г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қосшыда 99 жастағы қария әулетімен келіп, сайлауда өз таңдауын жасады

Қосшыда 99 жастағы қария әулетімен келіп, сайлауда өз таңдауын жасады

Қосшы қаласында 99 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаев ақсақал сайлауға келіп өз таңдауын жасады. Тұтас әулетімен келген ақсақал елдегі елеулі саяси оқиғаның маңызы аса жоғары екенін атап өтіп, батасын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Көненің көзі болған ақсақалдың отбасы түгелдей ұлттық киім киіп келіпті. Ғасыр жасаған ақсақал халыққа ақ батасын арнады.

– Елдің тәуелсіздігі баянды әрі тұғырлы болсын. Бүгінгі саяси додаға әулетімізбен келіп өз таңдауымызды жасадық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді Нұрқасым ақсақал.

Елдегі саяси маңызды оқиғадан қалыс қалмаған ақсақалға ризашылығын білдірген сайлау комиссиясының төрағасы сыйлыққа астау тарту етті.

https://aikyn.kz/245432/kosshyda-bir-99-zhastagy-kariya-euletimen-kelip-saylauda-oz-tandauyn-zhasady/

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…