г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Референдум: адамның конституциялық құқығы" тақырыбында сарапшылар дөңгелек үстелі өтуде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.

ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданатын Конституциялық түзетулердің мәні мен мазмұны туралы айтып берді.

"Қоғамдық қатынастардың кез – келген саласы, сайлау құқығы болсын-олар адам құқықтары мен бостандықтарына әсер етеді. Яғни, адамға жоғары және жергілікті өкілді органдарға лайықты адамдарды сайлау құқығы берілуі керек. Ол үшін жақсы механизмдер жасалуы керек. Егер біз бұл мәселеде – адам құқықтарын қорғау туралы жекелеген аспектілерді алатын болсақ, онда Парламент Мәжілісінің ұстанымын күшейту біздің тақырыбымыздан алшақ болып көрінеді. Бірақ, егер түп - тамырына қарайтын болсақ, онда дұрыс құрылған жүйе, біздің жоғары өкілді органға дәл осы лайықты адамдар келіп, Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдар қабылдайтын болады – бұл болып жатқан өзгерістердің мәні де осында", - деді Е. Әбдірасылов

Профессор сондай-ақ Конституциялық сот құру туралы мәселеге тоқталды. Адамның барлық құқықтары мен бостандықтарын қорғау заңдарда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде жүзеге асырылады. Бірақ белгілі бір нормативтік актілерді қолдану адамның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруге әкелетін жағдайлар да мүмкін. Мұндай жағдайларда азаматтар конституциялық сотқа жүгіне алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығарылатын болады.

https://lenta.inform.kz/ru/konstitucionnaya-reforma-usilit-zaschitu-prav-i-svobod-kazahstancev_a3934008

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында Конституцияға ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанды ауқымды саяси жаңғырту күтіп тұр және бұл Конституциялық реформасыз мүмкін болмайды. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, Ата заңға енгізілген түзетулер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Сондықтан Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі Парламентте емес, республикалық референдумда шешілетін болады. Конституциялық реформа дегеніміз – Президенттің 2019 жылдан бергі бүкіл саяси реформаларының қисынды жалғасы. Бұл реформалар бойынша 10 заң қабылданған», - деді Мемлекеттік хатшы.

Оның айтуынша, конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұраныстарына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады.

«Жоба бойынша жетекші ғалымдар, құқықтанушылар жұмыс істеді. Бәлкім көпшілігіңіз үшін Конституцияның ескі және жаңа редакциясы арасындағы айырмашылықты бірден көру қиын болады. Сондықтан біз барлық өзгерістер мен толықтыруларды бес ірі блокқа бөлдік, олардың әрқайсысы жаңартылған Конституцияда не өзгереді деген басты сұраққа жауап береді», - деді Ерлан Қарин.

Түзетулердің бірінші блогы суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді қамтамасыз етеді.

«Біріншіден, Президент өз өкілеттігі кезеңінде ешқандай саяси партия құрамында болмайды. Бұл тыйым Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың, өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, сондай-ақ ҚР жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелеріне қолданылады. Түзетудің артықшылығы – саяси бәсекелестікті арттыру және барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасау. Екіншіден, Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік қызметшілер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы болмайды. Үшіншіден, Президенттің аудандар, қалалар мен ауылдық округтер әкімдерін қызметінен босатуға құқығы болмайды», - деп түсіндірді Ерлан Қарин.

Түзетулердің екінші блогы бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге бағытталған.

«Біріншіден, Сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарады. Бұл ретте олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады. Екіншіден, Сенат Конституциялық Кеңес пен Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының қызметіне Президент енгізетін кандидатураларды мақұлдай алады. Үшіншіден, Конституциялық сот құрылады. Конституциялық сот 11 судьядан тұрады – бұл қазіргіден төрт адамға көп. Оның құрамы былайша құрылады: 6 судьяны Парламент тағайындайды, төрт судьяны Президент тағайындайды, Конституциялық Соттың Төрағасын Сенат келісімімен Президент тағайындайды. Төртіншіден, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылады. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында есеп береді. Мұндай шара депутаттардың бюджетті бақылауын кеңейтеді», - деп түсіндірді Ерлан Қарин.

Түзетулердің үшінші блогында Парламент пен оның палаталарының рөлі мен мәртебесін арттыру туралы айтылады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, 9 депутаттан 5 депутатқа дейін қысқаратынын еске салды. Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланатын болады. Мәжілістің 30%-ын бір мандатты депутаттар құрамақ. Бұл барлық азаматтардың құқықтарын толық ескеруге мүмкіндік береді.

«Мәжіліске заң қабылдау, ал Сенатқа оларды мақұлдау немесе мақұлдамау ұсынылады. Бұл саяси жүйедегі кедергілер мен тепе-теңдік тетігін нығайтады», - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Конституцияға енгізілетін түзетулердің төртінші блогы халықтың ел басқару ісіне көбірек қатысуын көздейді.

«Ең бастысы, жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген норма Конституцияда түпкілікті және біржақты бекітілген. Мемлекет халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады», - деді Е. Қарин.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Президент осы өңірдің барлық мәслихаттары депутаттарының келісімімен ғана тағайындайтын болады.

Бұл ретте Мемлекет басшысы кемінде екі кандидатура ұсынып, олар бойынша дауыс беру өткізіледі. Ең көп дауыс алған кандидат лауазымға тағайындалады.

Түзетулердің бесінші блогы азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтуге бағытталған.

Біріншіден, Конституциялық сот азаматтар өтініші бойынша ҚР құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Екіншіден, өлім жазасын конституциялық деңгейде жою туралы шешім түпкілікті бекітіледі. Үшіншіден, прокуратураның жұмысы Конституциялық заңмен белгіленеді. Бұл жүйелі құқық қорғау қызметін және мемлекет атынан ел аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды күшейтеді», - деп қосты ол.

Төртіншіден, адам құқықтары жөніндегі уәкіл иммунитетке және қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тәуелді болмау және есеп бермеу кепілдіктеріне ие болады.

Оның Конституциялық сотқа жүгінуге құқығы болады.

«Мен атап өткен түзетулер Мемлекет жұмысының негізгі принциптеріне қатысты және Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Бұл реформалар – ауқымды саяси жаңғырудың аса маңызды кезеңі. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін 20-дан астам заңды өзгерту қажет болады. Конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие. Нәтижесінде барлық мемлекеттік модельдің тиімділігі артады. Бұл өзгерістердің әсерін әрбір қазақстандық сезінетін болады», - деп түйіндеді Ерлан Қарин.

https://lenta.inform.kz/kz/erlan-karin-konstituciyaga-engiziletin-ozgeristerdi-beske-bolip-tusindirdi_a3934131

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – На площадке Службы центральных коммуникаций прошел экспертный круглый стол на тему «Референдум: конституционные права человека», передает корреспондент МИА «Казинформ».

«За счет того, что изменениям подвергнется более, чем 65% Основного закона, то логически из этого выходит следующее. Во-первых, институциональные преобразования, которые выстроят новый дизайн политической системы и перезапустят ее функционирование. Это должно положительно отразиться на экономике, ведь продуманная перебалансировка ветвей власти, повышение их ответственности, дебюрократизация и повсеместное ускорение управленческих процессов, сами по себе, дадут существенный импульс развитию Казахстана», – сказал заместитель директора Библиотеки Первого Президента РК-Елбасы Тимур Шаймергенов.

По его словам, изучению и ревизии, обновлению подлежит и значительная часть из 2,5 тыс. законов и более 51 тыс. других нормативно-правовых актов, действующих в настоящее время. В этом и скрывается вся глубина объявленной Главой государства Касым-Жомартом Токаевым конституционной реформы, масштаб будущих преобразований во всех сферах жизни.

Как сообщалось ранее, проект Закона «О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан» будет вынесен на республиканский референдум, который состоится 5 июня 2022 года. https://lenta.inform.kz/ru/konstitucionnaya-reforma-polozhitel-no-otrazitsya-na-ekonomike-ekspert_a3934111

 

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігі өткізген республикалық референдумға арналған дөңгелек үстелге қатысушылар елдегі саяси реформаларды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өз сөзінде Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды алдағы референдумның маңызын атап өтті.

«Конституциялық реформалар «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге, бүкіл мемлекеттік модельді трансформациялауға, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыруға, мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құруға арналған», - деді дипломат.

Профессор Закир Усманов Жаңа Қазақстанның құрылуына бағытталған алдағы трансформацияларға оң баға беріп, қоғамды демократияландыру жолындағы басты міндет –демократиялық реформаларды одан әрі ілгерілету, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін Конституцияны жетілдіру екенін атап өтті.

«Білім керуені» мемлекеттік емес ғылыми мекемесінің басшысы Фарход Толипов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған баяндамасында барлық деңгейлерде қарқынды дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың дамуының маңызды аспектілерін атап өтті.

Өзбекстандық сарапшылар қазақстандық қоғамды одан әрі ілгерілетудің басты факторы ретінде топтастыру мақсатын қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ, қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешгін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің жаңа бағыттарын белгіледі.

https://lenta.inform.kz/kz/kazakstandyk-diplomattar-men-ozbek-sarapshylary-referendum-maselesin-talkylady_a3934129

Вторник, 17 мая 2022 16:55

Референдум

Референдум 

Вторник, 17 мая 2022 16:54

Референдум

Референдум 

17 мая по инициативе молодежи Республиканского общественного объединения "Ассамблея жастары" была организована дискуссионная площадка, посвящённая конституционным реформам главы государства, передаёт BaigeNews.kz.

Мероприятие прошло в рамках деятельности Республиканского штаба общественной поддержки референдума.

Дискуссионную площадку открыл руководитель Республиканского штаба общественной поддержки референдума Тулеубек Мукашев. Он отметил, что участие в референдуме — возможность для молодёжи принять участие в строительстве нового общества.

В мероприятии приняли члены Республиканского штаба, председатель РОО "Ассамблея жастары" Т. Джумурбаев и исполнительный директор ОЮЛ "Национальная волонтёрская сеть" Т. Миронюк. А также молодые депутаты областных и городских маслихатов, руководители региональных представительств РОО "Ассамблея жастары", лидеры и представители молодежных организаций.

"Идея Нового Казахстана близка чаяниям общества, отвечает на современные запросы, выдвигаемые разными категориями граждан. В первую очередь, это связано с тем, что Новый Казахстан - это о принципах справедливости и взаимного уважения", — отметил руководитель молодежной организации "Ассамблея жастары" Тимур Джумурбаев.

В рамках обсуждения лидеры молодежи поделились своим мнением по поводу проведения референдума и конституционной реформы.

Молодые казахстанцы, будучи активной частью гражданского общества, обсудили актуальные изменения в общественно-политической системе государства и возможности для молодежи, которые открывает реализация идеи Нового Казахстана, отметили организаторы.

Все права защищены. Используйте активную ссылку на baigenews.kz: https://baigenews.kz/news/ideya_novogo_kazakhstana_blizka_chayaniyam_obshchestva_-_rukovoditel_-assambleya_zhastary/

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров референдумда бюллетеньді толтыру кезінде ескерілетін басты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бюллетеньнің өзі, мәтіні мен формасы бекітілді. Бюллетеньдер жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылуы тиіс. Әр адам оны жеке толтырады. Дауыс беру кезінде азамат өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды. Бір сұрақ пен жауаптың екі нұсқасы болады. Осы орайда бір белгіні қою керек, яғни осының бәрі түсінікті түрде қойылғаны абзал», - деді Константин Петров елордада Орталық референдум комиссиясының отырысында. Оның айтуынша, бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оған қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Толтырылған бюллетень дауыс беруге арналған жәшікке салынады. ОСК мәліметіне қарағанда, тиісті учаскеде Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен дауыс беру уақыты өзгертілмесе, дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша сағат жиырмада басталады. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауы тиіс. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumda-byulleten-toltyratyn-kezde-neni-eskeru-kerek-osk-okili-tusindirmesi_a3933920

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Для проведения референдума задействовано более 10 тыс. участков, передает корреспондент МИА «Казинформ». «На сегодняшний день задействовано 10 013 участков референдума. По состоянию на 15 мая текущего года, в список граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме, включено 11 722 536 человек», - сказал председатель Центральной избирательной комиссии Нурлан Абдиров на заседании ЦИК. Он подчеркнул, что местным исполнительным органам необходимо держать на контроле вопросы готовности участков ко дню голосования, в том числе по обеспечению условий для граждан с особыми потребностями. «Необходимо дополнительно проработать вопросы с инвотакси, возможности привлечения сурдопереводчиков, другие необходимые меры для удобства граждан с инвалидностью», - отметил спикер. «Я еще раз обращаюсь к вам с призывом убедиться, что вы есть в этих списках. С 20 мая 2022 года на своем участке вам будет предоставлена возможность проверить данные о себе, списки граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме. При необходимости внесения каких-либо изменений вы сразу сможете обратиться с заявлением в участковую комиссию референдума. Ваше заявление будет рассмотрено в тот же день», - заключил Н. Абдиров. Согласно Указу Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева республиканский референдум пройдет 5 июня.


Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/bolee-11-mln-kazahstancev-vklyucheny-v-spiski-dlya-golosovaniya-na-referendume_a3933896

Страница 130 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…