

 

Жобаларды іріктеудің жаңа тәсілі: «зәкірлік» кәсіпорындарға басымдық беріледі

 

Биыл жобаларды іріктеу тәсілі өткен жылдың тәжірибесін ескере отырып өзгертілді. Енді негізгі басымдық – ауданның «зәкірлік» кәсіпорны төңірегінде шоғырланған жобаларға беріледі. Бұл тәсіл өндірістен бастап қайта өңдеуге және дайын өнімді сатуға дейінгі тұйық циклды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Мысалы, Зеренді ауданында екі негізгі кооперация бағыты анықталды:

1. Айдабол ауылында ет кластері құрылуда, оның негізінде «МБ-4» ЖШС ет комбинаты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын жергілікті мал өсірушілерден өнім қабылдап, қайта өңдейді.

2. Зеренді ауылында туристік кластер дамытылуда, ол ауданның туроператорларының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыт өңірге туристер тартуға және экономиканы дамытуға ықпал етеді.

 

2025 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша «Көкше» ӘКК сенімді агент ретінде 2,4 млрд теңгеге 275 өтінім қабылдады. Оның 600 млн теңгеге 70 өтінімі мақұлданып, 349,9 млн теңгеге 49 несие берілді. Бұл қаражат 265 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 

Бағдарлама ауылдық жерлердің дамуына серпін беріп, тұрақты бақылау жағдайында іске асырылуда.

 

 

Мұрат Балпан,

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

 

 

 

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба.
 
«Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды.
 
2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді.
 
2023-2024 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
 
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, олардың 537-сі 12,1 млрд теңге сомаға қаржыландыруды алды.
 
Бағдарламаның негізгі элементі облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай, кәсіпкерлікті дамыту және кірісті ұлғайту үшін ауыл тұрғындарының шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін револьверлік кредиттеу тетігі болып табылады. Қарыз алушылар револьверлік әдіспен қайтарған қаражат есебінен қосымша 7 млрд теңге сомасына 1 мыңға жуық микрокредит берілді.
 
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері қатысушылар 1,2 млрд теңге сомасына салық төледі. Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары көшбасшы болып табылады.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттер беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл тетік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асырылады, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жануарлары, жабдықтар, көшеттер және басқа да құралдар түріндегі тауарлық кредитті орта және ірі ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдері АӨК субъектілеріне және жеке тұлғаларға, оның ішінде жұмыссыздарға және кепілді мүлкі жоқ атаулы әлеуметтік көмек алушыларға беретін болады. Әрине, бұл құрал, сайып келгенде, ауыл халқының табысының өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Өңірлерде тауарлық несие ретінде 300-ге жуық жылқы, 1600 бас ірі қара және 4,5 мыңнан астам ұсақ мал бөлінген.
 
«Ауыл аманаты» бағдарламасы қуатты және дамыған ел құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың табысын арттыру және жұмыс орындарын құру Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді. Өңірлер мен ауыл тұрғындарын қолдау бүкіл ел үшін қозғаушы күшке айналып, оның одан әрі өсуі мен дамуына ықпал етеді.

Инвестиция – бұл жай ғана жобаларға қаржы құю емес, ол инфрақұрылымды дамыту, өндірістерді жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі кілті. Ақмола облысында инвестициялық климатты жақсарту бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылып, бұл отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ықпал етуде.

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 563 млрд теңгені құрады, оның 60 пайызы жеке инвестицияларға тиесілі. Бұл бизнестің белсенділігі мен өңірді дамытуға деген қызығушылығын көрсетеді.

Инвестициялық саясаттың арқасында өткен жылы 109,6 млрд теңгеге 187 жеке инвестициялық жоба іске асырылып, 1,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Осы ретте, Аршалы ауданында жел электр станцияларын салу, Целиноград ауданында 1500 басқа арналған сүт-тауар фермасын құру,Көкшетауда сағатына 18 тонна өнім өндіретін құрама жем зауытын салу, Көкшетауда 48 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін кешен ұйымдастыру маңызды жобалар қатарында.

Сонымен қатар, 450 млрд теңгеден астам инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

2025 жылы жеке инвестициялар есебінен 190 млрд теңгеге 150 жоба іске асырылып, 1,8 мың жаңа жұмыс орны ашылатыны жоспарлаған. Сондай-ақ, Көкшетауда май экстракциялық зауыт, Аршалы ауданында астықты терең өңдеу зауыты, Астрахан ауданында диірмен кешені сияқты ірі нысандардың құрылысы басталады.

Инвесторларды қолдау мақсатында Астанада Aqmola Invest фронт-офисі жұмыс істейді, ол инвестицияларды тарту және оларды сүйемелдеумен айналысады.

Облыста инвесторларға дайын инфрақұрылым мен өндіріс орналастыру үшін қолайлы жағдайлар ұсынатын Аршалы ауданындағы «Aqmola», Көкшетаудағы «Кокше Индастри», Целиноград ауданындағы «Қоянды Индастриал Парк» үш индустриялық аймақ құрылған.

Бұл алаңдарда инвестициялық жобаларды таңдау және орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік коммуникациялардың (электр, су, газбен жабдықтау, автожолдар, теміржол желілері) болуы отандық және халықаралық инвесторлар үшін тартымдылықты арттырады.

Индустриялық аймақтарды дамыту және ірі жобаларды жүзеге асыру мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Салық түсімдерінің өсуі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, аумақтарды абаттандыруға және инфрақұрылымды дамытуға қосымша ресурстар береді. Сондай-ақ, жаңа өндірістердің іске қосылуы логистикаға, сервистік қызметтерге және техникалық қызмет көрсетуге деген сұранысты арттырып, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырады.

Кешенді инвестициялық саясаттың арқасында Ақмола облысы бизнес жүргізуге қолайлы өңірге айналып, ірі жобаларды жүзеге асыру тұрақты экономикалық өсімге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуде.

 

 

Ернар Жаркешов,

Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

 

 

Инвестиция – бұл жай ғана жобаларға қаржы құю емес, ол инфрақұрылымды дамыту, өндірістерді жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі кілті. Ақмола облысында инвестициялық климатты жақсарту бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылып, бұл отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ықпал етуде.

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 563 млрд теңгені құрады, оның 60 пайызы жеке инвестицияларға тиесілі. Бұл бизнестің белсенділігі мен өңірді дамытуға деген қызығушылығын көрсетеді.

Инвестициялық саясаттың арқасында өткен жылы 109,6 млрд теңгеге 187 жеке инвестициялық жоба іске асырылып, 1,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Осы ретте, Аршалы ауданында жел электр станцияларын салу, Целиноград ауданында 1500 басқа арналған сүт-тауар фермасын құру,Көкшетауда сағатына 18 тонна өнім өндіретін құрама жем зауытын салу, Көкшетауда 48 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін кешен ұйымдастыру маңызды жобалар қатарында.

Сонымен қатар, 450 млрд теңгеден астам инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

2025 жылы жеке инвестициялар есебінен 190 млрд теңгеге 150 жоба іске асырылып, 1,8 мың жаңа жұмыс орны ашылатыны жоспарлаған. Сондай-ақ, Көкшетауда май экстракциялық зауыт, Аршалы ауданында астықты терең өңдеу зауыты, Астрахан ауданында диірмен кешені сияқты ірі нысандардың құрылысы басталады.

Инвесторларды қолдау мақсатында Астанада Aqmola Invest фронт-офисі жұмыс істейді, ол инвестицияларды тарту және оларды сүйемелдеумен айналысады.

Облыста инвесторларға дайын инфрақұрылым мен өндіріс орналастыру үшін қолайлы жағдайлар ұсынатын Аршалы ауданындағы «Aqmola», Көкшетаудағы «Кокше Индастри», Целиноград ауданындағы «Қоянды Индастриал Парк» үш индустриялық аймақ құрылған.

Бұл алаңдарда инвестициялық жобаларды таңдау және орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік коммуникациялардың (электр, су, газбен жабдықтау, автожолдар, теміржол желілері) болуы отандық және халықаралық инвесторлар үшін тартымдылықты арттырады.

Индустриялық аймақтарды дамыту және ірі жобаларды жүзеге асыру мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Салық түсімдерінің өсуі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, аумақтарды абаттандыруға және инфрақұрылымды дамытуға қосымша ресурстар береді. Сондай-ақ, жаңа өндірістердің іске қосылуы логистикаға, сервистік қызметтерге және техникалық қызмет көрсетуге деген сұранысты арттырып, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырады.

Кешенді инвестициялық саясаттың арқасында Ақмола облысы бизнес жүргізуге қолайлы өңірге айналып, ірі жобаларды жүзеге асыру тұрақты экономикалық өсімге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуде.

 

 

Ернар Жаркешов,

Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

 

Страница 2 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…