г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО НАЦИОНАЛЬНОЙ ЭКОНОМИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Президент әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды
7 наурыз 2022 ж. Нұр-Сұлтан қ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты Жарлыққа қол қойды. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
Жаңа Жарлықта барлық деңгейдегі әкімдердің ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығуының ең аз санын белгілей отырып, халықпен тұрақты кездесулердің икемді күнтізбесіне көшуі көрініс тапты.
Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы әкімнің баяндамасы кездесу кезінде жоспарланған уақыттың төрттен бір бөлігінен аспайды. Қалған уақыт «сұрақ-жауап» форматында өткізіледі. Бұл шаралар облыс басшылығының елдімекен тұрғындарымен барынша байланыс жасауына ықпал ете отырып, осылайша халықтың билікпен коммуникациясының сапасын арттырады.
Кездесулерді ұйымдастыру кезінде мүдделі тұлғалардың, оның ішінде мәслихат депутаттары, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдерінің кең аудиториясы тартылады. Бұл өңір басшылығымен жан-жақты диалог құруға мүмкіндік береді.
Кездесу аяқталғаннан кейін әкімдер азаматтарға жеке қабылдау өткізеді. Проблемалық мәселелер оларды қаржыландыруды мәслихат сессиясында қарау мүмкіндігімен жүйелендіріледі.
Әкімдердің жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, ішкі істер органдарының басшылық құрамымен және мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестердің мүшелерімен, жергілікті зиялы қауыммен бірлесіп, азаматтарға жеке қабылдау өткізуі Жарлықтың тағы бір новелласы болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық елдімекені тиісті өңірдің басшылық құрамымен кездесумен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, кездесулер халықтың талап етуі бойынша және қажет болған жағдайда, күнтізбеден тыс өткізілуі мүмкін.
Сонымен қатар барлық деңгейдегі әкімдер халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда және «электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын орналастыруы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген шаралар халықтың әкімдермен қарым-қатынасын жақсартуға, азаматтардың жергілікті билік органдарына сенімін, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…