г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Среда, 22 марта 2023 05:58

Құттықтау

Құрметті Асылхан Қапашұлы! Таңдау жасалды. Және бұл сіздің игілігіңіз үшін жасалған. Сізді сайлаудағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймын! Бұл сайлау қиын және өте маңызды болды, сондықтан жеңімпаз төзімділік, күш, ерік, амбиция және барлық жақсы қасиеттерге ие болуға міндетті болды. Сіздің жеңісіңіз ең лайықтысы, өйткені сіз мейірімді және жанашыр адамсыз. Ешқашан өзіңізге күмәнданбауыңызды және әрқашан мақсатыңызға жетуіңізді тілеймін. Сізге әрқашан сүйіспеншілікке толы адамдардың қолдауын және даму перспективасына ие болуыңызды тілеймін! Алда көп табыстар мен барлық еңбектеріңіз үшін жақсы атақ тілеймін! Валентина Соболевская – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі

Көкшетауда сайлауға Мәжіліспен және мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс беру басталды. Бүгін қаладағы учаскелер ашылмай жатып, өз таңдауын жасауға келген Көкше жұртының қарасы қалың, деп хабарлайды Aqmolnews ақпарат агенттігі.

19 наурыздағы Мәжіліспен және мәслихаттар сайлауы – Қазақстанның саяси жаңғыруының жаңа кезеңі. Оны Көкшетау қаласындағы №8 сайлау учаскесіне қатысқан сайлаушылардың белсенділігінен байқауға болады. Дауыс берушілерді тіркеп отырған учаске мүшелерінің айтуынша, осы аймақтың өзінен таңғы 8-ге дейін 20-дан астам тұрғын дауыс берген екен.

«Жалпы, №8 участкеде, бір сағатта 24 адам дауыс берді. Негізі 1523 тұрғын осы сайлау участкесінде дауыс беруге тиісті. 3 адам үйде дауыс береді. Дауыс беру процесі бақылаушылардың қатан қадағалауында», – деп бөлісті Көкшетау қаласының №8 сайлау участкесінің төрайымы Сандуғаш Нұрқанова.

Бұл сайлау учаскесіне дауыс берушілердің белсенділігі қуантады. Алаңда жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Дауыс берушілердің қарасы қалың. Адамдар емін-еркін өз таңдауын жасап жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай, өз даусын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі де көтеріңкі.

«Бүгін ерекше күн. Осындай ірі науқанға айналған маңызды сайлау менің өмірімде алғаш рет өтіп жатыр. Бұл қазақтстандықтар үшін үлкен саяси әрі тарихи оқиға. Бұл сайлау біздің болшағымызды айқындауға, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз. Сондықтан кез келген азамат, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауға міндетті», – дейді қала тұрғыны Қыдырғали Шалахаев.

Саяси науқанда отандастарымыз немқұрайлылық танытпағаны абзал. Себебі ел болашағы кез келген азамат үшін маңызды!

 

Әр мәселені назарға алып, қадағалап отырмыз - ДИАҚБ байқаушылар миссиясының басшысы

 


АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір Қазақстан бойынша біздің 350-ге жуық байқаушымыз сайлау процесін қадағалап жатыр. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфи айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз байқау процесін ақпанда бастадық. Осы уақыттан бері әр мәселені назарға алып, қадағалап келеміз. Біздің 350-ге жуық байқаушымыз Қазақстанның барлық өңірінде байқау жүргізуде. Біз осы айдың соңына дейін осында боламыз. Өйткені, сайлаудан кейін арыз-шағым түсуі мүмкін. Осы мәселелерді тәуелсіз зерделеу үшін жұмысты одан әрі жалғастыра бермекпіз», - деп мәлім етті Оуэн Мерфи.

Оның айтуынша, ертең сайлау процесіне қатысты алдын ала қорытынды шығарылады.

«Ертең біз ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен бірлесіп, өзіміздің жұмысымыздың алдын ала қорытындысын жариялаймыз. Өйткені, қазіргі таңда біздің әр өңірдегі байқаушыларымыз жедел ақпараттармен бөлісіп жатыр. Сондықтан алдын ала қорытындыны ертең шығарамыз», - деп түйіндеді Оуэн Мерфи.

 

 

 

Сағат 14.10-дағы жағдай бойынша

азаматтардың учаскелерге келуі туралы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 14.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46,84 % бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша –52,28%

2. Ақмола облысы бойынша –52,12%

3. Ақтөбе облысы бойынша –51,28%

4. Алматы облысы бойынша –52,13%

5. Атырау облысы бойынша –36,15%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша –55,14%

7. Жамбыл облысы бойынша –58,32%

8. Жетісу облысы бойынша –52,41%

9. Қарағанды облысы бойынша –56,97%

10. Қостанай облысы бойынша –62,36%

11. Қызылорда облысы бойынша –54,31%

12. Маңғыстау облысы бойынша –49,18%

13. Павлодар облысы бойынша –51,24%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –49,68%

15. Түркістан облысы бойынша –48,37%

16. Ұлытау облысы бойынша – 52,29%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша –58,69%

18. Астана қаласы бойынша –33,65%

19. Алматы қаласы бойынша –15,38%

20. Шымкент қаласы бойынша –35,61%

Келесі жедел ақпарат сағат 16.10-да берілетін болады.

Балтық елдері мен Мысырда дауыс беру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вильнюс, Тель-Авив, Афины, София, Бухарест, Таллин, Хельсинки, Рига қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

Сонымен қатар Каир мен Преторияда сайлау учаскелері ашылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.

Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.

19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

"В парламент придут депутаты с гражданской позицией" – политолог

Политолог Замир Каражанов прокомментировал проведение выборов в мажилис и маслихаты в Казахстане, передаёт BaigeNews.kz.

По словам эксперта, сегодняшние выборы значительно обновят состав парламента.

“Думаю, что в мажилисе появятся новые депутаты, которые будут менять повестку в парламенте. Предполагаю, что он станет более менее активным в защите интересов населения. Представительная, контрольная функция парламентов у нас всегда была слабой. В этот раз в парламент должны прийти депутаты, которые более связаны с гражднами нашей страны", - считает политолог.

По мнению Каражанова, новый состав парламента повлияет и на работу правительства.

"Каждый новый закон, который раньше принимался прежними депутатами, в чем-то ущемлял, ограничивал население. Поэтому, если придут новые избранники с более общественной позицией, то правительству это надо будет учитывать и также менять свой подход в работе", - отметил спикер.

Политолог считает, что одномандатные округа, представленные на этих выборах, значительно повысили интерес населения к политическому событию

"На одномандатных округах было много активистов, которых все знают в соцсетях. На каждом округе была высокая конкуренция. Люди поверили, что эти выборы будут более прозрачны и их голоса будут учитываться. Это во многом положительно повлияло на интерес к происходящему", - заключил политолог.

Напомним, что, согласно данным, представленным региональными и комиссиями двух столиц, по состоянию на 10:00 часов 19 марта 2023 года бюллетени получили 14,21 % от общего количества граждан, включенных в списки.

Қазақстанда өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Бүгінгі сайлау да соның көрінісі – Мартин Сайдик

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында Аустрия еуропалық саясат және қауіпсіздік саясат институтының басқарушы мүшесі және кеңесшісі Доктор Мартин Сайдик посткеңестік елдер жөнінде ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1991 жылдың желтоқсанынан бастап посткеңестік елдер әртүрлі даму процестерінен өтті. Олардың 12-сі ішкі қақтығыстардан өтті және кей кездері ол қантөгістер де болды. 1991 жылдан бері кейбір елдер әлі де мемлекетаралық немесе ішкі қақтығыстардың арасында болды. Осы Ресейдің Украинаға қарсылығы 2014 жылы Қырымнан басталған болатын, - деді ол.

Доктор Мартин Сайдик посткеңестік елдер ішінде Қазақстанға қақтығыстар өзгерістер әкелгенін атады.

Кейбір елдерде ішкі қақтығыстар өзгерістерге әкелді. Қазақстанда да солай болды. Қазір осы өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Бүгінгі сайлау да соның көрінісі, - деді ол.

Ол кәсіби сайлау байқаушысы болмағандықтан, сайлау туралы терең талдау жасай алмайтынын айтты. Бірақ халықаралық байқаушылар тарапынан Қазақстанға деген қызығушылық зор екенін көріп отырғанын жеткізді.

Бұған дейін халықаралық байқаушы сайлауда көзіне оғаш көрінген жайтпен бөліскен болатын.

Сайлау-2023: Ерлан Қошанов өз таңдауын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда елордада «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е. Қошанов Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

«Сайлауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Халық дауыс беруге белсенді түрде барып жатыр. Халықтың саяси өмірге араласуы қарқыны да жақсы», - деді партия төрағасы.

Осы орайда ол сайлаудың әділ өтетініне сенімді екенін айтты.

«Сайлаудағы дауыс беру процесін байқаушылар егжей-тегжейлі қарап отыр. Сондықтан сайлау әділ өтетініне еш күмән жоқ», - деді Е. Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

https://www.inform.kz/kz/saylau-2023-erlan-koshanov-oz-tandauyn-zhasady_a4047442

Студенттерді дауыс беруге мәжбүрлеу фактісін амбудсмен тексереді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерді сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саясат Нұрбек елордадағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, ең көп кандидат тіркелді. Екіншіден, өзін-өзі ұсынған үміткерлердің көптігі. Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың 82%-ы өзін-өзін ұсынғандар. Ал мәслихаттарда 60%-дан астам. Бұл саяси бәсекенің өсуі мен жоғары белсенділікті көрсетеді. Сайлауда өзім танитын бірқатар мықты азаматтар түсіп жатыр. Сонымен қатар саяси науқанға реформаларға сенбеген азаматтар да қатысып отыр, бұл жақсы нышан. Белсенділіктің өсуінің белгісі. Сайлауға отбасыммен келіп өз таңдауымызды жасадық», - деді Саясат Нұрбек сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, жастар сайлауға белсенді қатысып жатыр.

«Сайлауда студенттердің дауыс беру мәселесін өте қатаң бақылауға алдық. Ешқандай мәжбүрлеу болмайды. Бұл мақсатта біз жоғары оқу орындары басшыларымен жұмыс жүргізіп, нұсқаулық берілді. ЖОО-дағы сайлау учаскелерінде талапқа сай тиісті жағдай жасалды. Студенттерді дауыс беруге мәжбүрлеген жағдайда министрлік жанынан былтыр құрылған амбудсмен Айсұлу Ерниязоваға тікелей хабарласуға болады. Ол студенттердің құқығын қорғайтын уәкіл. Амбудсмен барлық студенттік ұйымдармен тікелей байланыста», - дейді С. Нұрбек.

Сайлау қарсаңында заң бұзғандар жазаланды

17 наурыздағы есеп бойынша Мәжіліс және мәслихат депуттарын кезектен тыс сайлау кезінде прокуратураға Мәжіліс депутаттығы бойынша 24, ал мәслихат депутаттығы бойынша 13 заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы онлайн марафон кезінде өткен брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин мәлімдеді.

Анықталған фактілер бойынша барлығы әкімшілік жазаға тартылған.

17-18 наурыздағы прокурорлардың анықтаған шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 3-еуі Парламент мәжілісі депуттарының сайлауы бойынша тіркелген. Солардың бірі Орал қаласында ҚР сайлау туралы конституциялық заңның талаптарын бұза отырып, сауалнама жүргізгені үшін сол қаулымен басылымның меншік иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігінен айыппұл салынды.18 наурызда Түркістан қаласында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың біріне анонимдік үгіт-насихат материалдарын таратқаны үшін орталық сайлау комиссиясының келісімімен әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодекстің 113-бабы бойынша сот 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, - дейді Азамат Сарғазин.

Алайда депутаттыққа үміткердің тіркеуі күшін жоймайды.

Оның айтуынша, 18 наурыз күні Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде сайлаушыларды қалалық мәслихат депутаттығына үміткерге дауыс беруге шақырғаны үшін әкмішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 бабы бойынша жазаға тартылған.

 

 

 

Страница 36 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…