г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Тәрбиеші болу - бақыт

Мен бүгін

Ерекше бір сезіммен ояндым,

Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,

Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,

Өмірімнің мәніне айналған,

Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!

Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар... Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса - міне, нәтиже.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың озық тәжірибелерін анықтау және мектепке дейінгі жаңартылып жатқан білім беруде инновациялық технологияларды іздестіру мақсатында, тәрбиешілердің білім дәрежесін шығармашылығын іздемпаздықтарын дамыту барысында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагог - 2022» аудандық сырттай байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиенің үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, шығармашылық ізденісте жүрген педагогтардың тәжірибесін жетілдіру.

Осы байқауға балабақшамыздың педагог-модератор тәрбиешісі Ануарбекова Гулназ Мухтаровна қатысып, өзінің педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі 1-орынға ие болып, балабақшамыздың мерейін аудан көлемінде асқақтатты. Педагог жас та болса өзін жан-жақты көрсете білді.

«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.

Сондықтан да шығар белестеріміз әлі алда. Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең - шуақты көрінбек.

Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші – Гулназ Мухтаровна өз ісінің маманы.

«Балдырған» бөбекжайы»МКҚК-ның әдіскері: Гафарова Асем Спандияровна

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…