г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ТУҒАН ТІЛІҢ - ТҰҒЫРЫҢ

Бүгінде біздің республикамызда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп, елімізді өркендету жолында жасампаздықпен еңбек етіп жатқаны баршаға мәлім. Олардың өзара ұдайы ынтымақтастық, достықта болып, бірін-бірі кіршіксіз түсінуіне мемлекеттік тілді және әрқайсының өз ана тілін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.  Қазақстанда оған барлық  жағдай жасалған. Республикамызда жыл сайын өтетін Тілдер мерекесі күніндерінде және басқа да іс – шараларда оның шынайы бейнесі жарқырай көрінуде.

Тіл – кез келген мемлекеттің алтын діңгегі. Діңгек мықты болмаса, ол елдің шаңырағы түптің түбінде шайқалатыны шындық. Ұлттық рух, ұлттық тіл, ұлттық сана-сезімі жоғары болмаған мемлекеттің де, ұлттың да болашағы бұлыңғыр болады. Сондықтан, оның тілін сүймеген адам сол мемлекеттің толыққанды мүшесі бола алмайды. Өйткені, тіл ұлттың ұлттығын, елдің елдігін танытатын бірден-бір белгісі. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері тіл мәселесінде бірталай бет  бұрыс болғанымен әлі де кеміс тұстары көптеп кезігеді. «Тіл туралы» Заңды орындау барша Қазақстан азаматтарының абыройлы борышы. Алғаш 1989 жылы тіл туралы жаңа заң қабылданып, жер жерлерде қазақ тілі қоғамдары құрылып, біраз шаруалар тындырылғанын көпшілік біледі. Бұл арада тіл мәселесін сөз еткенде тілдік саясатты қоғамдық идеялық  бірлікті, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайтудың құралы ете білу керек. Туған тілімізді жан-жақты қолданыстағы қажеттілікке енгізу басты міндет болу екендігін Ата заңда көрсетілген болатын.

Біз халықтар арасындағы бірлікті, татулықты, достықты бірінші орынға қоямыз, мұны барлық ұлттардың  өкілдері қолдады, ендеше  олар біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тіл саясатына оның ұлттық идеологиясына шын пейілмен атсалысуы керек. Сонда ғана қазақ тілі мен мәдениеті өз деңгейіне  шыға алады. КСРО тарап Егеменді 15  мемлекет шаңырақ көтерген кезде тәуелсіздік алған мемлекеттердің барлығында да тек республикаға есімі берілген тұрғылықты ұлттардың тілі ғана мемлекеттік мәртебені иеленіп қалғанын біз білеміз. Ал сол елдің ішіндегі кіші ұлт пен ұлыстардың тілдеріне мән берілген жоқ болатын. Бізде орыс тіліне ресми тіл мәртебесі берілді, өзге ұлттар тілінің дамуына да  қамқорлық жасау заңды тұрғыдан қамтамасыз етілді. Мемлекеттік тілді білуге біздің елде ешқандай қысым жасалмайды. Біздің өз Ана тіліміз бар, атымыз бөлек халықпыз, басқа тілді білуге байланысты бізді ерекше топқа жіктеуге болмайды. Біз Ана тілімізбен бірге мемлекеттік тілді білуге, үйренуге дайынбыз, оны құрметтеп, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, жиындарды  қазақша өткізіп, тіпті болмаса екі тілде жүргізуге әдеттенеміз. Біздің елге келіп жұмыс істеп жатқан кейбір шетелдіктердің, әсіресе ағылшындармен түріктердің 5-6 айдың ішінде қазақ тілін меңгеріп кететіндігін көріп жүрміз. Тіл үйренем деушілерге қайда да мүмкіндік мол ғой. Мекемелерде арнаулы сабақтар да жүргізіледі. Осы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды мемлекеттік қызметішілер тиімді пайдалана білсе, мекемелерде, ұйымдарда әлдеқайда өткізілетін жиындар мен жедел кеңестер мемлекеттік тілде еркін өткізілетін еді...

Қазір Қазақстанға дүниежүзі үлкен үміт артып, келешекте орта Азиядағы үлгілі көш басы, өркениетті, мәдениеті дамыған ел болады деп қарап отыр. Сондықтан, осы сенімді ақтау үшін өзіміздің қазақи әдет-ғұрып, салт-санамызбен бірге Ана тілімізді дамыту керек. Сонда ғана тәуелсіз ел екендігімізді әлемге таныта аламыз. 

Жарқайың ауданының полиция бөлімі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…