
zharkain
Зачеркнутые от руки фамилии в бюллетенях объяснили в ЦИК
Зачеркнутые от руки фамилии в бюллетенях объяснили в ЦИК
В Центральной избирательной комиссии пояснили вычеркнутые от руки фамилии в бюллетени для голосования за депутатов маслихатов на выборах, передает корреспондент Tengrinews.kz.
На избирательном участке номер 122 астанчан возмутило, что в бюллетенях были зачеркнуты сразу пять фамилий кандидатов. Горожанин обратился к СМИ с вопросом - нет ли нарушений в данном моменте.
"Ручкой вычеркнуто несколько фамилий в бюллетенях. Они будут считаться действительными?" - поинтересовался казахстанец после того, как отдал свой голос.
В свою очередь на избирательном участке заверили, что никакого нарушения нет. Фамилии вынуждены были зачеркнуть из-за отказавшихся в последний момент кандидатов.
В пресс-службе ЦИК также пояснили, что зачеркивают фамилии комиссии на местах. Вся процедура проходит согласно порядку.
"Мы направили на участки информацию, чтобы те лица, которые подали заявление и ушли либо были сняты по каким-то определенным причинам, были вычеркнуты из бюллетеней. Поскольку бюллетени были уже изготовлены к этому моменту. Эти бюллетени не считаются испорченными. Вычеркивание фамилий делает комиссия, это процедура согласно порядку", - прокомментировали корреспонденту.
Ранее в ТИК Алматы пояснили, есть ли ответственность за селфи с бюллетенем в избирательной кабинке и в каких случаях наблюдателям и доверенным лицам не разрешается допуск с телефоном на участок.
Напомним, голосование официально стартовало в 07:00. На 92 участках, согласно принятым решениям территориальных комиссий, голосование началось в 06:00 часов утра.
ТУҒАН ТІЛІҢ - ТҰҒЫРЫҢ
Бүгінде біздің республикамызда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп, елімізді өркендету жолында жасампаздықпен еңбек етіп жатқаны баршаға мәлім. Олардың өзара ұдайы ынтымақтастық, достықта болып, бірін-бірі кіршіксіз түсінуіне мемлекеттік тілді және әрқайсының өз ана тілін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады. Қазақстанда оған барлық жағдай жасалған. Республикамызда жыл сайын өтетін Тілдер мерекесі күніндерінде және басқа да іс – шараларда оның шынайы бейнесі жарқырай көрінуде.
Тіл – кез келген мемлекеттің алтын діңгегі. Діңгек мықты болмаса, ол елдің шаңырағы түптің түбінде шайқалатыны шындық. Ұлттық рух, ұлттық тіл, ұлттық сана-сезімі жоғары болмаған мемлекеттің де, ұлттың да болашағы бұлыңғыр болады. Сондықтан, оның тілін сүймеген адам сол мемлекеттің толыққанды мүшесі бола алмайды. Өйткені, тіл ұлттың ұлттығын, елдің елдігін танытатын бірден-бір белгісі. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері тіл мәселесінде бірталай бет бұрыс болғанымен әлі де кеміс тұстары көптеп кезігеді. «Тіл туралы» Заңды орындау барша Қазақстан азаматтарының абыройлы борышы. Алғаш 1989 жылы тіл туралы жаңа заң қабылданып, жер жерлерде қазақ тілі қоғамдары құрылып, біраз шаруалар тындырылғанын көпшілік біледі. Бұл арада тіл мәселесін сөз еткенде тілдік саясатты қоғамдық идеялық бірлікті, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайтудың құралы ете білу керек. Туған тілімізді жан-жақты қолданыстағы қажеттілікке енгізу басты міндет болу екендігін Ата заңда көрсетілген болатын.
Біз халықтар арасындағы бірлікті, татулықты, достықты бірінші орынға қоямыз, мұны барлық ұлттардың өкілдері қолдады, ендеше олар біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тіл саясатына оның ұлттық идеологиясына шын пейілмен атсалысуы керек. Сонда ғана қазақ тілі мен мәдениеті өз деңгейіне шыға алады. КСРО тарап Егеменді 15 мемлекет шаңырақ көтерген кезде тәуелсіздік алған мемлекеттердің барлығында да тек республикаға есімі берілген тұрғылықты ұлттардың тілі ғана мемлекеттік мәртебені иеленіп қалғанын біз білеміз. Ал сол елдің ішіндегі кіші ұлт пен ұлыстардың тілдеріне мән берілген жоқ болатын. Бізде орыс тіліне ресми тіл мәртебесі берілді, өзге ұлттар тілінің дамуына да қамқорлық жасау заңды тұрғыдан қамтамасыз етілді. Мемлекеттік тілді білуге біздің елде ешқандай қысым жасалмайды. Біздің өз Ана тіліміз бар, атымыз бөлек халықпыз, басқа тілді білуге байланысты бізді ерекше топқа жіктеуге болмайды. Біз Ана тілімізбен бірге мемлекеттік тілді білуге, үйренуге дайынбыз, оны құрметтеп, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, жиындарды қазақша өткізіп, тіпті болмаса екі тілде жүргізуге әдеттенеміз. Біздің елге келіп жұмыс істеп жатқан кейбір шетелдіктердің, әсіресе ағылшындармен түріктердің 5-6 айдың ішінде қазақ тілін меңгеріп кететіндігін көріп жүрміз. Тіл үйренем деушілерге қайда да мүмкіндік мол ғой. Мекемелерде арнаулы сабақтар да жүргізіледі. Осы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды мемлекеттік қызметішілер тиімді пайдалана білсе, мекемелерде, ұйымдарда әлдеқайда өткізілетін жиындар мен жедел кеңестер мемлекеттік тілде еркін өткізілетін еді...
Қазір Қазақстанға дүниежүзі үлкен үміт артып, келешекте орта Азиядағы үлгілі көш басы, өркениетті, мәдениеті дамыған ел болады деп қарап отыр. Сондықтан, осы сенімді ақтау үшін өзіміздің қазақи әдет-ғұрып, салт-санамызбен бірге Ана тілімізді дамыту керек. Сонда ғана тәуелсіз ел екендігімізді әлемге таныта аламыз.
Жарқайың ауданының полиция бөлімі.
Анашым менің ардағым
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ екені әр қайсымызға бала кезімізден таныс ақиқат. Ананың алақаны біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп-нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдаса уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісі шыққанша тамағын аузына салып, киімін тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, бағып-қағады. Осы нәзік жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, көктемнің гүліндей құлпырған қыздарды құттықтап, жыл сайынғы дәстүрге айналған салтымыз бойынша біздің бөбекжайымызда 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелік іс-шарамен атап өтті. Ертеңгіліктердің шымылдығын бөбекжайымыздың ең кішкентай бүлдіршіндері – «Күншуақ» ерте жас тобы ашып, өздерінің жастарына сай ән, би, ойындарын көрсетіп, тәтті қылықтарымен баурап, ата-аналардың көңілдерінен шықты. «Ақбота» кіші тобының тәрбиешілері аталған мерекелік іс – шараларына ертегі кейіпкерлерін енгізіп, балалардың көңілін көтерді. Балалалар «Көбелек» биі мен «Жүрекшелер» биін орындап, ана туралы ән айтып, өнерлерімен таңғалдырды. «Балапан» ортаңғы топ тәрбиешілері М.Т. Дабылова Ә.Ә. Нұрмағанбетова «Ана туралы» ән орындап мерекенің шырайын ашып, ертеңгіліктерді жалғастыра кетті. Аталған топтың кішкентай тәрбиеленушілері өнерлерімен бөлісіп, өз аналарын қуанышты көңіл – күйге бөледі. Ұл балалар қыз балаларға арнап әндерін айтып, гүл сыйлап мерекенің сәнін кіргізді. Балалармен ата-аналар ойындарға белсене қатысып, жақсы көңіл-күйде болғандары байқалды. Балалар «Әжем менің айдай», «Анажаным» әндерін орындап көрерменді толқытып, тебірентті. Қыз балалар мың бұралып замануи «Селфи» атты биін билесе, ұлдар «Шляпа» атты билерімен көзге түсіп, баршамызды тамсандырды. Іс–шара осылайша өзінің жалғасын тауып, мереке келісе қалды.
Осылайша, бөбекжайымыздың барлық топ тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарды жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндерінің бірі – 8 наурыз мерекесімен өздерінің пәк кіршіксіз көңілдерімен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
МКҚК «Балдырған» бөбекжайы» музыка жетекшісі Искакова Г.Б.
Ювеналды соттардың соттылығы
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер соттылығына жатқызылған кешенді юрисдикциялық соттар ретінде құрылды.
Заң шығарушы ювеналды соттарға қаралатын істер шеңберін нақты анықтады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін айқындау; ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау және басқа адамдарда болатын баланы айырып алу туралы; бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу және оның күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; әке болуды анықтау туралы және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста немесе нақты ақшалай сомада алименттер өндіріп алу туралы; алименттердің мөлшерін азайту туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін.
Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің және қылмыстық істердің соттылығы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 684-баптың 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтарында және қылмыстық іс жүргізу кодексінің 307-бабы 1-бөлігінің 1 және 2-тармақтарында айқындалған.
Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кеңсесінің меңгерушісі А. Кантарбаева.
Кәмелетке толмаған бала медиативтік келісім жасасуға байланысты қылмыстық іс бойынша жазадан босатылды
Кәмелетке толмаған адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188- бабы 3) тармағының 3-бөлігі/бұдан әрі-ҚК/көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен сотқа берілді.
Айыптауға сәйкес, кәмелетке толмағандар қоймаға кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады. Осылайша, сотталушы қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін дүкенге кіріп, есептегіштен 140 000 теңгені жасырын ұрлап кеткен.
Заңсыз өндірілген мүлікті жеке қарамағына алғаннан кейін кәмелетке толмаған сотталушы қылмыс орнынан 140 000 теңге сомасына материалдық залал келтіріп, қашып кетті.
Сот отырысы барысында кәмелетке толмаған сотталушының адвокаты қылмыстық іс бойынша кәмелетке толмаған сотталушыны айыптау бойынша ҚК-нің 188-бабы 3) – тармағының 3-бөлігі бойынша, атап айтқанда, жәбірленушімен медиативтік келісім жасасу жолымен татуласуға байланысты қоймаға заңсыз кіріп жасалған бөтен мүлікті жасырын ұрлау бойынша айыптау бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішхат берді.
Сотталушы кәмелетке толмаған адам ұрлық жасағаны үшін өзінің кінәсін толық мойындады және адвокаттың қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішімен келісті.
Сотта жәбірленуші медиативтік келісімнің жасалғанын растады. Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға қарсы болған жоқ.
Кәмелетке толмағанның заңды өкілі-адвокаттың кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішімен келісті.
ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Сот іс материалдарын зерделеп, тараптардың ұстанымын тыңдап, мәлімделген өтінішхаттың дәлелдерін, өтінішхатты қолдаған жәбірленушінің, прокурордың пікірін тексергеннен кейін оны қанағаттандырды. ҚК-нің 188-бабы 3-тармағының 3) - бөлігі бойынша кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты іс бойынша іс жүргізуді ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігі негізінде тоқтатты.
Сот қаулысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органға жүктей отырып, тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шарасын қадағалауды жүзеге асыру бойынша бақылау тағайындалды.
Сот актісі негізінде кәмелетке толмағанның заңды өкілінен мемлекет кірісіне 231 /екі жүз отыз бір/ теңге сомасында іс жүргізу шығындары өндірілді.
ҚК-нің 11-бабының 4-бөлігіне сәйкес ауырлық дәрежесі бойынша жасалған құқыққа қарсы іс-әрекет ауыр қылмысқа жатқызылады.
Сот процеске қатысушылардың дауды соттан тыс тәртіппен реттеуге бағытталған белсенді жұмысын атап өтеді, бұл мемлекет саясатын қолдайтынын көрсетеді.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, сот отырысының бас маман –хатшысы С.С. Габдуллина.
Мұздың еруі
Көктемнің алғашқы күндерінен қар мен мұздың жылдам еруі басталған. Осыған байланысты ауданың су айдындары көктем мерзімінде ТЖ туындайтын қауіпті аймаққа айналары сөзсіз. Қыс мерзімінде сенімді өткел болған, мұз астынан балық аулайтын, қысқы аңшылық жасайтын және конькимен сырғанайтын орындар қазір өте қауіпті. Күндіз температураның күрт көтеріліп және түнде оның төмендеуі, қардың еруі мен еріген қардың ұсақ жыраларының қосылуы мұзды жарып және осал етеді. Мұз бетінде жарықтар пайда болып, шұңқырлар мен еріген мұздың шетінен су көтеріледі. Сондықтан да жұқарған борқы мұздың бетіне шығу, кесіп өту немесе көлікпен өту өте қауіпті.
Қайғылы жағдайдан аулақ болу мақсатында есіңізде сақтаңыз:
- мұз бетіне шығарда өте сақ болыңыз, ауыз суға пайдаланылатын айдын мұзы 10 см, ал тұзды судың мұзы 15 см кем болмайтын болса, адам үшін қауіпсіз болып есептеледі;
- мұз жылдам ағыстарда, өзеннің сағасы мен салаларында, жерасты сулары мен ағынды суларда, ағаш пен қамыс өсетін жерлерде осал болады;
- сұр, күңгірт-ақ түсті немесе сары түсті реңі бар мұз өте сенімсіз, оған мұз жарылмай-ақ оп-оңай түсіп кетуге болады;
- балаларды ересектерсіз мұз бетіне ешқашан жіберуге және тәуліктің қараңғы мерзімінде, алыстан көру шектеулі кезде (тұман, қалың қардың жауы, жауын) мұз бетіне шықпаңыз;
- аса қауырт кезде мұз бетімен өтерде басылған сүрлеу немесе жасалған шаңғы жолымен жүрген қауіпсіздеу болады. Ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, мұз бетіне түсердің алдында жолды мұқият қарап, дұрыс бағыт жасап алған жөн;
- мұздың қалыңдығын аяқпен теуіп көруге болмайды, егер мұзды жарылған ағаш немесе шаңғы таяғымен бір салғанда аздап су шығатын болса, онда мұздың жұқа және бетімен жүруге болмайтынын ескеріңіз;
- шытынап жарыла бастаған жұқа мұз үстіне шығып қалған жағдайда, абайлап келген ісіңізбен сырғанап, мұздан аяғыңызды көтермей, салмағыңызды үлкен ауданға бөлу үшін аяқтарыңызды иықтарыңыздың көлденең ұзындығы мөлшерінде қойыңыз да жылжыңыз;
- масаң күйде мұз бетіне шығуға, мұз бетінде жүгіріп секіруге, бір жерге қаншама адам жиналуға, жылдам ағысты өзендерде пайда болатын жұқа мұз бетіне шығуға тиым салынады.
Мұз бетінде мұқият және абай болыңыз!
Жарқайың ауданының ТЖБ-нің аға инженері,азаматтық қорғауаға лейтенанты Бердыгалиев М.Н.
Аналар мәңгі жасасын
Ауылымызда ең бір көктемнің шуақты мерекесі 8-Наурыз халықаралық аналар және қыз келіншектер күніне орай, мәдени демалыс орталығында «Аналар мәңгі жасасын» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік іс-шара басында ауыл әкімі С.Т.Саухимова барша нәзік жандыларды құттықтап, көп балалы, алтын құрсақты аналарға силықтар табыстады. Ал, ауылдың Ардагерлер кеңесінің төрайымы Асылзат Сыздықова барша мереке иелерін шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, ән, би, жырмен ғана шектелмей, көп балалы аналарға деген құрметпен фотокөрме ұйымдастырылды.
«Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша адамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы жоқ шығар бұл жалғанда?
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге ешкімде тең келмейді. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!
Тасөткел демалыс орталығының басшысы С.К.Қырқанов.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті жарқайыңдықтар! Сіздерді 21 наурыз күні сағат 11.00-де қаланың орталық алаңында өтетін «Наурыз Мейрамы» мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз. Бағдарламада: «Наурыз көже» мерекелік дәм, ұлттық тағамдар көрмесі, «Бауырсақ – думан» шоу конкурс, «Айран шоу», ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар және мерекелік концерт.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды
13 наурыза Н.Крупская атындағы ОМ акт залында 9-11 сыныптар арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Ярослав Чегодаев - Крупская атындағы ОМ 10 сынып оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 жүлделі орынға ие болды. II дәрежелі дипломмен, медальмен және естелік сыйлықпен марапатталған.
София Попова - Крупская атындағы ОМ 9 сынып оқушысы химия пәні бойынша 3 жүлделі орынға ие болды. III дәрежелі дипломмен, медальмен және естелік сыйлықпен марапатталған.
Ярослав Чегодаевке 1-10 сәуірден бастап Шымкент қаласында өтетін 9-11 сыныптар арасындағы олимпиаданың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз.
Ақпарат көзі: instagram.com/obrazovaniiao.
Математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті
9 наурызда Көкшетау қаласының «Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясы» КММ орта мектебінің базасында математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: математика мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру.
Облыстық кезеңге барлығы 19 педагог қатысты. Олимпиада 4 турдан өткізілді, әр тур үш тапсырманың жазбаша шешімін ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Державин қаласының А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі - Дамер Болатбек 1 орын алды.
Біздің мұғалім 2023 жылдың 28-29 наурызында Ақтөбе қаласының «Шығармашылық академиясы» базасында өтетін республикалық кезеңге қатысу үшін Ақмола облысының мұғалімдер командасына кірді.
Ақпарат көзі: instagram.com/obrazovaniiao.