г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Депутаттыққа үміткерлер неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина кандидаттардың бәрі неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – базбіреудің шешімі емес. Бұл – Орталық сайлау комиссиясының қаулымен рәсімдеген шешімі. Ол шешім қабылданған кезде «Халық банк» бүкіл ел аумағында филиалдар желісі бар банк болатын және кез келген науқанның сайлаушылары мен сайлау процесіне қатысушыларының көбіне қолжетімді болды», - деді Сәбила Мұстафина.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын жеребе арқылы анықтаған болатын.

https://www.inform.kz/kz/deputattykka-umitkerler-nege-arnayy-shotty-bir-gana-bankten-ashyp-zhatyr_a4037509

Мәжілістегі бір орынға орта есеппен 15 кандидат таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын шығардық. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісіне 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 281 кандидат, ал бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 435 кандидат тіркелді. Орта есеппен қарасақ, бір мандатқа 15 адам күреседі», - деді ол.

Ал, мәслихаттардағы бір орынға орта есеппен 3 кандидаттан келеді.

«Мәслихаттардың депутаттығына саяси партиялардың 118 партиялық тізімі бойынша 1 447 кандидат, мәслихаттардың депутаттығына бір мандатты сайлау округтері бойынша 10 288 кандидат тіркелді. Олар 3 081 мандат үшін күреседі. Сонда бір мандатқа орта есеппен 3,34 үміткер деп айтуға болады», - деді Нұрлан Әбдіров.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын жеребе арқылы анықтаған болатын.

Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы – бірінші, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – екінші, «Respublica» партиясы – үшінші, Қазақстан халық партиясы – төртінші, «Байтақ» жасылдар партиясы – бесінші, «Ақ жол» партиясы – алтыншы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында.

https://www.inform.kz/kz/mazhilistegi-bir-orynga-orta-eseppen-15-kandidat-talasady_a4037503

Понедельник, 20 февраля 2023 04:46

ОСК 125 кандидатты тіркеуден бас тартқан

ОСК 125 кандидатты тіркеуден бас тартқан

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы Мәжіліс сайлауына ұсынылған неше адамның тіркеуден өтпей қалғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер негізінде кандидатты ұсынғаннан кейін тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін 45 кандидат кандидатурасын өз қалауымен алып тастау туралы өтініш жазған. Комиссиялар оларды берілген өтініш негізінде тіркеуге алмады. 125 кандидатттың тіркеу туралы өтініші кері қайтарылды. Оның ішінде бір кандидат ҚР Конституциясы мен «Сайлау туралы» конституциялық заңының Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 10 жыл көлемінде тұру қажеттігі жөніндегі талапқа сәйкес келмегені үшін тіркеуден өтпеді», - деді ОСК төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бірнеше кандидат Бас прокуратураның мәліметі негізінде тіркеуге алынбаған.

«Бас прокуратураның мәліметі негізінде, 4 кандидат бойынша есептен шығарылмаған және өтелмеген соттылықтың болуына байланысты, 5 кандидат бойынша сот сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін немесе сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзғаны үшін кінәлі деп танығандықтан бас тартылды. Бас прокуратураның мәліметі бойынша 9 осындай канидат бар болып шықты», - деді ол.

ОСК өкілінің сөзіне қарағанда тіркеуден бас тартылған кандидаттардың басым көпшілігі құжаттардың толық пакетін ұсынбаған.

«Жекелеп айтсақ, кандидаттардың кейбірі сайлау жарнасын ұсынбады. Осыны негізге алып, кеше оларды тіркеуден бас тартылды. Бір кандидаттың өтініші сайлау насихатын заңмен белгіленген мерзімнен тыс уақытта жүргізгені үшін кері қайтарылды. Тіркеліп қойғаннан кейін 4 кандидаттың тіркеу құажытының күші жойылды. Оның біреуі өз қалауымен, үшеуі тапсырған декларациясындағы мәліметтердің жалған боулына байланысты», - деді Константин Петров.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Сондай-ақ, кеше Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын жеребе арқылы анықтаған болатын.

https://www.inform.kz/kz/osk-125-kandidatty-tirkeuden-bas-tartkan_a4037493

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы: Үгіт-насихат кезеңі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына түсетін кандидаттар мен партиялар үшін үгіт-насихат кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталды. Аталған науқан 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау өтеді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын берудің шарттары бар. Тәртіп бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда лауазымды тұлғаға 30, ал заңды тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - деп ескертеді Орталық сайлау комиссиясы.

Бұған дейін Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарға ҚазАқпарат сайтынан интернет-алаң беру шарттары туралы хабарлаған едік.

Айта кетсек, үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 19 қаңтарда Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 2023 жылғы 19 наурызға белгіленді.

Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін жалғасты.

Ал кандидаттарды тіркеу 20 қаңтарда басталып, бүгін аяқталды.

Партиялардың атаулары сайлау бюлетеніне қандай тәртіппен орналасады - ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын анықтау мақсатында жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған тіркелген 7 партияның өкілдері қатысты. Олар ортаға шығып, ішіне 1-ден 7-ге дейін сандар жазылған конверттерді алды. Тиісінше, жабық конверттегі нөмірлер партияның бюлетенде нешінші болып орналасатынын айғақтайтын болады.

«Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы - бірінші орында, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы - екінші орында, «Respublica» партиясы – үшінші орында, Қазақстан халық партиясы – төртінші орында, «Байтақ» жасылдар партиясы – бесінші орында, «Ақ жол» партиясы – алтыншы орында, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында. Жеребені өткізу тәртіптері хаттамамен бекітіледі», - деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

Еске сала кетейік, Мәжіліс пен маслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген.

https://www.inform.kz/kz/partiyalardyn-ataulary-saylau-byuletenine-kanday-tartippen-ornalasady-osk_a4037286

ОСК партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысын шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тіркеу кезеңі аяқталады. Сонымен қатар, 15 ақпанда Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша тіркеу аяқталды. Аумақтық сайлау комиссияларының ақпаратына сай, кеше пропорционалды негізде сайланатын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаты депутаттарының жартысын сайлау жөніндегі партиялық тізімдерді тіркеу өз мәресіне жетті. Кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу 20 өңірдің әрқайсысында жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге дейін жалғасатын болады», - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сонымен қоса ол партиялық тізім негізінде 69 депутат сайланатынын атап өтті.

«Барлық 7 партияның съездерінде партиялық тізімге 283 кандидат енгізілді. Тіркеу кезеңінде әр саяси партияның өкілдері қаралды. Біз барлық 7 партияның тізімін толық зерделедік», - деді Константин Петров.

Оның айтуынша, Қазақстан халық партиясынан – 52, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан - 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – 25, «Amanat» партиясынан – 90, «Respublica» партиясынан – 23 кандидат тіркелді. Сонымен қатар, соңғысынан 2 кандидат өздері берген өтінішке сәйкес, партиялық тізімнен шығарылды.

«Осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 69 мандатына үміткер саяси 7 партияның тізіміне 281 кандидат енгізілді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті көлемін сақтайды. Осы үш санатқа жататын кандидаттардың барлық партиялық тізімдерде ұсынылу мөлшері - 38,1%. Үміткерлердің орташа жасы - 45,7. 19 үміткер 29 жасқа дейінгі жастар болса, 80 әйел кандидат ұсынылды. Бұл жалпы санның 28,5%-ын құрайды. Сонымен қоса, 201 ер адам ұсынылды. Тізімге 12 ұлттың өкілдері енгізілген», - деп түйіндеді Константин Петров.

Еске сала кетейік, Мәжіліс пен маслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген.

https://www.inform.kz/kz/osk-partiyalyk-tizim-boyynsha-saylanatyn-kandidattardy-tirkeu-korytyndysyn-shygardy_a4037299

Ұлыбритания парламенті Қазақстандағы Мәжіліс сайлауына байқаушы жіберуді жоспарлап отыр

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Британ парламентіндегі Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық қауымның депутаты Дэниел Кавчински Қазақстанда 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына бақылаушы ретінде ұсынылды. Парламент мүшесі Астанаға алдағы сапарының жоспары мен одан не күтетіні жайлы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлыбритания парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Жалпыпартиялық парламенттік топ парламентаралық диалогты дамыту мақсатында 2015 жылдың күзінде құрылған.

Топ өкілдерінің құзыретіне сыртқы саясат, қорғаныс, барлау және қауіпсіздік, қару-жарақ экспортын бақылау, экономика, сауда, ғылым және білім беру мәселелері кіреді.

«Біз Қазақстан сияқты ортақ ережелерге негізделген дүниетанымы ортақ және демократия мен еркіндікті ілгерілетуді қалайтын елдермен байланыс орнатқымыз келеді», - деді Д.Кавчински ҚазАқпарат тілшісіне.

«Мен үшін Астанада өтетін сайлауға бақылаушысы ретінде келуге шақыру алу - үлкен мәртебе. Мен үшін сайлау учаскелеріндегі нақты жағдайды көру, дауыс беруге келген қазақстандықтармен әңгімелесу өте қызық», - деді британдық депутат.

«Қазақстанның Ұлыбританияда беделі жоғары. Біздің елдеріміздің бірлескен өзара тиімді іс-әрекеттері үшін зор мүмкіндіктері бар», - деп атап өтті Британ парламенті төменгі палатасының депутаты.

«Сайлаудың қалай өтіп жатқанын, сөз бостандығының жағдайын, барлық саяси партияларға сайлаудың тең дәрежеде болуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы тең эфир уақытын алу үшін қандай мүмкіндіктер берілгенін түсіну үшін үкіметтік емес ұйымдармен және сараптама орталықтарымен пікір алмасқым келеді. Бұл кез келген сайлаудың қаншалықты ашық және қаншалықты еркін өтетінін бағалау кезінде өте маңызды», - деді спикер.

Сонымен бірге, сайлау үдерістері туралы айта келе, британдық парламентарий демократияны құрудың тамаша үлгілерін іздемеуге шақырды, өйткені барлық елдердің өз кемшіліктері бар.

«Бізде проблемалар жоқ деп ойламаңыз. Біз жақында ғана сайлау заңнамасына өзгерістер енгіздік. Енді сайлау учаскесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету міндетті болып табылады», - деді Д. Кавчински.

2023 жылға дейін Ұлыбританиядағы сайлауға (Солтүстік Ирландиядан басқа) қатысу үшін ешқандай құжат көрсету қажет етілмеген. Сайлаушылар пошта арқылы немесе сайлау учаскелеріне келіп, тек аты-жөнін, мекен-жайын айтып дауыс берді. Өзгерістердің мақсаты - британдық сайлауда бұрмалауға жол бермеу.

«Дауыс беру жүйесінің әділ болуы үшін бәріміз үйреніп, өзгерудеміз. Бұл - өте маңызды, өйткені біз келісе алатын бір нәрсе бар, ол – халықтың дауыс беру жүйесі олардың тілектерінің шынайы көрінісі екеніне сенімі», - деп атап өтті спикер.

Д.Кавчински Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі тарапынан Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдайтынын атап өтіп, Мәжілістің болашақ құрамымен байланыстар тереңдетіліп, кеңейтілетініне үміт білдірді.

«Біздің парламент пен Қазақстан парламенті арасында екіжақты байланыс орнату керек. Ол үшін мен Вестминстер Демократия қорын, сондай-ақ басқа да көптеген британдық талдау орталықтары мен институттарын пайдаланғым келеді», - деді ол.

Айта кетейік, Вестминстер Демократия қорының серіктестері қатарына әлемнің 30-дан астам елінде маңызды саяси және әкімшілік міндеттерді шешетін парламенттер, саяси партиялар, сайлау органдары және азаматтық қоғам ұйымдары кіреді.

https://www.inform.kz/kz/ulybritaniya-parlamenti-kazakstandagy-mazhilis-saylauyna-baykaushy-zhiberudi-zhosparlap-otyr_a4037198

10 ақпанда «Уәлиханов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Сабақтың тиімділігі - мұғалімдер мен оқушылардың жетістігін ынталандыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға «Әдістемелік білім беру орталығы» КММ меңгерушісі – З.А. Жумагулова, әдіскерлер А.Е. Сейтжанова және А.Ж. Казканов, сондай-ақ аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында Ш.Уалиханова атындағы білім ордасының мұғалімдері заман талабына сай, жаңа үлгіде ашық сабақ өткізді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 6 «Б» сыныбында - Жанбаева Г.Е мемлекетіміздің төл тарихын балаларға оңтайлы әдіспен түсіндіріп, жаңа технологияларды көрсетті.  «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 4 «Б» сыныбында және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 5 «Б» сыныбында -К.С. Тұяқова балаларға тың оқу жобаларын үйретті.   «Физика» пәні бойынша 7 «Б» сыныбында - Д.К. Кабдимажитов табиғи құбылыстардың орын алу себептерін оқушыларға түсіндірді. Сонымен қатар, география пәнінің мұғалімі Е.Н. Перегуда «Жаратылыстану ғылымдары тәжірибелер мен эксперименттер арқылы» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.  Семинар соңында мектеп оқушылары «Мен жастарға сенемін...» тақырыбында М.Жұмабаевтың 130-жылдығына арналған концерттік бағдарламасын мұғалімдердің назарына ұсынды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б. Айтпаева.

А. Үкібай орта мектебінің ұйымдастыруымен "Отбасы тәрбиесінде діни терроризм және эстримизмнің" алдын алу мақсатында 8-11сынып оқушыларымен ауданымыздың бас имамы Алмас қажы Оспанұлы және жастар ресурстық орталығының басшысы Карин Шынболат түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жастар ресурстық орталығы

Понедельник, 20 февраля 2023 03:54

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2023 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2-8 ақпан аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Жарқайың ауданының жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы А. Үкібаев орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алудың әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
  2. Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлерінің арасында әңгімелесу жүргізілді.
  3. 7 ақпанда Тілдерді оқыту орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әңгімелесу өткізілді.
  4. 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова «Жемқорлық ұғымы туралы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Нақты ақпаратпен кадр жөніндегі инспектор және бөлімнің есепшісі танысты.
  5. «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 7 ақпанда жеке кәсіпкерлер арасында «Мен адал бизнесті таңдаймын» тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның аясында «Аниса» ЖК өкілдерімен әңгімелесу жүргізілді. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және «Адал бизнес» жүргізуге шақырды.
  6. «Сары - арқа» телеарнасында «Жетекші сағаты» бағдарламасының аясында Державин қаласының әкімі Т.О.Бейсенов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тақырыбында парасаттылық сағатын өткізді.
  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында Львов ауылдық кітапханасы оқырмандар арасында «Сыбайлас жемқорлық: қылмыс және жаза» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
  8. 8 ақпанда 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Державин қаласының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

                Жарқайың ауданының әкімдігі.

Страница 41 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…