г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Темір жол-қауіпті аймақ

17.08.2022, 09:23

Темір жол қашаннан аса қауіпті аймақ болып саналады. Себебі, мыңдаған тонна жүк тиеп алып жүйіткіп келе жатқан пойыздың алдында болу ешкімге де жақсылық әкелмейді. Темір жол – ыңғайлы және қолжетімді көліктің бірі болып саналады, оны күнделікті миллиондаған адамдар пайдалануда. Темір жол көлігінің жылдамдығының өсуі жолаушылардың жолда болу уақытын азайтып, жүктің жеткізілуін тездеткенімен, адамдарға көптеген қауіп төндіретін проблемалар тудырды. Ең басты қиындық адамдардың немқұрайлылығында, балаларға деген жауапкершіліктің аздығында. Ата-ананың бақылауын сезінбеген балалар вагондар үстіне мініп, темір жол арасында қаңғып, темір жолды ойынға айналдырады.

Негізінен, темір жолда бөгде адамдармен жарақаттану жағдайларының болуына себеп, олардың темір жолда қауіпсіздік ережелерін білмеуі, сақтамауы, асығыс жүріп, арнайы аспа көпірді пайдаланбауы және де балалардың бұзақылық істерге барып, ойын ойнауы. Жүріп келе жатқан поездың қажет кезінде дереу тоқтауы мүмкін емес, ол поездың салмағына, жолдың саласына байланысты орташа есеппен алғанда 1000 метрдей жүріп барып тоқтайды. Жылдамдығы 100-120 км/сағ жүріп келе жатқан поезд секундына 30 метр жерді жүріп өтетінін ескерсек, жолаушының жолды кесіп өтуіне 5-6 секундтай уақыт кетеді. Жас жігіттер мен бойжеткендердің әуендерді жақсы көргені сонша, темір жолдан кесіп өтіп жатса да құлағынан плеер, құлаққаптарын шешпегендіктен локомотивтің гуілін естімейді, ал көру сезімі рельсты ыңғайлы аттап өтуге ғана бағытталған.

Бір қарағанда тұрған вагондар қауіп төндірмейтін сияқты, бірақ тұрған вагонға 5 метрден кем ара-қашыққа жақындауға, астынан өтуге болмайды. Өйткені станцияда тұрған әрбір вагон жұмыс үстінде тұр деп есептеледі, әр секундта ол қозғалысқа келуі мүмкін. Вагоннан шығыңғы әр-бір зат киімге ілініп қалса адамды дөңгелек астына тартып әкетеді. Әсіресе қарсы бағытталған жылжымалы құрамалардың арасында қалып қою өте қауіпті, өйткені, қарсы бағыттағы құрамалар тудырған ауаның ағыны 16 тоннаны құрайды, мұндай жүктеме адамды поезд астына тартып әкетеді.

Сондықтан, темір жолдан уақытты қысқартып өзіңе ыңғайлы жерден өтуге болмайды. Жарақаттануды болдырмау үшін ең бастысы темір жолды арнайы белгіленген орындардан өту керек. Темір жолдан  аспа көпірлер арқылы ғана қауіпсіз өтуге болады. Аспа көпір жоқ жерлерде азаматтар темір жолды кесіп өтуге арнайы төсемелерді пайдалануға болады. Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ. Сондықтан темір жолдың қауіпті аймақ екенін ұмытпайық, өз өмірімізді өзіміз қадірлейік, ағайын!

Державин ст. ЖПб бастығы полиция капитаны Н.С.Қамбаров.

"Ауыл АМАНАТЫ" жобасы

17.08.2022, 09:15

Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде Үкімет партиямен бірлесіп "Ауыл АМАНАТЫ" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.

Жоба Жамбыл облысында 2019 жылдан бастап іске асырылып жатқан "Ауыл халқының табысын арттыру" пилоттық жобасын республика бойынша масштабтауды, сондай-ақ оны жүйелендіру мен біріздендіруді көздейді.

Жамбыл облысының ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі оң тәжірибесі осы ауылда кооперативтің мүшелерін төмендетілген құнмен азықпен және басқа да сервистік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша бір мезгілде ұйымдастыра отырып, бір ауылдық округ тұрғындарының микронесиелерге деген қажеттілігін барынша қанағаттандыруға негізделген. Өңірге 2019 жылы республикалық бюджеттен 7,2 млрд.теңге несие бөлінді. Скрининг нәтижелері бойынша халықтың микронесиелерге қажеттілігін ескере отырып, бөлінген несие көлеміне 11 пилоттық ауылдық округ айқындалды.

2023-2025 жылдар аралығында Бағдарлама шеңберінде жыл сайын республиканың барлық облыстарына жобаны іске асыруға бюджеттік несиелер бөлу көзделеді.

Өңірге бөлінетін бюджеттік несиенің көлеміне және скрининг нәтижелері бойынша алынған ауылдарды несиелеу қажеттілігіне байланысты облыстардың әкімдіктері кезекті қаржы жылында жобаға қатысатын пилоттық ауылдық округтерді айқындайтын болады.

Жоба бойынша микронесие алуға үміткерлер жұмыссыздар және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болуы мүмкін (ҚР Үкіметінің 11.04.2019 ж. № 178 қаулысы):

1) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, келесілерден басқа:

  • акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
  • ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
  • өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
  • мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік холдингті қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын құрылтайшылар (оның ішінде қатысушылар, акционерлер) сондай-ақ кәсіпкерлер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған), сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;
  • ҚР Үкіметінің 11.04.2019 ж. № 178 қаулысымен бекітілген тұлғалар;

2) зейнет жасына толмай қысқартылған (жұмыстан босатылған) қызметкерлер;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін дара кәсіпкерлер;

4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

5) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

6) табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері жатады.

Микронесие беру шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.07.2022 жылғы № 263 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 3-тарауының 2-параграфында айқындалған.

Үміткерлерге микронесиелер мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда беріледі:

1) микронесие мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микронесие мерзімі – 7 жылға дейін;

2) микронесиенің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Қағидаларға сәйкес, микронесие алу үшін үміткерлер облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы айқындаған сенім білдірілген өкілге (агентке) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит алуға сауалнама – өтініш [түпнұсқа*/ электрондық құжат**];

2) Жеке басты куәландыратын құжат [көшірмесі***/құжаттың электрондық көшірмесі**/ мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер];

3) несиелік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты несиелік бюроға беруге, сондай-ақ несиелік есепті алушыға несиелік есепті беруге келісімі [түпнұсқа*/ электрондық құжат];

4) субъектінің Мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына берілген микронесие туралы ақпаратты, мәліметтерді және несие беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы /орындалмауы туралы барлық мәліметтерді ұсынуға және алуға келісімі [түпнұсқа*/ электрондық құжат**];

5) Бизнес-жоспар [үміткердің түпнұсқасы/ электрондық құжат**];

6) қатысушының/үміткердің уәкілетті органының микронесие алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі [түпнұсқа (микронесие мақұлданғаннан кейін ұсынылады)];

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және микронесие беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру бойынша кепіл берушілердің келісімі [түпнұсқа (микронесие мақұлданғаннан кейін беріледі)];

8) қызмет көрсететін банктен шоттың бар екендігі туралы анықтама [түпнұсқа (микронесие мақұлданғаннан кейін ұсынылады)/электрондық құжат**];

9) несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (несиелер болған кезде) [түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге уәкілетті тұлғаның түпнұсқамен салыстырған көшірмесіне жол беріледі)/несиелік бюролардан электрондық форматтағы мәліметтер];

10) қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) [түпнұсқа (ол болған кезде)/мемлекеттік деректер базасынан электрондық форматтағы мәліметтер];

11) бағалау туралы есеп [түпнұсқа/электрондық құжат**];

12) кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар [көшірмесі***/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық мәліметтер].

Ескерту:

* кредитордың қатысуымен толтырылады;

** микронесие беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде

*** құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады.

Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тиісті саладағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны айқындау көзделеді.

Жоба 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты шеңберінде іске асырылатын болады.

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп ауқымды «Ауыл аманаты» жобасын бастады

17.08.2022, 09:10

Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу. Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.

Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. 7 жылға дейінгі мерзімге берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 2 500 АЕК (шамамен 8 млн. теңге). Тұрғындар көбінесе  бұл ақшаға мал сатып алады. Кейбіреулері наубайхана сияқты шағын бизнес нысандарын ашады. Мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарқайың ауданында да үш ауылда насихаттау жұмыстар жүргізді. Жұмыссыздық, баянсыз болашақ пен несие, субсидияға қатысты қиындықтар адамдарды ауылдан көшуге мәжбүрледі. Тұрғындар ауыл шаруашылығымен айналысқысы келгенімен, ешқандай мүмкіндік болмаған соң айнала азып-тоза бастады. Бұл жағдай шекара шебінде орналасқан ауылыздар үшін аса қауіпті. Сондықтан аталған жоба ауылдарды гүлдендіріп, жастар туған жерінде жұмыс табады, қалаға көшіп кетпейді деп үміттенеміз. Егер, сіздерде сұрақтар туындаса, Жарқайың аудандық «AMANAT» партия филиалына келе аласыздар. Қазіргі таңда біз, бүкіл, түсіп жатқан сұрақтарды жинақтап, партия орталық аппаратына жолдап отырмыз. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасының аясында аудандық 17 ауылдық округ әкімі біліктілігін арттырды. Олар маркетингтік талдау жүргізуді, сауатты бизнес-жоспарын әзірлеуді, жобаны қаржыландыру көзін іздеуді және ауыл экономикасын дамытатын болашағы бар бағыттарды анықтауды үйренді.

«AMANAT» партия аудандық филиалы.

Дауды шешудегі медиацияның маңызы

10.08.2022, 09:34

Татуласу рәсімдері бүгінгі таңда тек еліміз бойынша ғана емес, бүкіл дамыған мемлекеттердің азаматтық-құқықтық кеңестігіндегі дау мен жанжалды шешудегі ең маңызды, перспектиалы рәсімдердің бірі болып отыр. Бұл ретте татуластыру рәсімдері немесе оның баламалы түрлерінің дауды сот тәртібімен шешуге қарағанда үлесі елеулі.

Бүгінде соттар жұмысына заманауи форматтар енгізу арқылы артық сот рәсімдері мен шығындары қысқартылды, Азаматтық процестік кодекске өзгіріс енгізілді. Соның нәтижесінде татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеу жаңашылдығы қолға алынды.

Тараптарды татуластыру негізінде неке және отбасы қатынастарынан туындайтын мүліктік даулар, шарт міндеттемелері және зардапты өтеу даулары бойынша жүргізіледі. Тараптарға АПК-нің 174 бабының 3-тармағына сәйкес, татуласу рәсімін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін екендігі түсіндіріледі. Татуластыру рәсімі іс жүргізудің  кез келген сатысында мүмкін. Егер талаптар келісімге талап арызды сот өндірісіне қабылдау сатысында он күн ішінде келмесе , сот өндірісі басталғаннан кейін де татуластыру рәсімін жүргізе алады. Бұл да өз кезегінде оң нәтиже береді.

Сот тарапынан бітімгершілік келісімдермен қатар, медиациялық келісімдер де жасалады.

Бүгінгі таңда әлемдік тәжірбие татуласудың балама тәсілдерінің бірі ретінде – медиацияны ұсынады. Медиацияны қолдану саласы – жеке және заңды тұлғалар қатынасын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жан-жалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезіндегі туындайтын қатынастар.

Соттағы медиациялық келісімнің басқа келісімдерден басты айырмашылығы – тараптар талаптың көлемімен шектелмейді, яғни талап қоюшы сотқа тек материалдық залалды өндіру бойынша жүгіне отырып, одан бөлек моральдық зиянды өтеуге қатысты дау бойынша немесе жауапкер талап қоюшының тарапынан орын алған кемшіліктерге қатысты өз уәждері мен шарттарының негізінде келісімге келуге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ медиацияның тағы бір тиімділігі ретінде оның шарттарын орындауда жауапкердің мүдделі екендігін айту артық болмас, себебі келісім әрқашан екі жақтың шынайы мүмкіндігі мен ойын ескере отырып жасалады, яғни тараптардың медиация туралы шартта көрсетілген өзара ерікті  ниет білдіру медиация рәсіміне қатысудың шарты болып табылады. Тиісінше, жауапкер өзіне жүктелген міндеттерін уақытылы және кемшіліксіз орындауға тырысады.

Атап өткеніміздей, дауды бейбіт жолмен шешіп, тараптар арасында өзара келісім орнатады. Елімізде даудың баламалы тәсілдерін енгізу 2011 жылдан бастау алды. Өткен кезеңде көріп отырғанымыздай, түрлі саладағы дауды шешуде оң өзгерістер байқалады.

Бұл, әрине, тек сот саласының емес, сотқа қатысушы тараптардың дауды баламалы тәсілдермен шешудің қаншалықты тиімді екендігіне іс жүзінде көз жеткізіп, оның қолдану кеңестігін кеңейті, өздерінің септігін тигізуіне тікелей байланысты. Тараптар қазіргі уақытта достық, кәсіпкерлік және туыстық қатынастарды сақтап, арадағы дауды ортақ келісімге келе отырып шешу қажеттігі қаншалықты маңызды екендігін ұғынып, оның мақсатқа қол жеткізудің кілті-бітім болғандығын басты назарға алуда. Сол себепті, алдағы уақытта көрсеткіштерде тараптар арасындағы шынайы жағдайда дауды шешудің баламалы жолдарын қолдану көптеп кездесетініне сенім мол.

Жарқайың аудандық соты.

Мемлекеттік тіл – қызмет тілі!

10.08.2022, 09:25

Тіл – ұлттың ұлы игілікті, әрі оның ажырағысыз белгісі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы, кең мағынасында сауаттылығы соның тіл мәдениеттімен, сол тілдің қолданыс ауқымдылығының кеңдігімен өлшенеді. Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай міндет емес, себебі ол тіл мемлекеттік иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни ол өнер, әдебиет, мәдениетте, баспасөз, ресми іс-қағаздар т.б. салаларға дейін қызмет ететеін қоғамның қажетті құралына айналуы қажет.

Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұйғарымдармен тығыз байланысты. Түптеп келгенде, ол өңірдің, елдің ұлттық қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы мен интеллектуалды даму мәселесі де. Сонымен бірге, мемлекеттік тіл-мемлекеттің бет бейнесі, туы, Елтаңбасы , Әнұраны сияқты рәмізі болап табылады.

Ол – азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі бола отырып, ел азаматтарын біріктіретін күш. Тіл -  елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйтқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдеп-ғұрпын және салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Басқаларға ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тіл жоғалған күні ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі. Тілін жоғалтып, артынан өздері ұлт ретінде құрып кеткен халықтар қаншама. Біздің тіліміз ең ескі, тамыры тіптен тереңде жатқан тілдердің бірі.

Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, отарақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шанырақ тың мүшесімін деп те сезіне алмайды.

Мемлекет басшысының қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді білуге тиіс деген пікірі де өте орынды. Себебі, бұл – уақыт талабы, сонлықтанда оны заңдылық әрі өзекті деп қабылдаған дұрыс.

Тілдік орта болмаса, он жерден оқысаң да нәтиже шықпайды.

«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды», - деп М.Әуезов айтқан екен. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Оны білмеу-өзімізге сын. 

Жарқайың аудандық сотының жетекші маманы А.Ауезова.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…