А.Үкібаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы
Қазақстанның дамып өркендеуінде, оның рухани нығаюында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үлкен маңызға ие. Оқу ағарту ісінде өлкетану мұражайлары үлкен маңызға ие. Білім беру ошақтарындағы мұражайлар елжандылықпен азаматтықты тәрбиелеу орталығы болып табылады. Өз өлкеңнің тарихын, оның ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап қорғап насихаттау қажет. Осы орайда А.Үкібаев атындағы орта мектебіндегі Ақпан атамызға арнап ашылған тарихи-өлкетану мұражайы туралы атап өткіміз келеді. Бұл мұражай 2009 жылы Ақпан Үкібаев атамыздың 90 жылдық мерейтойына арнап ашылған. Мұражайымыз Жарқайың ауданы тарихымен мектеп тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар мұражайда мектеп шежіресі, тың шежіресі, мектебіміздің ардагер ұстаздары мен түлектері туралы ақпараттар жинақталған. Тарихи-өлкетану мұражайы оқушыларға өлке тарихынан ақпарат беруде патриоттық сана сезім қалыптастырып, мектеп тарихын меңгеруде зор маңызға ие. Мұражайға аудандық мектептерден де көптеген қонақтар келіп көптеген ақпараттарға қанық болып жатады. Сонымен қатар тағы бір қуанышты жайтты атап өтуді жөн көріп отырмыз. Мектебіміздің директоры Нурпеисова Гульшат Кабиболовнаның бастамасымен өлкетану мұражайы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жаңа үлгіде жаңартылды. Қазіргі таңда мұражайымыз мектеп интернатында орналасқан. Күнделікті жұмыс жасап тұр. Келетін қонақтарға әрдайым есік ашық.