г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Вторник, 05 апреля 2022 16:52

су тасқынына қарсы

Ақмола облысында елорда маңындағы аймақтарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде
Ақмола облысының Елорда маңындағы өңірлерінде еріген қар суын сору жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Астанаға тікелей жақын орналасқан Целиноград ауданының ауылдары су басу қаупі жоғары аймақта орналасқан.
Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар департаментінің қолда бар күштері мен құралдары апатпен күресуге бағытталған.
Целиноград ауданында қардың белсенді еруінен бастап 200 мың текше метр су сорылды.
Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбековтың айтуынша, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.
"Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша аудандық жедел Штаб құрылды, ол қардың еруі мен өзендердің ағуына үнемі бақылау жүргізеді және тәулік бойы кезекшілік етеді, қосымша бақылау бекеттері орнатылды, аудандағы барлық техника жұмылдырылды. Апат салдарын жоюға аудан әкімдігі мен ТЖ бөлімшелері белсенді қатысуда", - деді спикер.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, қазір су тасқынының белсенді кезеңі жүріп жатыр.
"Департаменттің қосымша қызметтері 2 сәуірде ауданға келді. Сол күні тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қабылданды. Осы сәтте жылы ауа-райының орнауына және температуралық фонның көтерілуіне байланысты егістіктерде еріген қар суының қалыптасуы орын алды және егістіктерден еріген судың 3-4 күндері ауыл арқылы өте бастады. Қоянды кенті бойынша ТЖМ жеке құрамынан 51 адам 10 бірлік техника және 8 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, министрдің шешімі бойынша 52859 жж азаматтық қорғаныс полкі тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтан келіп түсетін барлық өтінімдерді пысықтаймыз", - деп атап өтті Қанат Доспаев.
Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде және басқа да елді мекендерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, құтқарушылардың ақпараты бойынша тұрғын үйлерді су басуға әлі жол берілген жоқ.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «КИСИ GPS» ұлттық сараптама алаңының тұсаукесерін өткізді
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптама алаңының тұсаукесерін өтті. Белгілі саясаткерлердің, саяси партиялардың жетекшілерінің, сарапшылар қауымдастығының өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен бірінші талқылау Мемлекет басшысының Жолдауына және Қазақстандағы билік институттарының трансформациясына арналды. Пікірталас алаңына ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов модераторлық жасады.
Еркін Тұқымов өзінің алғысөзінде «КИСИ GPS» Ұлттық сараптама алаңы елдің дамуы мәселелері бойынша жаңа мағыналарды қалыптастыруға, тың идеяларды іздеуге мүмкіндік беретінін баса айтты. «Бүгінгі ұлттық сараптамалық пікірталас алаңының ашылуының бәріміз үшін маңызы зор. Алаңның атауы Жаңа Қазақстанның құрылуымен тікелей байланысты. «GPS» сөзінің мағынасы бір жағынан еліміздің дамуы үшін жаңа идеяларды іздеумен байланысты болса, екінші жағынан сөзбе-сөз «Ғылым. Пікір. Саясат» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі күні Үкімет пен қоғам тұрақты диалогқа, тұрақты пікір алмасуға мүдделі екені анық. Біз қандай Қазақстан құрып жатырмыз, өз өмірімізді жақсарту үшін не істеуіміз керек және Қазақстан әлемдік қауымдастықтың одан да табысты мүшесі болуы үшін не істеу керек деген сұрақтар бәріміз үшін ортақ. Сондықтан алаңымыздың тұрақты болуы өте маңызды. Сондай-ақ бұл алаң бүкіл қоғамның, тіпті кең-байтақ жеріміздің шалғай аймақтарындағы барша азаматтардың сұранысына жауап беруі тиіс деп есептеймін. Біз әртүрлі көзқарастарды көру үшін елорда мен Алматыда ғана кездеспей, сонымен қатар бүкіл Қазақстанды аралауымыз қажет. Осыған орай, ұлттық сараптама алаңның мәртебесіне сәйкес болу үшін өңірлерде талқылаулар өткізіп, билікке қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыру кезінде барлық пікірлерді ескеруге дайынбыз», - деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының басшысы.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев парламентаризм институтын және мәслихаттарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. «Реформалар – ұзақ жолдың бастауы. Біз тежемелік және тепе-теңдік жүйесі бойынша жұмыс істеуіміз керек. Тежеу мен тепе-теңдік жүйесі жұмыс істемесе, қанша партия болатыны маңызды емес», - деді Азат Перуашев.
Өз кезегінде «Amanat» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек реформаларды талқылауға барлығының атсалысуы керектігін айтты. «Мемлекет басшысының реформалар бағдарламасы бүкіл халық үшін қолайлы болашақ құруға бағытталған. Терең талдауды қажет ететін көптеген нақты мәселелер бар. Сыни көзқарас керек, бірақ ол қоғамды бөлмеу керек. Біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздік пен азаматтар», – деді Дәулет Кәрібек.
Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өз сөзінде қаңтар оқиғасы ескі жүйеде қордаланып қалған кемшіліктерді көрсеткенін баса айтты. «Президент жолдауы саяси жаңғыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды. Барлық саяси реформалардың өзекті мәселесі – Парламенттің жаңа мәртебесі. Жаңа Қазақстанда мен Конституцияның өзгеруін көріп тұрмын. Мен осы мәселе бойынша диалог үшін арнайы комиссия құруға шақырамын. Сондай-ақ, халықтың мемлекеттік басқаруға жаппай қатысуы туралы тезисті мен де толық қолдаймын. Тоқаевтың жолдауы халықты шешім қабылдау үдерісіне тартуға және билікке монополияны жоюға бағытталған. Халықтық партия кәсіподақтар конфедерациясымен байланыста. Тәуелсіз кәсіподақтарда белсенді азаматтар көп. Бізге мысал ретінде Ұлыбританияның Лейбористер партиясын айтуға болады. Онда бұл партия кәсіподақтарға негізделген. Біз көптеген тәуелсіз кәсіподақтардың пайда болуын қолдаймыз. Адамдар кәсіподақ ұйымына кірсе, көп нәрсені үйренеді. Ең алдымен, бюджет мәселелері. Сайлауға түсетін әрбір адам бюджет мәселелерін түсінуі керек», – деді Ермұхамет Ертісбаев.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен мұндай пікірталас алаңдарын аймақтарда өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Мен Парламенттің, мәслихаттардың ұстанымдарын нығайту, заңнаманы бекіту жөніндегі барлық бастамаларды қолдаймын. Жақында біз, Сенат депутаттары өңірлерді аралап, халықпен кездестік. Халық саясаттың белсенді субъектісі ретінде күрделі сұрақтар қояды. Жергілікті тұтынушылар өте белсенді. Тиімділікті арттыру үшін жұртшылықпен әңгіме жүргізіп, осы тақырыпта әрбір қазақстандықпен сұхбаттасып, осы реформалардың қолдаушысы болу үшін талдау жүргізіп, түсіністік қалыптастыру қажет», – деді Ләззат Сүлеймен.
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов Мемлекет басшысы Қоғамдық кеңестердің жұмысын қайта қарауды тапсырғанын баса айтты. Бізде қоғамдық кеңес бар, мәслихат бар, басқа да кеңестер бар. Олардың функционалдық айырмашылығы неде? Өйткені, қоғамдық кеңес құрылғанда оның мәслихаттан айырмашылығы неде деген сауалдар туындады. Әрине, бақылау – азаматтарды саяси үдерістерге қатысуға ынталандыратын өте қуатты бастама. Дегенмен, олардың ерекшеліктері мен функционалдық міндеттерін ажырата білу керек. Сонда ғана азаматтар қандай кеңеске кіру керек, қандай мүмкіндіктер бар, мәселелері қайда шешілетінін түсінеді. Сондықтан, әсіресе, өңірлерде осындай алаңдар арқылы нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізсек, саяси белсенділік пен саяси мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз», – деді.
Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетовтың айтуынша, қолданыстағы заңдар мен ұсынылып отырған реформалар Конституция нормаларына қаншалықты сәйкес келеді деген сұраққа жауап беру қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар бағдарламасы осындай жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді», - деді ол.
ҚР Парламенті Сенатының Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі Юрий Черкасов атап өткендей, мұндай пікірталас алаңдары өте қажет. «Осындай белсенді диалогтың өтіп жатқаны өте жақсы, ол қазір маңызды. Бұл ретте Жолдаудың рөлі зор болды. Мен Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын осы бастамасымен құттықтағым келеді», - деді Юрий Черкасов.
«Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева Мемлекет басшысының Жолдауынан қоғамдық саланың жандануын күтетінін атап өтті. «Біз қазірдің өзінде жаңа партиялық жобалардың жандана бастағанын көріп отырмыз. Мәселен, гендерлік бағыттағы «Ақжүніс» ұйымы өз партиясын құруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл да саяси мәдениеттің көрсеткіші. Бұл ретте бұрын аймақтық, гендерлік және салалық ерекшеліктерге негізделген партиялар құруға тыйым салынған болатын. Біз физиологиялық сипаттамаларға бөлінбей, идеологиялық артықшылықтар бойынша ерекшеленуіміз керек. Осыған байланысты біз жаңа серпін көріп отырмыз. Экологиялық және гендерлік бағдардағы қоғамдық бағыттар белсендірілді. Жалпы жаңа партиялық жобалардың пайда болуын күтуге болады. Мұны партиялар қызметі туралы нормаларды либерализациялау да көрсетеді. Осылайша тіркеу процедурасы жеңілдетілді. Енді біз жаңа партиялық ойыншылардың пайда болуын күтеміз», - деп түйіндеді.
Среда, 09 марта 2022 18:00

Қош келдің Әз-Наурыз!

Ізглікпен мейірімділіктің шуағы ескен мереке. Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз –бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың меркесі болып саналады. Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Барлық қазақстандықтардың ойы бейбіт өміт, берекелі тірлік – бар қалауымыз. Достық пен татулықты ту еткен халықпыз.
Қысқаша: Әр елде «Наурыз» тойы!
1) Қазақстан Республикасында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» құтты болсын. Тойыға келушілер қазақтың ұлттық киімін киіп, бір бөлмені қазақтың әдет ғұрпына сай безендіреді. Ақ дастархан ұлттық дәмге толы. Бауырсақ, шелпек, май, қаймақ, ірімшік, айран, құрт, талқан,, тары шашу, қуырылған қант, жеті тағамнан жасалған наурыз көже – тоқшылықтың, аманшылық белгісі.
Турция-(наурыз байрам) – бір-біріне қонаққа барады.
Әзірбайжан(навруз байрам)- ең басты тағамы шакярбура. Қамыр мен жаңғақтан жасалған тағам.
Иран (навруз)- 13 күн тойлайды, алаңға шығады.
Индия(навруз) – мұсылмандар 21 наурызды бәріде тату-тәтті өткізеді.
Әлемде тағы басқа да мемлекеттер Наурыз мейрамын ұмытпайды. Достық, бірлік, силастық ретінде қызықты той өткізеді.
Алланың маған берген сыйлығы – 84-те жасым бар, көпті көрген басым бар. Сағымданып қалды артта, Соқпақтай талай асулар. 20 жыл бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасымын. 40 жыл Темір жол саласында өтілім бар.Ауданның құрметті ардагері болғандықтан барша халыққа мереке қарсаңында бата беруді жөн көрдім.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Бір шаңырақтың астында 130 ұлттың өкілі халқым тоқ болсын. Бірліктері нық болсын, Аспаннан күн күлімдеп, нұрын жерге төгіп тұр. Жер бусанып, көк шөп өз-өзнен шығып тұр.
Мал төлдеді, айран көже толып тұры.
Төрт түлік мал жайлауғада барып тұр.
Наурыз өткен соң егін саламыз,
Ккүзде жинап аламыз,
Жастар болсын айбатты,
Жұмыстада қайратты.
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Еліміздің бар шаңырағында ырыздық мол болсын!
Өміріміз наурыз күніндей шуақты болсын!
Дастарханымыз кең болсын!
Дәулетіміз шалқып сел болсын!
Мәңгілік қазақ елі жасай берсін!
Биікте жеріміз желбііресін!
Ел таңбасы жарқырап,
Ән ұранымыз әлемде шырқала берсін. Әумиин.
Құрметті ардагер, сыйлы қарияя Сабырхан Уалиұлы.
Среда, 09 марта 2022 17:59

Масленица мейрамы

6 наурызда ауа-райы нашарлап, жел соғып тұрды. Жолдарда еріген қар үйіндісі қозғалуға мүмкіндік бермейді. Бірақ бұл масленица мейрамын тойлауға, хош иісті және дәмді құймақ дәмін татуға, ыстық шаймен жылынуға келген державиндіктер мен қала қонақтарын тоқтатқан жоқ. Жалынды частушкалар мен әндерге, тәтті-дәмділерден дәм татып, келген қала тұрғындары арқан тартудан, қаппен секіруден және т. б. жарысты. Өкінішке қарай қыстың кеткенін наурыздың келгенін көрсететін сабаннан жасалған мақұлықты жағу рәсімі, боранмен сулы қардың әсерінен жанған жоқ. Десекте, көктем өзінің жылы шырайымен, жасыл желегімен келетініне кәміл сенеміз.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшсі
Среда, 09 марта 2022 17:57

Нәзік жандылар бас қосты

Нәзік жандылар бас қосты
Әйел елдің, тұтас бір ұлттың анасы, ал ол ұстаз болса, бар халықтың кәусар бұлағы болары анық. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық кітапхананың оқушылар залында дөңгелек үстел өткзілді. Оған ауданымыздың белгілі ардагер ұстаздары, тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараны тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырды. Жиында ұрпақ тәрбиесі мен елміздің білім беру сіне қосқан үлесі үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған ардагер-ұстаз Күлән Нарыбаева, Алтынай Хасенова, «Блм беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Роза Садуақасоваға сұрақтар қойылды. Сұхбат барысында қиында қызыққа толы ұстаздық жолы туралы айтылды. Мереке қарсаңында түрлі деңгейдегі олимпиада жеңімпазы, ғылыми жобалардың авторы, Ақпан Үкібай атындағы ОМ-тің 5-сынып оқушысы Інжу Бертағы ән шырқады.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшсі.
Среда, 09 марта 2022 17:56

Туберкулездің алдын алу

22 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу айлығы өткізіледі . Әлем халқының үштен бір бөлігі микобактерия туберкулезін жұқтырады, жыл сайын 10 миллионға жуық адам ауырады.
Аурудың себептері
Туберкулез қоздырғышы адам ағзасына науқас адам жөтелгенде және түшкіргенде бөлетін қақырық тамшыларын, сондай — ақ туберкулез бактериялары бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін инфекцияланған шаңды жұтқан кезде түседі; сирек-туберкулез маститімен ауырған сиырдан сүт ішкен кезде.
Аурудың дамуы иммунитеттің инфекцияға қарсы тұру қабілетіне байланысты: ауру мүлдем пайда болмауы мүмкін, жеңіл түрде жүруі немесе ауыр кезеңдерге тез жетуі мүмкін. Иммунитеттің әлсіреуіне нашар тамақтану, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың төмен деңгейі, егде жас, алкоголизм, ілеспелі аурулар (қант диабеті, онкологиялық аурулар, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және әсіресе АИТВ-инфекциясы) ықпал етеді.
Орташа алғанда, қоздырғыш ағзаға енген 20 адамның 1-і ауырады. Әрине, туберкулезбен ауыратын науқастарда ұзақ уақыт бойы ауырып қалу ықтималдығы жоғары.
Туберкулез әсіресе дамыған түрінде қауіпті. Бұл алдын-алу шараларының маңыздылығын және ауруды ерте кезеңдерде анықтауды анықтайды.
Аурудың белгілері және оны анықтау әдістері
Ерте кезеңде симптомдар минималды түрде көрінуі мүмкін: әлсіздік, шаршау, тәбеттің төмендігі. Өкпе процесі дамыған сайын жөтел пайда болады (алдымен құрғақ, содан кейін қақырықпен), ентігу, қызба, қатты терлеу, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, сирек — кеудедегі ауырсыну. Бүйректің, жыныс мүшелерінің, омыртқаның, буындардың, сондай-ақ менингездің (менингит) туберкулездік зақымдануының дамуы мүмкін, дегенмен өкпеден тыс туберкулездің жиілігі өкпеге қарағанда әлдеқайда төмен.
Диагностиканың негізгі әдісі-флюроографиялық тексеру. Осы зерттеулердің әртүрлі түрлерінің арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды. Флюорография тек жаппай тексерулер үшін, яғни туберкулезге күдік бар өкпедегі өзгерістерді анықтау үшін орынды. Кеуде қуысының шолу рентгенографиясы және қарапайым томография үлкен дәлдікке ие
Емдеу және алдын алу
Туберкулез арнайы туберкулезге қарсы диспансерлерде емделеді. Амбулаториялық емдеу немесе стационарлық, ең алдымен аурудың түріне байланысты болады. Өкпе туберкулезі алғаш анықталған барлық науқастар ауруханаға жатқызылады. Емдеу әрдайым ұзақ, кем дегенде 6 ай және бір уақытта 4-6 туберкулезге қарсы препараттарды қолданғанда біріктірілген. Емдеудің сәттілігі көбінесе медициналық ұсыныстарды орындаудың дәлдігіне байланысты. Препараттардың дозаларын және оларды қабылдау уақытын азайту емдеуді тиімсіз етеді және патогеннің тұрақтылығын дамытуға ықпал етеді. Емдеудің басқа түрлері, оның ішінде дәстүрлі медицина мен шөп дәрілерінің арсеналынан ешқандай жағдайда туберкулезге қарсы препараттарды алмастыра алмайды.
Туберкулездің алдын алу үшін жөтелетін адамдармен жақын болудан аулақ болу ұсынылады. Бұл мүмкін болмаған жағдайда бөлмені жиі желдетіп, оны тазарту керек. Егер ауру пайда болса, дәрігерге қаралыңыз. Жақсы денсаулық болса да, жыл сайынғы флюорографияны елемеңіз. Иммундық жүйені нығайту маңызды: көбінесе таза ауада болу, дене шынықтырумен айналысу, толық тамақтану,темекі шегу мен алкоголизмнен бас тарту.
Алдын алудың нақты шарасы вакцинация болып табылады. Біздің елде BCG вакцинациясы ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген. Вакцина бала өмірінің алғашқы күндерінде енгізіледі, өйткені қауіпті микобактериямен ерте байланысу ықтималдығы өте жоғары. Ешқандай жағдайда вакцинациядан бас тартпаңыз-баланы туберкулезден қорғаудың басқа сенімді әдісі жоқ. Елімізде туберкулездің алдын алу және емдеу бойынша барлық іс-шаралар тегін.
Дәрігер-Фтизиатр: Қ.Байжұманова
Среда, 09 марта 2022 17:54

Ана - өмір шуағы!

Көктемнің алғашқы күндерімен келетін аяулы кыздарымыздың ардақты аналарымыздың 8-наурыз мерекесі басталады. Барлық тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған ардақты аналар, мейірімді әжелер, әдемі аруларға арнап мереке өткізілді.
7-наурыз күні Үшқарасу ауылдық демалыс ғимаратында халықаралық мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізілді. Шара барысында ауыл әкімі Қ.С. Малиев жиналған аналарды, қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап өзінің жылы-лебіздерін білдіріп, мерейгер аналарға Б.П. Торғайбаеваны, А.Б. Ахмедьянованы, И.П. Ахметованы сыйлықтар табыс етті.
Дастарқан басында жиналған әжелеріміз, аналарымыз, қыз-келіншектеріміз бір-біріне жақсы лебіздер білдіріп құттықтады.
Іс-шара мерекелік - концерттік бағдарламасына жалғасты оқушылар аналарымызға арнап манерлеп тақпақ айтып, ән шырқап, 8 сынып қыздары Г. Семенцова, А. Маркс би биледі, «Журавушка» ансамблі өз өнерлерін көрсетті.
Осы мерекеге ат салысқан демеушілеріне – «Үш-Қарасу» ЖШС Б.Т. Жүсіпбековке, ш/қ «Байлық» Д.Ә. Шакировқа, «Торал» ЖШС А.А. Ахметовқа, «Алтай-1» ш/қ Т.И. Нұржановқа, «Каскад» ш/қ Ф.Г. Шаймардановқа, «Карина» ш/қ М.М. Беркимбаевке, жеке кәсіпкер А.Ә. Шакировқа аналардың атынан алғыс білдіреміз.
Ж.М. Баймағамбетова, Үшқарасу ауылының кітапханашысы.

Барлық деңгейдегі әкімдер халықпен тұрақты кездесіп тұрады

Мемлекет басшысы "әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Құжатты Ұлттық экономика министрлігі Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында әзірледі. Жарлық барлық деңгейдегі әкімдерді халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуді міндеттейді. Құжатта барлық деңгейдегі әкімдердің ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығуының ең аз санын белгілей отырып, халықпен тұрақты кездесулердің икемді күнтізбесіне көшу көрсетілген. Бұдан басқа, кездесуді өткізу регламенті бекітілді, онда кездесудің ¼ бөлігі өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаманы таныстыруға бөлінген, ал баяндаманың ¾ бөлігі "сұрақ-жауап"форматында өткізіледі.

Президент әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Кездесу аяқталғаннан кейін әкімдер азаматтарды жеке қабылдайтын болады. Бұдан кейін проблемалық мәселелер оларды мәслихат сессиясында қаржыландыруды қарау мүмкіндігімен жүйелендірілетін болады. Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық елді мекендері тиісті өңірлердің басшы құрамымен кездесулермен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, жиналыстар халықтың өтініші бойынша және қажет болған жағдайда күнтізбеден тыс жерде өткізілуі мүмкін. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі әкімдер тоқсан сайын ресми интернет-ресурстарда және "электрондық үкімет" веб-порталында кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орналастыруы тиіс.

Президент әкімдердің халықпен кездесуінің жаңа тәртібін бекітті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы"Жарлыққа қол қойды. Құжат халықтың әкімдермен және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын жақсартуға, азаматтардың жергілікті билік органдарына сенімін, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.

Президент әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды
7 наурыз 2022 ж. Нұр-Сұлтан қ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты Жарлыққа қол қойды. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
Жаңа Жарлықта барлық деңгейдегі әкімдердің ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығуының ең аз санын белгілей отырып, халықпен тұрақты кездесулердің икемді күнтізбесіне көшуі көрініс тапты.
Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы әкімнің баяндамасы кездесу кезінде жоспарланған уақыттың төрттен бір бөлігінен аспайды. Қалған уақыт «сұрақ-жауап» форматында өткізіледі. Бұл шаралар облыс басшылығының елдімекен тұрғындарымен барынша байланыс жасауына ықпал ете отырып, осылайша халықтың билікпен коммуникациясының сапасын арттырады.
Кездесулерді ұйымдастыру кезінде мүдделі тұлғалардың, оның ішінде мәслихат депутаттары, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдерінің кең аудиториясы тартылады. Бұл өңір басшылығымен жан-жақты диалог құруға мүмкіндік береді.
Кездесу аяқталғаннан кейін әкімдер азаматтарға жеке қабылдау өткізеді. Проблемалық мәселелер оларды қаржыландыруды мәслихат сессиясында қарау мүмкіндігімен жүйелендіріледі.
Әкімдердің жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, ішкі істер органдарының басшылық құрамымен және мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестердің мүшелерімен, жергілікті зиялы қауыммен бірлесіп, азаматтарға жеке қабылдау өткізуі Жарлықтың тағы бір новелласы болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық елдімекені тиісті өңірдің басшылық құрамымен кездесумен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, кездесулер халықтың талап етуі бойынша және қажет болған жағдайда, күнтізбеден тыс өткізілуі мүмкін.
Сонымен қатар барлық деңгейдегі әкімдер халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда және «электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын орналастыруы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген шаралар халықтың әкімдермен қарым-қатынасын жақсартуға, азаматтардың жергілікті билік органдарына сенімін, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.
Понедельник, 07 марта 2022 08:34

«Лучи добра»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қарт адамдарға арналған «Лучи добра» қағамдық қорының үй-интернатына барып, келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтадым.

Сондай-ақ, мерекемен ардагерлер Кеңесінің төрайымы Ахметова Ұлбосын Асқарқызы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің өкілдері құттықтады.

Страница 133 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…