8 Наурызбен құттықтау
Қымбатты ақ жаулықты аналар! Аяулы арулар мен қарындастар!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» деген даналық сөз Ана ұғымына қатысты айтылған.
Біз қашанда Ананы ардақтап, қыз-баланы қастерлеген елміз. Ананы – бақ-берекенің көзі дейміз. Себебі, олар – ұлттың, ұрпақтың Анасы, ең ардақты жандар.
Ғұламалар әлемде өзгермейтін 3 нәрсені атайды, олар: күннің нұры, ананың сүті, сәбидің күлкісі.
Шынында да, ана мен бала бақытына еш нәрсе жетпейді. Біз Ана махаббаты арқылы мейірімді, жылылықты сезінеміз.
Еңбегімен сыйлы, парасатты мінезімен халқына құрметті болған жандар ауданымызда да аз емес.
Біздің Жарқайыңның даңқын шығарып, ел өркендеуіне лайықты үлес қосқан Аналарымыздың есімі, ерен еңбектері – бізге үлгі.
Ардақты аналар мен аяулы жандар!
Халқымызда «Барлық жақсылық күннің нұрынан, жылылық аналардың алақанынан тараған» деген асыл сөз бар.
Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, ана қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі!
Осынау шуақты мерекеде Сіздерге көктемнің гүліндей әсемдік, бақытты да баянды өмір, істеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!
Құс қанатымен ілесіп жеткен көктем мерекесі сіздерге шат көңіл әкеліп, әрдайым мерейлеріңіз үстем болсын.
Жарқайыңдық әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының амандығын, береке-бірлігін тілеймін.
Мереке қайырлы, құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.