zharkain
Халықаралық байқаушы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді
Халықаралық байқаушы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кавказ тарихы орталығының директоры (Әзербайжан), байқаушы Ризван Наджаф оғлы Гусейнов Қазақстандағы сайлау бюллетенінде жазылған «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Таңертең қаладағы біраз сайлау учаскесінде болдым. Жалпы, халықтың дауыс беруге келуі қарқыны жақсы және түске қарай бұдан да жоғары болады деп ойлаймын. Қазақстанда сайлау бюллетенінде «бәріне қарсымын» деген жолақ бар. Осы орайда кез келген сайлаушы тізімдегі үміткерлерге өзінің қарсылығын айқын білдіре алады. Бұл өз кезегінде демократияның көрсеткіші деп білемін. Адамдар осы арқылы өз көзқарасын ашық көрсетеді. Сайлау қорытындысы бойынша «бәріне қарсымын» жолағын белгілеген адамдар саны сарапшылар мен әлеуметтанушылар үшін қызық болады деп санаймын. Өйткені осының барлығы сайлауалды бағдарламасының қаншалықты тиімді болғанын көрсетеді», - деді Ризван Наджаф оғлы Гусейнов елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.
Өз кезегінде саясаттанушы, Кавказ халықаралық университетінің профессоры (Грузия) Вахтанг Маисая дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылар қарқыны жақсы екенін құптады.
«Таңертеңнен бері 11 сайлау учаскесінде болдым. Атап айтқанда, елеулі кемшіліктер байқалмады», - деді В. Маисая.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.
Қосшыда 99 жастағы қария әулетімен келіп, сайлауда өз таңдауын жасады
Қосшыда 99 жастағы қария әулетімен келіп, сайлауда өз таңдауын жасады
Қосшы қаласында 99 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаев ақсақал сайлауға келіп өз таңдауын жасады. Тұтас әулетімен келген ақсақал елдегі елеулі саяси оқиғаның маңызы аса жоғары екенін атап өтіп, батасын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Көненің көзі болған ақсақалдың отбасы түгелдей ұлттық киім киіп келіпті. Ғасыр жасаған ақсақал халыққа ақ батасын арнады.
– Елдің тәуелсіздігі баянды әрі тұғырлы болсын. Бүгінгі саяси додаға әулетімізбен келіп өз таңдауымызды жасадық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді Нұрқасым ақсақал.
Елдегі саяси маңызды оқиғадан қалыс қалмаған ақсақалға ризашылығын білдірген сайлау комиссиясының төрағасы сыйлыққа астау тарту етті.
https://aikyn.kz/245432/kosshyda-bir-99-zhastagy-kariya-euletimen-kelip-saylauda-oz-tandauyn-zhasady/
Сағат 12.10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген а
Сағат 12.10-дағы жағдай бойынша
азаматтардың учаскелерге келуі туралы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 % бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 33,58%
2. Ақмола облысы бойынша – 33,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18%
4. Алматы облысы бойынша –34,41%
5. Атырау облысы бойынша –30,66%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша –33,61%
7. Жамбыл облысы бойынша –35,82%
8. Жетісу облысы бойынша –33,15%
9. Қарағанды облысы бойынша –34,19%
10. Қостанай облысы бойынша –37,39%
11. Қызылорда облысы бойынша –32,78%
12. Маңғыстау облысы бойынша –32,43%
13. Павлодар облысы бойынша –34,26%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –32,81%
15. Түркістан облысы бойынша –38,29%
16. Ұлытау облысы бойынша- 34,61 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша –34,16%
18. Астана қаласы бойынша –23,35%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,25%
20. Шымкент қаласы бойынша –19,63%
Келесі жедел ақпарат сағат 14.10-да берілетін болады.
Әлемнің тағы 9 қаласында дауыс беру басталды
Мемлекет басшысы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.
Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.
ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.
19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.
https://www.inform.kz/kz/memleket-basshysy-mazhilis-pen-maslihattar-saylauynda-dauys-berdi_a4047427
Әлемнің тағы 9 қаласында дауыс беру басталды
Әлемнің тағы 9 қаласында дауыс беру басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.
Сонымен қатар Джакарта, Бангкок мен Ханой қалаларында сайлау учаскелері ашылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.
Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.
ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.
19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.
Бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген. 2023 жылғы 4 наурыздан бастап учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі деректері тексеру мүмкіндігі берілді.
https://www.inform.kz/kz/alemnin-tagy-9-kalasynda-dauys-beru-bastaldy_a4047387

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды
ҚазАқпарат – Бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің жетінші сайланған Мәжілісін тарату туралы Жарлық шығарды. Мәжіліс құрамында 107 депутат бар еді. Ал жаңадан жасақталатын Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланатын 9 мандат қысқарып, 98 депутат қалады және олардың өкілеттік мерзімі – бес жыл болмақ.
Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы – бірмандатты округтерден сайланады. Үміткерлер сайлауға партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан қатыса алады және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттардың 50 пайызы мажоритарлы жүйе бойынша, ал қалған 50 пайызы – партиялық тізімдер бойынша сайланбақ. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толық мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Мажоритарлық жүйе – саяси партиялар емес, нақты жеке тұлғалар дауысқа түсетін әдіс.
Бұған дейін саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдеген еді. Бұрын партия құру үшін құрамындағы адам саны 20 мыңға жетуі тиіс еді, ал қазір 5 мыңға дейін қысқартылды. Партиялардың аймақтардағы өкілдіктерінде, әр өңірде кемінде 600 жақтас болуы шарт еді, бүгінде саяси ұйымның тіркелуі үшін әр аймақтан 200 адам жеткілікті.
Партиялардың Парламентке өтуі үшін ең төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдарға 30% квота сақталады.
Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия тіркелді, олар – «Қазақстанның Халық партиясы», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «AMANAT» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы, «Respublica» партиясы.
Республикалық телеарналарда тікелей эфирде Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 партия өкілдері арасында үш дебат өтті.
Бүгін 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген.
Ел учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды.
Уақыт белдеуіне байланысты кейбір шет мемлекеттерде дауыс беру бізден ерте басталды. Қазақстандықтар өмір сүретін Еуропа, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Үндістан сынды бірқатар мемлекетте 77 дауыс беру учаскесі ашылған.
Бұл жолы дауыс санау процедурасы ұзаққа созылады. Себебі бюллетеньдер саны әдеттегіден көп. Бірақ, заң бойынша дауыстарды санау 12 сағаттан аспауы тиіс. Дауыстарды санау барлық сайлау учаскелерінде таңғы 8:00-де аяқталады.
Республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы және Шымкент) дауыс беру төрт бюллетень бойынша саналады. Оның екеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және екеуі – мәслихаттар бойынша. Ал 17 облыста дауыс беру бес сайлау бюллетені бойынша өтпек. Оның екеуі Мәжіліс бойынша, екеуі – облыстық мәслихаттар бойынша және біреуі – аудандық немесе қалалық бюллетеньдер.
Сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Оның ішінде белгілі бір бөлігі тікелей сайлау учаскелерінде және бір бөлігі көшеде тәртіпті қадағалайды. Одан бөлек, сайлау учаскелеріне жақын аумақтарда күзет болады.
Сайлау күні мүгедектігі бар жандарға да тиісті жағдай жасалады. Барлық өңірдегі сайлау учаскелерінде Брайль шрифті бар трафареттер, сондай-ақ кандидаттар тізбесі бар бюллетеньдердің аудио нұсқалары қолжетімді болады.
Сондай-ақ сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова дауыс берушілерге маска тағуды ұсынды.
Открылись избирательные участки в Каире и Претории
Открылись избирательные участки в Каире и Претории
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Открылись избирательные участки в Каире и Претории. Об этом передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу МИД РК.
Как сообщалось, выборы депутатов Мажилиса и маслихатов стартовали в Казахстане.
В списки избирателей вошли 12 млн 32 тысячи 550 человек.
В связи с временным поясом в некоторых странах голосование началось раньше, чем в Казахстане. При загранучреждениях Казахстана в 62 иностранных государствах образованы 77 избирательных участков.
В 05:00 часов по времени Астаны (в 07:00 по местному времени) на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента РК начали работать избирательные участки, образованные при посольстве Республики Казахстан в Китайской Народной Республике в городе Пекине и генеральных консульствах РК в городах Шанхай и Гонконг.
Также сообщалось, что казахстанцы начали голосовать в Корее, Омске, Бишкеке и Дели, в Ташкенте, Ашхабаде, Исламабаде и Душанбе, Анкаре, Стамбуле и Анталии, Тегеране, Эр-Рияде, Джидде, Аммане и Дохе, Москве, Санкт-Петербурге и Казани.
Елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты – ІІМ
Елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты – ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда сайлау күнінде ешбір заң бұзу фактісі тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сайлау өтіп жатқанына байланысты ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түрінде жұмыс атқаруда. Бүгінде Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға ішкі істер органдарының 45 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылған. Сайла у өткізетін орындарда құқық бұзу фактілеріне жедел ден қою үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Бюллетеньдерді әкелгенге дейін бүкіл сайлау учаскелері қауіпсіздік ке тексерілді. Сайлау орындарына бюллетеньдерді жеткізген кезде полиция алып жүріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті», - деді ол.
Қайсар Сұлтанбаев полиция өкілдерінің сайлау учаскесіне қандай жағдайда бас сұға алатынын еске салды.
«Сайлау туралы заңның 39-бабы бойынша полиция қызметкерлерінің сайлау өткізу процесіне араласуға, дауыс беруге арналған үй-жайларда болуға құқығы жоқ. Сондықтан бұл ретте сайлау учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу үшін олар комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана барады. Жалпы қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деді комитет басшысы.
Начали свою работу участки для голосавания в Израиле, Греции, Болгарии и Прибалтике
Начали свою работу участки для голосавания в Израиле, Греции, Болгарии и Прибалтике
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Начали свою работу участки для голосования в городах Вильнюс, Тель-Авив, Афины, София, Бухарест, Таллин, Хельсинки, Рига. Об этом передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу МИД РК.