г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қазақстандық дипломаттар мен өзбек сарапшылары референдум мәселесін талқылады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігі өткізген республикалық референдумға арналған дөңгелек үстелге қатысушылар елдегі саяси реформаларды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өз сөзінде Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды алдағы референдумның маңызын атап өтті.

«Конституциялық реформалар «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге, бүкіл мемлекеттік модельді трансформациялауға, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыруға, мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құруға арналған», - деді дипломат.

Профессор Закир Усманов Жаңа Қазақстанның құрылуына бағытталған алдағы трансформацияларға оң баға беріп, қоғамды демократияландыру жолындағы басты міндет –демократиялық реформаларды одан әрі ілгерілету, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін Конституцияны жетілдіру екенін атап өтті.

«Білім керуені» мемлекеттік емес ғылыми мекемесінің басшысы Фарход Толипов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған баяндамасында барлық деңгейлерде қарқынды дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың дамуының маңызды аспектілерін атап өтті.

Өзбекстандық сарапшылар қазақстандық қоғамды одан әрі ілгерілетудің басты факторы ретінде топтастыру мақсатын қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ, қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешгін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің жаңа бағыттарын белгіледі.

https://lenta.inform.kz/kz/kazakstandyk-diplomattar-men-ozbek-sarapshylary-referendum-maselesin-talkylady_a3934129

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…