
zharkain
1 наурыз «Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні»
1 наурыз «Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні»
Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының ІХ Бас Ассамблеясы қарарларына сәйкес жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
2019 жылы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтеді.
Азаматтық қорғаныс-мемлекеттің азаматтар мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды функцияларының бірі, сондықтан бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті мақсатты түрде Азаматтық қорғаныстың дайындығын арттырудың жаңа форматын енгізіп, азаматтардың белсенді қатысуына мүдделі.
Бұл мереке 1972 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының құрылуына орайластырылған, ұйым өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтерін нығайту; азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және тарату, тәжірибе алмасу, халықты даярлау; азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ал біздің елге келетін болсақ, Қазақстан Республикасы 1996 жылдан бастап осы ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады және оның қызметінің негізгі бағыттарын іске асыруға белсенді қатысады.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен 2019 жылғы 21 қаңтарда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, оның шеңберінде Ақмола облысында ағымдағы жылғы 15 ақпаннан 25 наурызға дейін Азаматтық қорғаныс айлығы жарияланды және азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және қазіргі қоғамның назарын Азаматтық қорғау және қорғаныс қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге тартуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланған.Өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінеді. Оқу орындарында ашық және интерактивті сабақтар, «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы бойынша объектілік жаттығулар болады, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы мен өртке қарсы қызмет бөлімшелері базасында ашық есік күндері ұйымдастырылады және өткізіледі.
Қазіргі уақытта күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың туындау қаупі орын алған кезде осындай іс-шараларды өткізу өте өзекті болып табылады. Ол халықты қандай да бір сыни жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мамандардың білімі мен іскерлігін тексеруге, күштері мен құралдарды қолдану жоспарларын және олардың іс жүзінде тиімділігін тексеруге, проблемалық мәселелерді анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы бағытты дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.
1 Наурыз мерекесі қарсаңында еліміздің барлық азаматтары мен болашақ ұрпақтарына халықты соғыс және бейбіт уақыттағы қауіп-қатерден қорғаудың жалпы ісінде табыс тілегіміз келеді.
Бірлес Сейітғалиев, Жарқайың ауданының ТЖБ-нің бас маманы азаматтык қорғау подполковнигі.
«Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері
«Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері
25 ақпан 2022 жылы Жарқайың ауданындағы балалар кітапханасында «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» атты «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері өтті.Кітап «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы» аясында «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесімен әзірленген болатын.
Дара туған ауданның ақындары,
Әркез болып ел, халқының жақындары.
Жыр шумағын әуелете тербетіп,
Болған газет-журналдардың бар сәні.- дегендей, жергілікті қаламгерлер балаларды поэзия әлеміне жақындастырушы көпір іспеттес, оқушылардың кіршіксіз ақ жүрегін тербетіп, сансыз ойларға жетелері сөзсіз... Өлеңнің өнегесі сол, ол сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттың асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді, оның шыңы ұлттық сезім де өлең арқылы оянып рухани күш алады.
Тұсаукесердің қонақтары болған: жергілікті қаламгерлеріміз Карин ШынболатАйтқалиұлы мен Есенгазина Ляззат Шүкірқызы және«Ішкі саясат, мәдение, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің» басшысы Азамат Беріктасұлы Баймулдинов болды. «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесерінде А.Үкібаев атындағы орта мектебінің оқушылары Сайлау Көшкенұлының «Сен кімсің?» әңгімесіне шағын ғана көрініс көрсетсе, мектептің екі оқушысыөлеңдерін оқыған болатын, Н. Островская атындағы орта мектебінің оқушысы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін, флейтамен орындап берді.Кеш барысында ақындармен сұхбаттасып, естелік ретінде тілектерін білдіріп, арнайы қолтаңбаларын қойып кітапханаға табыстаған болатын. «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» атты тұсаукесердің соңы жергілікті қаламгерлер мен мектеп оқушыларына марапаттар мен сыйлықтар табысталып берілді.
Дайындаған: библиограф Бәкір Н.Қ.
8 Наурызбен құттықтау
Қымбатты ақ жаулықты аналар! Аяулы арулар мен қарындастар!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» деген даналық сөз Ана ұғымына қатысты айтылған.
Біз қашанда Ананы ардақтап, қыз-баланы қастерлеген елміз. Ананы – бақ-берекенің көзі дейміз. Себебі, олар – ұлттың, ұрпақтың Анасы, ең ардақты жандар.
Ғұламалар әлемде өзгермейтін 3 нәрсені атайды, олар: күннің нұры, ананың сүті, сәбидің күлкісі.
Шынында да, ана мен бала бақытына еш нәрсе жетпейді. Біз Ана махаббаты арқылы мейірімді, жылылықты сезінеміз.
Еңбегімен сыйлы, парасатты мінезімен халқына құрметті болған жандар ауданымызда да аз емес.
Біздің Жарқайыңның даңқын шығарып, ел өркендеуіне лайықты үлес қосқан Аналарымыздың есімі, ерен еңбектері – бізге үлгі.
Ардақты аналар мен аяулы жандар!
Халқымызда «Барлық жақсылық күннің нұрынан, жылылық аналардың алақанынан тараған» деген асыл сөз бар.
Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, ана қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі!
Осынау шуақты мерекеде Сіздерге көктемнің гүліндей әсемдік, бақытты да баянды өмір, істеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!
Құс қанатымен ілесіп жеткен көктем мерекесі сіздерге шат көңіл әкеліп, әрдайым мерейлеріңіз үстем болсын.
Жарқайыңдық әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының амандығын, береке-бірлігін тілеймін.
Мереке қайырлы, құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
некролог
Ақпан айының соңғы күндері біздің «Жарқайың тынысы» газетінің ұжымына өте ауыр тиді. Себебі, 27 ақпан күні 57 жасында, жарқын тұлға, «Жарқайың тынысы» газетінің бас редакторы, «Жарқайың баспасөз» ЖШС директоры Саухимов Темірбек Зейнелұлы дүниеден өтті.
Ол 1964 жылы 29 маусымда Қызылорда облысы Жаңа-Қазалы бекетінде дүниеге келді. 1971-1981 жылдары орта мектепті бітіріп, 1983-1985 жылдары КСРО әскер қатарында қызмет етті. 1985-1995 жылдары жүргізуші, 1995-2005 жылдары шаруа қожалығының басшысы, құтқарушы-матрос, шаруашылық меңгерушісі, 2005-2008 жылдары Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының әкімі, 2008-2009 жылдары КазАгроМаркетинг АҚ кеңесшісі, 2010-2014 жылдары Жарқайың ауданының мемлекеттік мұрағат бөлімінің директоры, 2013 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «Жарқайың - Баспасөз» ЖШС директоры, аудандық «Жарқайың тынысы» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
Журналистік қызметін 1 қаңтар 2011 жылы «Целинная Знамя» газетіндегі қазақ тілді бөлімнің редакторы болып бастады. Кейін 31 мамыр 2013 жылы қазақ тілінде жарық көретін жеке газетін ашып, бүгінгі күнге дейін аудан, облыс және әлем жаңалықтарын газет беттеріне шығарып, оқушыларды ақпараттандырып тұрды.
Өзінің бастамасымен, қажырлы еңбегінің арқасында ауданымыздың арқа сүйер азаматтары, еңбек ардагерлері газет беттерінен орын тауып, көп насихатталатын. Осы жолда аянбай тер төккен Темірбек Зейнел ұлын қимастықпен еске аламыз.
Бұл кісі бізге басшы ғана емес, шынайы дос, ақылшы, бағыт бағдар беруші, сырлас бола білді.
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді ұмытпаймыз.
Тәрбиеші болу - бақыт
Мен бүгін
Ерекше бір сезіммен ояндым,
Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Өмірімнің мәніне айналған,
Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!
Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар... Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса - міне, нәтиже.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың озық тәжірибелерін анықтау және мектепке дейінгі жаңартылып жатқан білім беруде инновациялық технологияларды іздестіру мақсатында, тәрбиешілердің білім дәрежесін шығармашылығын іздемпаздықтарын дамыту барысында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагог - 2022» аудандық сырттай байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиенің үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, шығармашылық ізденісте жүрген педагогтардың тәжірибесін жетілдіру.
Осы байқауға балабақшамыздың педагог-модератор тәрбиешісі Ануарбекова Гулназ Мухтаровна қатысып, өзінің педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі 1-орынға ие болып, балабақшамыздың мерейін аудан көлемінде асқақтатты. Педагог жас та болса өзін жан-жақты көрсете білді.
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.
Сондықтан да шығар белестеріміз әлі алда. Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең - шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші – Гулназ Мухтаровна өз ісінің маманы.
«Балдырған» бөбекжайы»МКҚК-ның әдіскері: Гафарова Асем Спандияровна
А.Үкібаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы
Қазақстанның дамып өркендеуінде, оның рухани нығаюында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үлкен маңызға ие. Оқу ағарту ісінде өлкетану мұражайлары үлкен маңызға ие. Білім беру ошақтарындағы мұражайлар елжандылықпен азаматтықты тәрбиелеу орталығы болып табылады. Өз өлкеңнің тарихын, оның ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап қорғап насихаттау қажет. Осы орайда А.Үкібаев атындағы орта мектебіндегі Ақпан атамызға арнап ашылған тарихи-өлкетану мұражайы туралы атап өткіміз келеді. Бұл мұражай 2009 жылы Ақпан Үкібаев атамыздың 90 жылдық мерейтойына арнап ашылған. Мұражайымыз Жарқайың ауданы тарихымен мектеп тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар мұражайда мектеп шежіресі, тың шежіресі, мектебіміздің ардагер ұстаздары мен түлектері туралы ақпараттар жинақталған. Тарихи-өлкетану мұражайы оқушыларға өлке тарихынан ақпарат беруде патриоттық сана сезім қалыптастырып, мектеп тарихын меңгеруде зор маңызға ие. Мұражайға аудандық мектептерден де көптеген қонақтар келіп көптеген ақпараттарға қанық болып жатады. Сонымен қатар тағы бір қуанышты жайтты атап өтуді жөн көріп отырмыз. Мектебіміздің директоры Нурпеисова Гульшат Кабиболовнаның бастамасымен өлкетану мұражайы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жаңа үлгіде жаңартылды. Қазіргі таңда мұражайымыз мектеп интернатында орналасқан. Күнделікті жұмыс жасап тұр. Келетін қонақтарға әрдайым есік ашық.
Державин қаласы әкімінің сайлауы
2022 жылғы 20 ақпанда Жарқайың ауданы Державин қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданы Державин қаласының әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамаларының негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:
Державин сайлау округі
Державин қаласы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5121 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 4153. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 49, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 195.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
Бейсенов Т.О. – 2657; Есентаев Б.М. – 432; Мұқашев Е.С. – 820.
Державин қаласының әкімі болып Бейсенов Талғат Оразұлы 1964 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының орынбасары сайланды, «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 23 ақпандағы шешімімен 2022
ТЖБ хабарлайды
Жарқайың ауданында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде
Тұрғын үй секторындағы өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Державинск қаласының № 12 өрт сөндірі бөлімімен бірлесіп 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында өрт қауіпсіздігіайлығын өткізуде.Жеке сектор тұрғындары арасындаөртке қарсы іс-шараларды орындау, жылыту пештерінің, газ жабдықтары мен электр жылыту аспаптарының ақаулығынан өрттерді болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Державинск қаласының № 12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңінде көшелерді, аулаларды аралап, халықпен ңұсқаулықтар мен әңгімелер өткізуге жоспарланған.
Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және сақтау қажеттігін ескертеді. Ұмытпаңыз,өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаусіздің өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап, сіздің мүліктеріңізді сақтап қалуға көмектеседі.
Жарқайың ауданы ТЖБ бастығы м.а. азаматтық қорғауаға лейтенанты Т.Қ. Бектасов.
Өрт қауыпсыздығы айлығы
Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары мен қонақтары! Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Жарқайың ауданының аумағында 2022 жылдың 1 ақпанмен 1 наурыз аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілетіндігін хабарлайды. Іс-шараны өткізу барысында Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Жарқайың ауданының Жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері тұрғын үй секторларын аралау және пәтерлерге бару арқылы жүргізілетін болады. Бұл іс-шара ұсынымдық сипатта болады. Осыған байланысты Сізден өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, акцияны өткізуге тартылған қызметкерлерге көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.
Жарқайың ауданының ТЖБ.
Қысқы жол
Біздің өлкедегі қыс өзінің суықтығы және болжамға бағынбайтынымен ерекшеленеді. Қыс маусымында бір елді мекеннен екінші елді мекенге автокөлікпен жол жүргенде күрделі ақаулық бір-екі адамның қазасы ғана емес, ондаған адамның мерт болуына себепкер болады. Қатты боранды күні жолда қалған автобус жолаушыларының қазасы туралы жан түршігерлік оқиғаны естімеген адам кемде-кем шығар. Сондықтан өздерінің балансында көлік құралдары бар кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелердің басшыларына, сонымен қатар олардың апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық қызметке зор жауапкершілік жүктеледі.
Алайда, автомобильдердің техникалық жағдайын бақылау қаншалықты тиімді болғанымен, оның 100 процент апатсыз жұмыс істеуіне ешкім де кепіл бола алмайды. Қыста автокөлікті жылдам жөндеп алу мүмкіншілігі аз екенін ескерсек, бірінші кезекте көлік құралдарының жолда болу уақытын үнемі бақылап отыру қажет. Егер автобус белгіленген уақытта елді мекенге келмесе, шұғыл түрде оны іздеуге кіріскен жөн. Ал жеке көлік иелерімен жағдай күрделене түседі. Егер сіз жылы да, жайлы салоны бар автокөлігіңізбен алыс жолға, тіпті таяу орындарға жолға шыға қалсаңыз, жыл маусымына сай жылы киініңіз, өйткені жолда не күтіп тұрғаны белгісіз. Термосқа ыстық тәтті шай немесе кофе құйып алу да артық болмайды, жылы биялайды үйде ұмытып кетсеңіз, сіз үшін қымбатқа түсуі мүмкін. Бір-екі май шам салып алу да қажет-ақ (бұл қарапайым жарық беретін бұйымның тар бөлмені қыздыратын қасиетін екінің-бірі біле бермейді). Автомобильдің дәрі қобдишасында суықта болатын жарақаттарға қарсы дәрі-дәрмектің болуының да көп көмегі бар. Ең бастысы үйдегілер мен туыстарыңызды өзіңіздің сапарыңыз туралы құлақдар етіп, жолға қашан, қандай көлікпен шығатыныңыз туралы және діттеген орынға қашан жетуді жоспарлайтыныңызды айтуды ұмытпаңыздар. Бұл ақпаратты баратын адамдарыңызға да жеткізу де дұрыс болмақ. Егер жол-жөнекей бір оқиғаға кезігіп қалсаңыз, сіз ақпарат берген адамдар іздеуге тез шығары анық.
Егер сіз боранды машина ішінде күтуді шешсеңіз, машинаны желге қарсы қойыңыз, барынша жылы киініп, жанар-жағармайды үнемдеу үшін оқтын-оқтын салонды жылытып отырыңыз. Пешті тоқтаусыз қосулы ұстасаңыз, жағар майды тауысып, одан да күрделі жағдайға ұшырауыңыз мүмкін. Машинаны қар басып қалатын жағдайда арасында есігін ашып, сізді салонның ішінде жауып тастамас үшін қарды лақтырып отырыңыз. Сіз қанша тоңсаңыз да, қар басып қалған автокөліктің қозғалтқышын от алдырмаңыз. Өйткені қозғалтқыш жұмыс істеген кезде улы газ бөлініп, салонның ішін толтырады, сөйтіп сіздің тұншығып қалуыңызға жағдай жасайды. Егер суық соншалықты қатты болса, автокөліктің газ шығатын мұржасын қардан аршып, газдың машинаның астына емес, ауаға кетуін қамтамасыз етіңіз. Бұл әрекетіңіз кезінде автокөліктен адасып қалмас үшін арқанның бір шетін автокөлікке, екіншісін өзіңізге байлап алыңыз. Бұл сақтықта артық болмайды: өйткені талай адамдар борап тұрған қалың қарда бағдарды жоғалтып, ақ түске оранған айналадағы әлемнің ішіндегі жалғыз қорғанысынан бірнеше мерт жерде ажал құшқандары қаншама.
Кез-келген жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 112 телефоны туралы ұмытпаңыздар, өйткені сіздер әрқашан айналадағы жағдайды анық және түсінікті етіп жеткізе білсеңіздер, көмек жылдам келетіні сөзсіз.
Жоғарыда айтылған қағидалар өте қарапайым болғанымен, оларды сақтау жылдың осынау қауіпті кезеңіндегі төтенше жағдайлардан қорғап қалмақ.
Жарқайың ауданының ТЖБ.
Пеш жағу
Пеш жағу кезеңінде қолдану ережелерін бұзу – жылу кезеңінде өрттің болуының себебі. Аудан халқының көп бөлігі (70% көбісі) қыста пешпен қолданатының есептесек, көптеген азаматтар пешті қолданудың өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамағандықтан, өздерінің үйлерін және жақындарының өмірлерін анық қатерге ұшыратады. Қарапайым ережелерді сақтау көптеген адамдардың өмірлерін сақтауы мүмкін.
Жылу кезіңінде тұтанудың себебі жылу жүйелерін және қондырғыларын қолдану кезіндегі өрт қауіпсідігінің ережелерін дөрекі бұзылуы болып табылады. Әсіресе пеш жылуы, өйткені көбінесе түтіндіктер жарылған қалпында қолданылады.
Сонымен қатар пеш үстінде кептіруге қалдырылған үй киімдері және басқа жанғыш материалдар отты апаттарға әкеліп соқтырады. Электр құралдарын, ақаулы электр жабдықтарын, қолдан жасалған электр қондырғыларын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандықтан талай өрттер болуда. Азаматтардың ТЖМ қызметкерлерінің ескертулеріне, ескертпелеріне және ұсыныстарына назар аударуыныңызды қалаймыз. Пеш жабдықтарын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ең қарапайым ережелерін сақтау Сіздің өміріңізді және өрттің алдын алуы мүмкін.
Қолдану ережелері:
пешті тұтату үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды
қолдануға болмайды;
пештің сыртына шығатындай ағашты жақпаңыз;
пештің алдында отынды басқа да заттар мен материалдарды қоймаңыз;
пештің үстінде киімдерді және дымқыл ағашты кептірмеңіз. жихаз,
перде және басқа да үй мүліктері пеш жағылып жатқан алаптан алысырақ болуын қадағалаңыз.
жағылып жатқан пешті қараусыз қалдыру төтенше қауіпті, сонымен
қатар жас балаларға тапсыруға болмайды;
Сонымен қатар тұрмыстық электр құралдарын және құрылғаларын қолданудың кейбір ережелерін ұмытпағаныңыз жөн:
бүлінген немесе қорғаныш қасетін жоғалтқан оқшауланған сымдармен және кабельдермен қолдану қауіпті;
бүлінген розеткалармен және басқа да электр орнатылған бұйымдармен қолдануға;
электр шамдарын және шарықтарды қағазбен, матамен немесе басқа да жанғым материалдармен орауға;
стандартсыз электрқыздырғыш құралдармен қолдануға;
желіге қосылған электрлі тұрмыстық құралдарды қараусыз қалдыруға болмайды.
Жаркайың ауданының ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Т. Бектасов.
Өрт сөндіруші болғысы келетіндер үшін!!!
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайларда қорғау", "Авариялық-құтқару ісі" мамандықтары бойынша күндізгі оқуға үміткерлерді қабылдауды жүзеге асырады.
Институтқа күндізгі оқуға 25 жастан аспаған, оқу жылының басында 16 жасқа толған, жалпы орта,бастапқы кәсіптік (орта білімнен кейінгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, тестілеуден сәтті өткен (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, бейіндік пән-математика), дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған. Бойы 170 см төмен емес.Кандидаттың және оның жақын туыстарының соттылығы болмауы тиіс.
Оқыту тегін. Оқу процесінде курсанттар киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етіледі, стипендия алады. Оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. 1,2,3 курс курсанттары казармалы қжағдайда,4 курс – еркін тұруда.
Жұмысқа орналасуға кепілдік берілген.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына түсум әселелері бойынша толықа қпарат алу үшін Державин қаласы, Комсомольская көшесі, 29 мекен-жайы бойынша Жарқайың ауданың ТЖ бөліміне немесе Державинск қаласының № 12 өрт сөндіру бөліміне 79-9-42, 9-14-01 телефондар арқылы хабарласуға болады.
Жарқайың ауданының ТЖБ және Державинск қаласының № 12 ӨСБ.
Ақмола облысында Covid-19 ауруы 4 есеге артты
Ақмола облысы 13 қаңтардан бастап "қызыл" аймаққа кірді. 1 қаңтардан бастап өңірде 13 868 жағдай тіркелді, өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру 4,1 есеге артты. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста covid-19 зертханалық расталған 63 549 жағдай тіркелген.
"Тәулігіне covid-19 зертханалық расталған 715 жағдай тіркелді, оның ішінде 649 жағдай симптомсыз, 66 жағдай, тәулігіне 1,1% өсім",– деді Айнагүл Мусина.
Бас дәрігердің ақпараты бойынша, Ақмола облысы республика бойынша Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан кейінгі оң жағдайлардың саны бойынша 5-ші орында.
"Пандемия басталғаннан бері мектеп оқушылары арасында COVID-19 зертханалық расталған 5 742 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде мектеп қызметкерлері арасында 15 жағдай тіркелген, олардың екеуі вакцинацияланбаған", - деп толықтырды ведомство басшысы.
Спикер халықты вакцинациялау және ревацинациялау ауруханаға жатқызу мен өлімнің ауыр түрлерінен қорғау деңгейін қалпына келтіретінін еске салды.
"Егу науқаны басталғаннан бері бірінші компоненттің 377 790 дозасы алынды, 342 909 адам егілді, бұл тиісті халықтың 71,5% – ын құрайды. Екінші компонентпен 318 009 адам егілді", - деп қорытындылады бас дәрігер.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлығы 133 егу пункті жұмыс істейді, олар Covid-19-ғақарсы вакцинациялауға жұмылдырылған.
Ақмола облысында Covid-19 ауруы 4 есеге артты
Ақмола облысы 13 қаңтардан бастап "қызыл" аймаққа кірді. 1 қаңтардан бастап өңірде 13 868 жағдай тіркелді, өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру 4,1 есеге артты. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста covid-19 зертханалық расталған 63 549 жағдай тіркелген.
"Тәулігіне covid-19 зертханалық расталған 715 жағдай тіркелді, оның ішінде 649 жағдай симптомсыз, 66 жағдай, тәулігіне 1,1% өсім",– деді Айнагүл Мусина.
Бас дәрігердің ақпараты бойынша, Ақмола облысы республика бойынша Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан кейінгі оң жағдайлардың саны бойынша 5-ші орында.
"Пандемия басталғаннан бері мектеп оқушылары арасында COVID-19 зертханалық расталған 5 742 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде мектеп қызметкерлері арасында 15 жағдай тіркелген, олардың екеуі вакцинацияланбаған", - деп толықтырды ведомство басшысы.
Спикер халықты вакцинациялау және ревацинациялау ауруханаға жатқызу мен өлімнің ауыр түрлерінен қорғау деңгейін қалпына келтіретінін еске салды.
"Егу науқаны басталғаннан бері бірінші компоненттің 377 790 дозасы алынды, 342 909 адам егілді, бұл тиісті халықтың 71,5% – ын құрайды. Екінші компонентпен 318 009 адам егілді", - деп қорытындылады бас дәрігер.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлығы 133 егу пункті жұмыс істейді, олар Covid-19-ғақарсы вакцинациялауға жұмылдырылған.