г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Ауыл аманаты» бағдарламасы: ауылдық жерлердегі табыс пен өмір сапасын арттыру

2023 жылдан бері Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және олардың кірісін арттыру. Бұл жеңілдетілген несиелер беру арқылы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етеді.

 

Бағдарлама аясында 17 аудан мен 226 ауылдық округ қамтылып, 111 мың аула мен 394 мың тұрғын несие алуға мүмкіндік алды. 2023 жылы бөлінген 1,2 млрд теңге есебінен 198 шағын несие берілді, нәтижесінде 262 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Несиенің негізгі бөлігі – 930 млн теңге (154 несие) мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Оның нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірушілері 3,2 мың бас мал (630 бас ірі қара, 1774 бас ұсақ мал, 769 бас жылқы) және 3,3 мың бас құс (тауық, қаз) сатып алды.

 

Бұдан бөлек, 44 несие 270 млн теңге көлемінде ауыл кәсіпкерлігінің басқа бағыттарына бөлінді. Осы қаржының есебінен Атбасар ауданында наубайхана ашылды, 5 жүк көлігі мен арнайы техника сатып алынды, бетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдық орнатылды, Бурабай және Атбасар аудандарында ТҚКС ашылды, жиһаз өндірісі мен ағаш өңдеуге арналған жабдықтар сатып алынды.

 

2024 жылы бағдарлама аясында 1,8 млрд теңге қарастырылып, 308 несие беру және 326 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды. Қаржылық қолдау шаралары 2025 жылдың қаңтарында басталды.

 

Бағдарлама аясында қамтылатын ауылдық округтер саны 228-ге, ал қамтылатын аула саны 112 мыңға, тұрғындар саны 282 мыңға дейін өседі.

 

Несие қаражаты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық негізгі бағыттарына бөлінеді: ет және сүт мал шаруашылығы, жылқы және қой өсіру, құс шаруашылығы, көкөніс өсіру, шағын бизнесті дамыту.

 

Бекітілген ережеге сәйкес, 900 млн теңге немесе 154 несие мал шаруашылығын дамытуға жұмсалады.

 

Жобаларды іріктеудің жаңа тәсілі: «зәкірлік» кәсіпорындарға басымдық беріледі

 

Биыл жобаларды іріктеу тәсілі өткен жылдың тәжірибесін ескере отырып өзгертілді. Енді негізгі басымдық – ауданның «зәкірлік» кәсіпорны төңірегінде шоғырланған жобаларға беріледі. Бұл тәсіл өндірістен бастап қайта өңдеуге және дайын өнімді сатуға дейінгі тұйық циклды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Мысалы, Зеренді ауданында екі негізгі кооперация бағыты анықталды:

1. Айдабол ауылында ет кластері құрылуда, оның негізінде «МБ-4» ЖШС ет комбинаты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын жергілікті мал өсірушілерден өнім қабылдап, қайта өңдейді.

2. Зеренді ауылында туристік кластер дамытылуда, ол ауданның туроператорларының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыт өңірге туристер тартуға және экономиканы дамытуға ықпал етеді.

 

2025 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша «Көкше» ӘКК сенімді агент ретінде 2,4 млрд теңгеге 275 өтінім қабылдады. Оның 600 млн теңгеге 70 өтінімі мақұлданып, 349,9 млн теңгеге 49 несие берілді. Бұл қаражат 265 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 

Бағдарлама ауылдық жерлердің дамуына серпін беріп, тұрақты бақылау жағдайында іске асырылуда.

 

 

Мұрат Балпан,

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

 

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…