г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

1 наурыз «Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні»

1 наурыз «Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні»
Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының ІХ Бас Ассамблеясы қарарларына сәйкес жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
2019 жылы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтеді.
Азаматтық қорғаныс-мемлекеттің азаматтар мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды функцияларының бірі, сондықтан бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті мақсатты түрде Азаматтық қорғаныстың дайындығын арттырудың жаңа форматын енгізіп, азаматтардың белсенді қатысуына мүдделі.
Бұл мереке 1972 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының құрылуына орайластырылған, ұйым өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтерін нығайту; азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және тарату, тәжірибе алмасу, халықты даярлау; азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ал біздің елге келетін болсақ, Қазақстан Республикасы 1996 жылдан бастап осы ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады және оның қызметінің негізгі бағыттарын іске асыруға белсенді қатысады.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен 2019 жылғы 21 қаңтарда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, оның шеңберінде Ақмола облысында ағымдағы жылғы 15 ақпаннан 25 наурызға дейін Азаматтық қорғаныс айлығы жарияланды және азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және қазіргі қоғамның назарын Азаматтық қорғау және қорғаныс қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге тартуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланған.Өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінеді. Оқу орындарында ашық және интерактивті сабақтар, «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы бойынша объектілік жаттығулар болады, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы мен өртке қарсы қызмет бөлімшелері базасында ашық есік күндері ұйымдастырылады және өткізіледі.
Қазіргі уақытта күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың туындау қаупі орын алған кезде осындай іс-шараларды өткізу өте өзекті болып табылады. Ол халықты қандай да бір сыни жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мамандардың білімі мен іскерлігін тексеруге, күштері мен құралдарды қолдану жоспарларын және олардың іс жүзінде тиімділігін тексеруге, проблемалық мәселелерді анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы бағытты дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.
1 Наурыз мерекесі қарсаңында еліміздің барлық азаматтары мен болашақ ұрпақтарына халықты соғыс және бейбіт уақыттағы қауіп-қатерден қорғаудың жалпы ісінде табыс тілегіміз келеді.
Бірлес Сейітғалиев, Жарқайың ауданының ТЖБ-нің бас маманы азаматтык қорғау подполковнигі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…