
zharkain
Мобильді аударымдар: тексеріс кімдерге жүргізілетіні белгілі болды
Мемлекет барлық мобильді аударымдытексермейді.
Мобильді аударымдарды тексеру не үшінқажет?
Мобильді аударымдарды тексеру заңсызкәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруғабағытталған, – депхабарлайды Aikyn.kz Мемлекеттік кірістеркомитетіне сілтеме жасап.
Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарларнемесе қызметтер үшін төлемді мобильдіаударымдар арқылы алады. Алайда, бұлаударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтардықолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектерберілмейді және тұтынушылардыңқұқықтары бұзылады.
Айта кету керек, мемлекет барлық мобилдіаударымды тексермейді.
Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильдіаударым алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалғанжағдайда тексеру жүргізіледі.
Туыстар мен достарға ақша аударуға бола ма?
Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жекемақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобильдіаударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ.
Кейбір кәсіпкерлер қолма-қол ақшасызтөлемдерді қабылдаудан бас тартып, текқолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етебастады, бұл қаншалықты заңды?
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңыныңнормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдеріқарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қолақшамен (25-бап).
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауданбас тарту заңсыз болып табыладыжәне тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларынпайдалана отырып төлемдерді қабылдауданбас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілікжауапкершіліккетартылып, ескерту жасалады, ал қайталапбұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).
Егер кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлемқабылдаудан бас тартса, қайда жүгінугеболады?
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауданбас тарту фактілері туралы тұрғылықты жерібойынша мемлекеттік кірісоргандарына жүгіну қажет.
Ал мысалы, такси жүргізушілері не істеуікерек? Олар кассалық аппаратты өздеріменбірге алып жүре алмайды ғой.
Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкерретінде тіркелуі керек. Мұны «e-SalyqBusiness», «Egov Mobile» және кейбір екіншідеңгейдегі банктердің мобильдіқосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы жасауға болады.
Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдердіқабылдау үшін онлайн режиміндекәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, солжерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдертүседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ.
Бұл бастама кәсіпкерлердің «көлеңкеге» кетуіне әкеп соқпай ма?
Қазіргі таңда салықтық міндеттемелерді адалорындау әлдеқайда тиімді.
Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуғақолайлы жағдай жасалған. Салықрежимдерінің тәртібі жеңілдетілді – салық мөлшерлемелері қызмет түрінебайланысты тек 1-4%-ды ғанадейін құрайды.
Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобильдіаударымдар қабылдаса, онда ол қазірдіңөзінде «көлеңкеде» қалып, салықбақылауына түседі.
Бұл ретте мобильді аударымдарды тексеруадал салық төлеушілерге әсер етпейді.
Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеушілер тең болуы жәнеалынған табыстан салық төлеуі тиіс.
Салық пен мобильді аударым: Таксистер мен дүкеншілердің табысы қалай бақыланады
Салық пен мобильді аударым: Таксистер мен дүкеншілердің табысы қалай бақыланады
2023 жыл аяқталарда халық арасында енді дүкендер, таксилер онлайн аударымдарды қабылдамайтынын, қайтадан қолма-қол ақшаға көшетінімізді айтып, азаматтар абдырап қалды. Бұл дүрбелең бүгін де әлі басылмай отыр. Халықтың алаңдауына не себеп? Мобильді аударым мен мобильді төлем деген не? Сұрақтардың жауабын іздеп көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы жылдары банктердің мобильді қосымшаларының танымалдығы өсті, кәсіпкерлер оларды тауарларды сату және қызметтерді көрсету үшін төлемдерді қабылдау үшін көбірек пайдаланады.
Қазақстанда 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өсті. 6 жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді пайдаланады, ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген.
Алайда, жеке кәсіпкерлер өткізген тауарлары мен көрсетілген қызметтері үшін қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары да кездеседі.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту - заңсыз, себебі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған.
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері болса, онда мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңыз қажет.
Сонымен бірге Салық кодексі микро және шағын бизнес субъектілеріне оңайлатылған салық салу жағдайы жасады, атап айтқанда: салық мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты 1%-дан 4%-ға дейін. Кәсіпкер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдай алады:
– патент (салық мөлшерлемесі 1%);
– оңайлатылған декларация (салық мөлшерлемесі 3%);
– бөлшек салық режимі (салық мөлшерлемесі 4%).
Салық және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін және төленетін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы салық салу режимін таңдауға болады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс, сондықтан кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістерді дұрыс көрсету өте маңызды. Кейінгі жылдары мүлікті сатып алған жағдайда бұл кірістер салық салу мақсатында есепке алынады.
Тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер де сатып алушыға түбіртек беруге міндетті.
2023 жылы МКК-ға қатарынан үш айдың әрқайсысы ішінде 100 түрлі тұлғадан жеке банктік шотқа аударымдар алған жеке тұлғалар бойынша банктерден мәліметтер келіп түсті. Банктер мәліметтерді тек осы өлшемшарттарға сәйкес келген адамдар бойынша жібереді, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.
Мемқызметші, жеке кәсіпкер мен қарапайым халықтың шоты қалай тексеріледі
Банктер кімнің шоты бойынша ақпарат береді:
1) 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
2) 2024 жылдан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
3) 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
4) 2026 жылдан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).
Бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша ақпарат алынды.
Ал биыл, яғни 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша ақпарат беріледі.
Бұл жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкер тауарлар, қызметтер үшін төлемді жеке шоттарға (дүкендер, такси жүргізушілері және т.б.) мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар аударымдар көбінесе чектер берілмей қабылданады, - деді МКК баспасөз қызметі.
Осыған байланысты МКК кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға (бизнес-шоттарға) төлем қабылдауды ұсынады.
«Кәсіпкерлер тұтынушы жағдайын жасауы керек»
Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева салық кімге, қалай есептелетінін түсіндіріп берді.
Өзіміз де дүкенге барып, қажетімізді сатып аламыз. Бізге көбінесе қолма-қол ақшадан гөрі, электронды түрде есеп айырысқан ыңғайлы. Мұндай мүмкіндіктерді еліміздің азаматтары қолданып отыр. Яғни кез келген дүкен немесе сауда нүктесінің иесі азаматтарға оған қалай төлеуге ыңғайлы болса, сондай тәсілде төлеуге мүмкіндік беруі керек. Мысалы, азаматқа банк картасымен төлеу ыңғайлы болса, онда дүкен оған POS-терминал ұсынуы не болмаса QR-кодпен төлеуге ыңғайлы болса, оған да жағдай қарастыруға тиіс, - деді ол.
Сартаева кәсіппен айналысатындардың клиенттерінен қолма-қол ақша сұрауы заңсыз екеніне назар аударды. Айтуынша, бұл жерде тұтынушы құқығы да бұзылып отыр.
Егер дүкен азаматтың карта арқылы немесе QR-код арқылы төлемін қабылдамай, қолма-қол ақша талап етсе, онда азамат осы дүкенге қатысты мемлекеттік кірістер органдарына шағымдана алады. Сондай-ақ бақылау кассасының фискалды түбіртегін бермесе де азамат кәсіпкерге қатысты шағым жолдай алады. Кәсіпкерлер де алдағы уақытта ойлануы керек. Себебі, бұл нарық. Яғни бұл процедуралардың бәрін нарық реттейді. Мысалы, екі дүкен қатар тұр делік. Бір дүкенде «қолма-қол ақшаны ғана қабылдаймыз» деп талап қойып отыр. Ал екінші дүкен керісінше азаматтардың төлем жасауына барлық жағдайды жасап отыр – картамен де, QR-кодпен де және т.б. Енді қолыңызда қолма-қол ақша жоқ, қай дүкенге барасыз? Әрине, картамен, QR-кодпен қабылдайтын дүкенге барасыз. Яғни бірінші дүкен бұл жағдайда табысынан айырылады, - деп түсіндірді МКК ресми өкілі.
Ол кәсіпкерлер тұтынушылардың жағдайын жасауы керегін айтты.
«Кәсіпкерлердің бәріне заң ортақ»
Қазақстанда кәсіпкерлердің барлығына заң ортақ. Әрбір кәсіпкер өзінің кәсібімен айналысып, содан тапқан табысынан мемлекетке міндетті түрде салық төлеуі керек. Қазақстанда бүкіл әлеммен салыстырғанда ең төменгі салық мөлшермесі бекітілген. Соның өзінде де еліміздің кейбір азаматтары салық төлеуден жалтарады. Иә, барлығы бірдей емес. Елімізде салықты адал төлеп отырғандар да көп. Еліміздің дамуы жолында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін салық төлеушілеріміз жетерлік, - деді ол.
Айнұр Сартаева халық арасындағы мобильді аударымдарға қатысты түсініспеушіліктің не себепті туындағанын түсіндіріп өтті.
Халықтың арасында мобильді аударымдарға қатысты түсініспеушілік туындап жатыр. Мысалы, «мен мобильді аударым жасасам, менің де шотым тексеріледі» деген пікір қалыптасып жатыр. Мобильді аударымдарды аударып отырған адамдардың шоты тексерілмейді. Жеке тұлғалар, яғни қарапайым азаматтар туысқандар, достар арасында бір-біріне қолдау, көмек ретінде жіберген аударымдары тексерілмейді, бұл салық төлейді дегенді білдірмейді. Яғни мобильді аударымдарды бұрын қалай пайдалансақ, қазір де солай пайдалана береміз. Оған ешкім шектеу қоя алмайды. Бұл тексеріс тек қана кәсіпкерлерге қатысты, - деп айтты МКК ресми өкілі.
Таксистер де кәсіпкер ме?
Елімізде азаматтарымыздың көбі такси қызметін атқаратыны белгілі. Олардың көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Олардың шотына айына 100-ден аса азаматтар аударым келетіні түсінікті. Енді олар қайтпек?
МКК ресми өкілі Айнұр Сартаева кәсібін заңдастыру керегін айтты.
Негізі кәсіпкерлік мақсатта алған табысын заңдастыруы үшін бизнес шот ашуы қажет. Мысалы, маған айлық түсетін шот – ол жеке тұлға шоты. Ал егер мен кәсіпкерлікпен, саудамен, такси қызметін көрсетумен айналысып отырсам, онда менің бизнес шотым болуы керек. Ал енді кәсіпкерлікпен айналысу арқылы тапқан ақшамның барлығы осы бизнес шотқа түсуі қажет. Осы жерде екеуінің ара-жігін нақты ажыратып алуымыз керек, - дейді ол.
Айтуынша, қазіргі уақытта елімізде такси қызметімен, жалпы кәсіпкерлікпен айналысатындарға ыңғайлы салық тәртібі бар. Мысалы, интернет-платформаларда жұмыс істейтіндер үшін, дәлірек айтқанда Yandex пен МКК арасында келісім жасалып, пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. Бұл жобаға қатысқан такси жүргізушілері небәрі 1% ғана салық төлейді. Бұл – өте төмен салық мөлшерлемесі. Сондай-ақ такси қызметін көрсетіп отырған азамат үшін барлық салық ауыртпашылығын, міндеттемелерін Yandex өз мойнына алып отыр. Яғни такси жүргізушісі салық есептілігін толтырмайды, салықты есептемейді.
Такси жүргізушілері көбіне «өз нәпақамды өзім тауып жүрмін, мемлекет маған ешқандай жағдай жасап жатқан жоқ, не себепті салық төлеуім керек» деп шағымданады. Сартаева мұндай пікірден, ойдан аулақ болуға шақырды.
Еліміздің ары қарай дамып, өркениетті елдердің қатарына кірсін десек, әрқайсымыз салық төлеуді өзімізден бастауымыз керек. Шын мәнінде, салық төлемейтін такси жүргізушісі жарық көшелермен жүреді, жылы үйде тұрады, түзу жолмен жүреді, медициналық қызметтерді алады, балалары тегін емделеді, баласы мектепте тегін оқиды, оған қоса еліміздің қауіпсіздігі, шекарасының қорғалуы. Осы шығындардың бәрі қайда кетеді? Егер осының бәріне қаражат болмаса, біз қалай ел боламыз? Азаматтар осыны сезініп, бойындағы патриоттық сезімді оятуы қажет, - деп айтты ол.
Сартаева атап өткендей, елімізде такси қызметіне, яғни жолда жүру ережесіне қатысты арнайы заң бар. Бұл жерде такси қызметін жүзеге асырушы жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде немес заңды тұлға ретінде жұмыс істеуі керек. Себебі басқа жеке тұлғалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Бүгінде такси қызметін көрсететіндер кәсібін заңдастырса, 10% емес, небәрі 1% ғана салық төлейді.
Салықтан жалтарғандар айыппұл төлейді
Бақылау шараларына келетін болсақ, бірінші кезеңде екі бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізіледі (талдау келесі жылы жоспар бойынша жүргізіледі):
1) қызметті салық органдарында тіркеу;
2) кірістерді төмендету.
Жалпы, камералдық бақылау салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге бағытталған. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтар туралы ақпараты бар хабарламалар жіберілетін болады.
Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіссе, ол жеке кәсіпкерді тіркеуі немесе декларацияға кіріс сомаларын көрсете отырып қосымша декларация тапсыруы керек (бұзушылық түріне байланысты).
Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіспесе, ол растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге құқылы.
Хабарламаны орындамаған кезде салықтық тексеру тағайындалады, оның барысында банктерден шот бойынша толық ақпарат сұратылады және бұзушылықтардың болуы/болмауы туралы іс жүзінде шешім шығарылады.
ЖК тіркеусіз қызмет үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Кірістерді жасырғаны үшін – төленбеген салықтар сомасының 200% мөлшерінде айыппұл (қайталанған жағдайда – 300%). Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін.
Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне назар аударамыз.
Жоғарыда айтылғандай, бақылау шаралары қызметті тіркеусіз жүзеге асыратын немесе кірістерді жасыратын кәсіпкерлерге ғана әсер етеді.
Жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша) мобильді аударымдар жасай алады және қабылдай алады. Бұл ретте мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені олар жеке тұлғаның табысына жатпайды.
Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жатады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де артады.
2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңге болған еді.
https://baq.kz/salyq-pen-mobildi-audarym-taksister-men-dukenshilerdin-tabysy-qalay-baqylanady-320716/
Мобилдi аударымдар туралы
1. МОБИЛДІ АУДАРЫМДАРДЫ ТЕКСЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Мобилді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.
Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобилді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.
Айта кету керек, мемлекет барлық мобилді аудармаларды тексермейді.
Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.
2. ТУЫСТАР МЕН ДОСТАРҒА АҚША АУДАРУҒА БОЛА МА?
Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобилді аударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ.
3. КЕЙБІР КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТЫП, ТЕК ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫ ТАЛАП ЕТЕ БАСТАДЫ. БҰЛ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗАҢДЫ?
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдері қарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).
4. ЕГЕР КӘСІПКЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА, ҚАЙДА ЖҮГІНУГЕ БОЛАДЫ?
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет.
5. АЛ МЫСАЛЫ, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК? ОЛАР КАССАЛЫҚ АППАРАТТЫ ӨЗДЕРІМЕН БІРГЕ АЛЫП ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ ҒОЙ.
Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобилді қосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы жасауға болады.
Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, сол жерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ.
6. БҰЛ БАСТАМА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ «КӨЛЕҢКЕГЕ» КЕТУІНЕ ӘКЕЛІП СОҚПАЙДЫ МА?
Қазіргі таңда салықтық міндеттемелерді адал орындау әлдеқайда тиімді.
Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді – салық мөлшерлемелеріқызмет түріне байланысты тек 1-4%-ды ғана дейін құрайды.
Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобилді аударымдар қабылдаса, онда ол қазірдің өзінде «көлеңкеде» қалып, салық бақылауына түседі.
Бұл ретте мобилді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді.
Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеушілер тең болуы және алынған табыстан салық төлеуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру
Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы газет беттерінде және әлеуметтік желілерде бірнеше рет айтылды.
Кедергісіз ортаның басты қағидаты - әлеуметтік өмірдің барлық салаларында құқықтарды пайдалануға тең мүмкіндіктер беру. Қолжетімділікті қамтамасыз ету құрылыс нормаларына сәйкес келетін пандустардың болуын, Брайль шрифтімен мәтіндік ақпаратты орналастыруды, сәйкестендіру белгісі бар тұрақ орындарын құруды, қозғалыс жолын, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды бейімдеуді және т. б. білдіреді.
Мүгедектігі бар адамдарға объектілерге қол жеткізу үшін жағдай жасау бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті болып табылады. Мемлекеттік мекемелерді тексеруге ерекше назар аударылады, өйткені мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді алуға мемлекеттік органдарға жүгінеді. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын «Кедергісіз келешек!» - «Кедергісіз болашақ!» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде «Amanat» партиясының Жол картасына сәйкес нысандарды 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен бейімдеу қарастырылған. Бейімделуге жататын барлық басым объектілер Интерактивті қолжетімділік картасында орналастырылған.
Қоғамдық бақылау тобы 2021-2023 жылдары бейімделген 25 объектіге қорытынды мониторинг жүргізді. Барлық нысандар бойынша мәліметтер қолжетімділік картасына енгізілген.
Аурудан, жазатайым және т.б. оқиғалардан біздің ешқайсымыз сақтандарылмағанбыз. Біздің жақындарымыз, таныстарымыз, әріптестеріміз халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында бар. Барлық субъектілердің – кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың назарын аударғымыз келеді, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау, оларды объектілеріне кедергісіз қол жеткізу, жанашырлық таныту, олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін эмпатияға ену.
Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі.
Саяси реформалары
Ресми
Волонтер Кунi
Президент Халықаралық волонтер күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады
– Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.
Казахстан
Бүгінгі таңда Президент реформалары өз нәтижесін беруде. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Сенат пен Парламент Мәжілісінің міндеттері артты. Бұл жерде барлық деңгейдегі мәслихаттың құзыреті артқанын да айта кеткен жөн. Мәслихат өз алдына жеке институт ретінде қалыптасты. Мәслихат депутаттары бюджетті бекітетін, қарастыратын, оны қадағалайтын органдардың біріне айналды.
Маяк» Астрахан аудандық газететінің редакторы
Арман ЖАПАРОВ
Казахстан
Жаңа Қазақстан – дамудың жаңа табалдырығына беттеген жасампаз ел ретінде әлем назарын өзіне аударып келеді. Оған барлығымыз куәміз. Соңғы жылдары елімізде орын алған саяси өзгерістер, нақтырақ айтсақ, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент Мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар мен аудан әкімдерін сайлауы «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы нақты қадамдар деп сеніммен айтсақ болады.
«Маяк» Астрахан аудандық газететінің редакторы
Арман ЖАПАРОВ
"Құқықтық тәртіп" ЖАІШ
"Құқықтық тәртіп" ЖАІШ шеңберінде Жастар ортасында қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында "Октябрдің 50 жылдығы атындағы орта мектепте" білім алушылардың кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор полиция майоры Д. К. Жұматаевамен кездесуі ұйымдастырылды.
Мектепте жасөспірімдермен кездесу және жоспарлы профилактикалық әңгімелер өткізу кәмелетке толмағандар ин жөніндегі инспектор мен мектептің бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушылармен әңгімелесуде Д .Жұматаева. К.балаларға жол ережесі туралы еске салды. Әрі қарай ол балаларға қылмыстың құрбаны болмау туралы айтты: балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ оқушылардың өз бетінше пайдаланатын жеке заттарының сақталуы үшін жауапкершілігі мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, Д. К. Жұматаева "кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Әңгіме барысында ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік қозғалды. Жасөспірімдерге қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар ин жөніндегі Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды, коменданттық сағатты сақтауды ұмытпауды қатаң ұсынды. Ол мектеп оқушыларына алкоголь мен темекіні тұтынудың зияны туралы еске салды, сонымен қатар бұл тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.