«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп ауқымды «Ауыл аманаты» жобасын бастады
Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу. Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.
Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. 7 жылға дейінгі мерзімге берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 2 500 АЕК (шамамен 8 млн. теңге). Тұрғындар көбінесе бұл ақшаға мал сатып алады. Кейбіреулері наубайхана сияқты шағын бизнес нысандарын ашады. Мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарқайың ауданында да үш ауылда насихаттау жұмыстар жүргізді. Жұмыссыздық, баянсыз болашақ пен несие, субсидияға қатысты қиындықтар адамдарды ауылдан көшуге мәжбүрледі. Тұрғындар ауыл шаруашылығымен айналысқысы келгенімен, ешқандай мүмкіндік болмаған соң айнала азып-тоза бастады. Бұл жағдай шекара шебінде орналасқан ауылыздар үшін аса қауіпті. Сондықтан аталған жоба ауылдарды гүлдендіріп, жастар туған жерінде жұмыс табады, қалаға көшіп кетпейді деп үміттенеміз. Егер, сіздерде сұрақтар туындаса, Жарқайың аудандық «AMANAT» партия филиалына келе аласыздар. Қазіргі таңда біз, бүкіл, түсіп жатқан сұрақтарды жинақтап, партия орталық аппаратына жолдап отырмыз. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасының аясында аудандық 17 ауылдық округ әкімі біліктілігін арттырды. Олар маркетингтік талдау жүргізуді, сауатты бизнес-жоспарын әзірлеуді, жобаны қаржыландыру көзін іздеуді және ауыл экономикасын дамытатын болашағы бар бағыттарды анықтауды үйренді.
«AMANAT» партия аудандық филиалы.