
zharkain
Сайлау: ТМД байқаушылар миссиясы жұмысына кірісті
Сайлау қарсаңында 20 өңірде Call орталық іске қосылды
Сайлау қарсаңында 20 өңірде Call орталық іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауы қарсаңында қазақстандықтар өздерін дауыс берушілер тізімінен алдын ала тексере алады. Толығырақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алдымен бұқараны сайлау туралы хабардар ету мақсатында Egov.kz, E-өтініш порталында баннер жарияланды. Сонымен қатар сайлау туралы баннер eGov mobile, kaspi.kz және halyk bank мобильді қосымшаларында қойылды. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында да сайлау туралы хабар беретін баннер ілінді. Біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 20 өңірде Call орталық ұйымдастырды. Алматы қаласы және Қостанай облысы бойынша орталық нөмірі «1315», ал қалған өңірлер бойынша «109» нөміріне хабарласуға болады», - деді Әсет Тұрысов Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында.
Вице-министрдің айтуынша, Call орталыққа хабарласып сайлауға қатысты туындаған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі бар.
«Сонымен қатар дауыс берушілер ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) арқылы сайлау тізімінен өзін тексере алады. Ол үш сервис арқылы жүзеге асырылады, атап айтқанда sailau.gov.kz, sailau2023.gov.kz www.gov.kz sailau. Сол сияқты 6 наурызда Kcell, Beeline және Tele2 абоненттерін қолданушыларға жаппай push хабарлама жіберіледі. Ол жерде «Өз сайлау учаскеңізді біліңіз» деген мәтін болады және сілтеме көрсетіледі», - дейді ол.
Айта кетсек, бүгін ОСК кезекті отырысы өтті. Жиында белгілі болғандай саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтеді.
Сондай-ақ, Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгені туралы хабарлаған едік.
26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.
Одан бөлек, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылды.
https://www.inform.kz/kz/saylau-karsanynda-20-onirde-call-ortalyk-iske-kosyldy_a4040573
Өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізе алады
Өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізе алады
АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттығы сайлауына өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізуге құқылы. Бұл туралы ОСК талдау және коммуникация аппараты бөлімі жетекшісінің орынбасары Әшім Бердібеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«16 наурызда өтетін саяси партиялардың сайлауалды пікірсайысын өткізуге 63 млн теңге бөлінді. Былтыр да дәл осы сома болған еді. Дебат бойынша «Хабар» агенттігі регламентті белгілеп, ұсыныстарын бізге жібереді. Регламент келесі отырыста қаралып, бекітіледі. Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың да дебат өткізу мүмкіндіктері бар. Ол туралы ҚР Сайлау туралы заңының 2 және 3 тармағында көрсетілген. Оларға берілген құқық бойынша дебатты қандай телеарнада және оның регламентін өздері бекітеді», - деді Әшім Бердібеков ОСК брифингі барысында.
ОСК мүшелерінің айтуынша, бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетіндер пікірсайыс шығынын толықтай өздері өтейді.
Бұған дейін саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтетіні туралы хабарлаған едік.
Теле дебат «Хабар» арнасынан көрсетіледі.
Айта кетейік, 26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.
https://www.inform.kz/kz/ozin-ozi-usyngandar-saylaualdy-debat-otkize-alady_a4040489
ОСК: 111 халықаралық байқаушы аккредиттелді, тағы 52 байқаушы ұсынылды
ОСК: 111 халықаралық байқаушы аккредиттелді, тағы 52 байқаушы ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауы барысын бақылайтын 111 халықаралық байқаушы аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушыны аккредиттеуден өткізді», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
«2023 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 52 байқаушыны аккредиттеуден өткізу ұсынылды», - дейді ол.
Бұған дейін саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтетіні туралы хабарлаған едік.
Айта кетсек, 26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.
Сондай-ақ, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылды.
https://www.inform.kz/kz/osk-111-halykaralyk-baykaushy-akkreditteldi-tagy-52-baykaushy-usynyldy_a4040444
Мәжіліс сайлауы: 12 млн-нан астам дауыс беруші тіркелді
Құрметті жарқайыңдықтар!
Баршаңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Талай тар жол тайғақ кешкен тағдырларды өз шаңырағының астына біріктіріп, қамқор қарлығаштай, барша ұлт өкілдерін бауырына басқан Отанымызда атап өтілетін осынау мерекенің маңызы зор.
Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.
Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайтуымыз қажет.
Қымбатты жерлестер!
Бақыт бағалай білгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан – Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын!
Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз арта берсін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Аудандық ауруханада Тіл заңнамасының қолданылуы туралы
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген 2023 жылғы 4 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында көрнекі ақпарат және деректемелерге қатысты Ақмола облысы бойынша 2023 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2023 жылдың ақпан айы бойы Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Тіл заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімнің бас маманы Н.Шпанова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ш.Каринмен ағымдағы жылдың 21 ақпанында аудандық аурухана ғимаратында рейд жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген рейдте Тілдер заңнамасының сақталуын, көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілді қолданылуын және жазулардағы қателерге көп назар аударылып, ескертулер жасалды. Көрнекі ақпараттармен дұрыс жұмыс жасау үшін «Жедел желі» колл-орталығының міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Анықталған қателер бойынша түзету жұмыстарын жүргізу үшін мекеме мамандарына қысқа мерзімді уақыт берілді.
«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова.
Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде тест тапсыруы мүмкін
16 ақпанда "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-де Қазтест бағдарламасын оқыту бойынша жиын өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары М.Жекебатырова, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Н.Искакова, "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Жарқайың аудандық филиалының төрағасы О.Зейнолла, жекелеген бөлім басшылары мен мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысты. Жиында Қазтест бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Себебі биыл облысымыздың 4 ауданында мемлекеттік қызметкерлер Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтетін болады. Ол 5 деңгейлік тест тапсырмаларынан тұрады. Бұл деңгейлерден өту қызметкердің лауазымына байланысты болмақ. Әзірге ауданымыз бұл тізімге кірмесе де, алдағы жылдары енуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі азаматтар тілдерді оқыту орталығында Қазтест бағдарламасы негізінде құрылған тапсырмалдарды алып, дайындалғаны абзал. Жиын барысында мекеме мамандары жиналыс қатысушыларын орталықтың жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге жиналған қонақтар қарапайым деңгей бойынша тест тапсырмаларын орындап, диктант жазды. Бұдан аңғарғанымыздай "Мен қазақ тілін жетік білемін"- деген азаматтардың өзі кей сұрақтардан мүлт кетіп жатты. Яғни, әлі де болса мемлекеттік тілді жетік меңгеруіміз үшін терең білім алуымыз қажет. Ол үшін ауданымызда тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларға тегін сабақтар жүргізіп жүр. Өз тілімізден өзіміз қателессек, әрине бұл бізге үлкен сын екенін ескергеніміз жөн.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Патриоттық әндер байқауы
21 ақпанда Н.Крупская орта мектебінің Акт залында Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 34 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ән байқауы өткізілді. Оған аталмыш мектептің 6-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыста қатысушыларды ауған соғысының ардагері Вячеслав Рагойжа, метеп директоры Қарлығаш Малғаждарова, аудандық білім бөлімінің мамандары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері бағалады. Бұл іс-шараны "Патриот" әскери патриоттық клубының курсанттары ұйымдастырды. Сайыс барысында әр сынып ауған соғысы жайлы, батыр бабалар мен әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар туралы патриоттық әндерін шырқады. Шарада қатысушылардың таңдаған әндері, оның тақырыпқа сәйкестігімен киім үлгісі жоғары бағаланды. Байқау нәтижесі келесі аптада жарияланады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін БЖТ-ны қалай дұрыс төлеу керек?
Сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін БЖТ-ны қалай дұрыс төлеу керек?
Елімізде еш жерде ресми жұмыс істемей, алайда табыс табатын азаматтар жетерлік. Олар зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайды. Үкімет мұндай азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дейді. Оның ішінде бала күтуші, фрилансерлер, такси жүргізушілер, қорадағы азын-аулақ малын сатып, табыс табатын өзге де қазақстандықтар бар. Дәл осы азаматтарға бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу тиімді әрі ыңғайлы. Ол төрт түрлі төлемді – жеке табыс салығын, зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарналарды біріктіреді. БЖТ-ны тағы кімдер төлей алады, сақтандыру мәртебесінен айрылмау үшін оны қалай дұрыс төлеу керек және тағы басқа ньюанстарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Медициналық қызметтерді тұтынушылармен жұмыс жасау – Байланыс орталығы басқармасының» басшысы Бекзат Тұрмаханбетов айтып берді.
БЖТ-ны кімдер және не үшін төлейді?
Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ, өз ісін заңдастыруына және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік береді.
Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, келесідей шарттарды орындайтын кәсіпкерлер БЖТ төлеуші бола алады:
– жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
– жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе оларға жеке қосалқы шаруашылықтың өнімдерін сататын.
Осы ретте, БЖТ төлеуші мәртебесін алу үшін жеке тұлғаның табыс мөлшері жылына 1 175 АЕК-тен аспауы тиіс. Демек, бұл cома 2023 жылы 4 053 750 теңгеге тең. Егер бір жыл ішінде табыс осы көрсеткіштен асып кетсе, бұл азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болады.
БЖТ келесі қызмет түрлерімен айналысатын адамдарға жарамды:
– тапсырыс бойынша тігін тігу, тоқу;
– өз пәтерін жалға беру;
– көкөністер мен жемістерді өсіру және сату, үйде кондитерлік және т.б өнімдер жасап сату (сауда нысандарының аумағында емес);
– омарта ұстау;
– жеке қосалқы шаруашылықтан ет және сүт өнімдерін сату.
Ал келесі жағдайларда БЖТ төлеуші бола алмайды:
– сауда орталықтары аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғалар;
– жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.);
– тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті жалға (жалдауға) беретіндер;
– қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар;
– Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар.
БЖТ төлеуші ретінде тіркелудің артықшылығы неде?
Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған. Алайда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірыңғай жиынтық төлемнің бір айын уақытылы төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айрылады. Сондықтан ай сайын төлем уақытын өткізіп алмау маңызды немесе алдағы кезеңдерге алдын ала төлем жасау керек.
Бұл азаматтар салық органында тіркеуде болмаса зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға қауқарсыз болады. Ал БЖТ төлемі осы мәселелерді оңтайлы шешеді. Оған қоса патент немесе «жеңілдетілген» режиммен салыстырғанның өзінде ай сайынғы салық жүктемесінің мөлшері көп емес.
Жарнаның төмен мөлшері. Жалпы БЖТ-ға мыналар кіреді:
10% – жеке табыс салығы (ЖТС);
20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);
30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС)
Бірыңғай жиынтық төлем төлеу ауылдық аймақтарда тұратын азаматтарға тиімді. Себебі олар ай сайын 1725 теңгеден (1725*12=20700) төлеп, МӘМС аясында барлық медициналық қызмет түрін шектеусіз алады. Яғни қажетті тексерулерден өтіп, оған жүздеген мың, тіпті миллиондаған теңгеге операция жасай алады, оңалту курсынан өтіп, амбулаториялық негізде дәрігердің бақылауында болады. Бұл жерде пациент аталған медициналық қызметтер үшін қосымша төлем жасамайды. Яғни, әрбір сақтандырылған адам аударған жарна мөлшеріне қарамастан, медициналық қызметтерді толық көлемде уақтылы алуға құқылы.
Бірыңғай жиынтық төлем бір айлық есептік көрсеткіш көлемін құрайды. Осы жылы елімізде АЕК мөлшері – 3 450 теңге. Осыған орай, республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары ай сайын 3 450 теңгеден, ал басқа елді мекендердің азаматтары 1 725 теңге, яғни 0,5 АЕК.
Осылайша, ай сайын 0,5/1 АЕК сомасын төлеп, тұлға өз қызметін толығымен заңдастырып қана қоймай, болашақ зейнетақыны (базалық зейнетақы төлемін) қамтамасыз етеді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (ГФСС) сақтандыру төлемдерін алуға құқылы болады. Яғни:
– еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайларда;
– жүктілік және босану;
– бала асырап алу;
– 1 жасқа дейінгі бала күтімі.
БЖТ-ны қалай төлеуге болады?
МӘМС жүйесінде «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» болу үшін 3 ай қатарынан БЖТ төлем болу керек. Төлем 3 ай енгізілгеннен кейін ғана мәртебе беріледі. Мысалы, қазір бір азамат ақпан айына БЖТ төлесе, мәртебе бірден берілмейді. Яғни оның сақтандыру мәртебесі 3 ай қатарынан (ақпан, наурыз, сәуір) БЖТ төлемі түскен кезде, демек сәуірде ғана іске қосылады.
Ал енді мамыр айында қандай да бір себептермен төлем жасалмай қалса, сақтандыру мәртебесінен айрылады. Оның қайта іске қосылуын тағы 3 ай күту керек: мамыр, маусым, шілде айлары БЖТ төлеп, шілдеде сақтандырылған мәртебесін ала алады.
Яғни, медициналық сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін бұл төлем түрін ай сайын жасау керек немесе өткізіп алмау үшін алдағы айлар үшін алдын-ала төлем жасауға болады.
БЖТ төлемін күнтізбелік жылдың соңына дейін, яғни 2023 жылдың желтоқсанына дейін төлеуге болады.
Төлем Қазақстанның кез келген банкінде, банктердің мобильді қосымшалары арқылы және «Қазпошта» бөлімшелерінде қабылданады. Төлем жасау кезінде ақша аударылатын тұлғаның ЖСН, төлем жасалатын айды көрсету керек.
МӘМС жүйесіне артық немесе қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады?
Егер БЖТ төлеу кезінде артық төлем жасалса немесе деректерді енгізу кезінде қате болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды қосу қажет.
Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Төлем қандай түрде жүргізілсе, дәл солай қайтарылады.
Айта кету керек, дербес төлеушілер алдағы 12 айға төлем жасаған кезде абайсызда бір айды БЖТ төлемі ретінде төлеп жіберсе, бұл азамат сақтандыру мәртебесін ала алмайды. Ол үшін дербес төлеуші ретінде сол айға төлем жасап, қателесіп төлеген ақшаны жоғарыда көрсетілген әдіспен қайтарып алуға болады.
Сонымен қатар БЖТ төлейтін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде автоматты түрде БЖТ төлеушілер тізімінен шығады да, кейін бұл төлем түрін төлей алмайды. Әрі қарай бұл азаматтар жарналар мен аударымдарды жеке кәсіпкер ретінде жасай беруі керек.
Жүкті және босанған аналардың назарына!
Ресми жұмыс істемейтін әрі тиісті аударымдары жоқ көптеген жүкті әйелдер жеті ай бойы арнайы БЖТ төлем жасайды. Бұл оларға бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерді алу үшін құжат тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әйел «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» жеңілдік санатынан шығарылады, себебі жүйе оның БЖТ ішіндегі аударымдарын көреді және ол табыс табатын адам болып есептеледі. Ал жеті ай бойы БЖТ жасаған азаматшаның сегізіншісінде төлемі болмаса, ол сақтандыру мәртебесінен айрылады.
Осы кезде ол екі жолдың бірін таңдай алады: 1) өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде сақтандыру мәртебесін сақтау үшін БЖТ төлеуді жалғастыра беруі керек; 2) ал келесі жағдайда ол БЖТ-ны екі ай төлемесе, жеңілдік санатына кіреді де, сақтандыру мәртебесін алады (жүйе оның аударымдары жоқ екенін көреді, яғни ол жұмыс істемейді деп есептеледі). Екінші жағдайда ол сақтандыру мәртебесін алғанға дейін осы екі ай ішінде МӘМС аясында медициналық көмек ала алмайды. Бірақ қажет болған жағдайда ол тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында шұғыл көмекке жүгіне алады.
Егер тағы да басқа сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерден мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесідей байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтындағы (egov.kz) «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.
Азамат Умертаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры