г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

14.07.2022, 10:44

2021 жылғы мамырда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде, негізінен қарыз алушылардың жәрдем ету және борыш жүктемесін азайту үшін шаралар қабылдау туралы өтініштерін қараумен байланысты болады.

Есепті айда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2 508 өтінішін қарады, бұл 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2,2%-ға артық.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) келіп түсті, ол өтініштердің жалпы санының 70%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштердің жалпы санының 11%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің – 2%-ын, коллекторлық агенттіктердің - 3%-ын, өзге де ұйымдардың - 14%-ын құрады.

2022 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың әрекеттерінде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтар бойынша Агенттік 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 17 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама бойынша жалпы сомасы  33,08 млн теңгеге 21 әкімшілік жаза қолданылды:

1) екінші деңгейдегі банктер -  6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 жазбаша ұйғарым, жалпы сомасы 1,65 млн теңгеге 3 әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы хаттама бойынша 3 әкімшілік жаза;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – 1 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 306,3 мың теңге сомасына 1 әкімшілік жаза қолданылды;

3) коллекторлық агенттіктер – 2 жазбаша ұйғарым, жалпы сомасы 1,29 млн теңгеге 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 4 әкімшілік жаза;

4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 14 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту, жалпы сомасы 29,83 млн теңгеге 93 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 13 әкімшілік жаза қолданылды.

2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігінің шеңберінде банктер 2022 жылғы 1 маусымға 195,3 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 30 135 өтінімді мақұлдады. 185,1 млрд теңге сомаға 29 202 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 26,9 млрд теңге сомаға 2 552 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды жүргізді.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 8,1 мың қарыз алушыға 50,9 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді. Қалған 1,1 мың ХӘОТ – қарыз алушы 2022 жылғы 1 қазанға дейін қолдау шараларымен қамтылады.

Ақпарат дереккөзі: https://ortcom.kz/kk/novosti/1657602441

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мараппаттар табыс етілді

10.07.2022, 12:44

2022 жылғы 04 шілдеде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 мамырдағы Жарлығымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Анар Жұматайқызы Сүлейменоваға "Күміс алқа" мараппатын табыс етті.

"Сапа жұлдызы" орденімен "Мейірімді жүрек" қоғамдық қорының жетекшісі Сидорина Вера Калиевна, "Жыл маманы" сертификатымен "Мейірімді жүрек" ҚҚ маманы Берман Людмила Андреевна марапатталды. "Доброе сердце" ҚҚ ұлттық рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінің салалық рейтингінің 100 үздік кәсіпорындарының қатарына кірді және "Қазақстанның үздік кәсіпорны" мәртебесін алды.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарқайың аудандық мәслихатының (7 –ші шақырылған кезектен тыс 32 сессиясы) Ш Е Ш І М І

10.07.2022, 12:26

 

Державин қаласы № 7С-32/5 2022  жылғы 24 маусым 

(Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде

2022 жылдың 28 маусымда № 28627 тіркелген)

 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің  айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы А. Альжанов.

«КЕЛІСІЛДІ»

Жарқайың ауданының әкімдігі

Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясы өтті

01.07.2022, 11:28

2022 жылғы 24 маусымда жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясы өтті.

Сессияға Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжанов төрағалық етті.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 08 ақпандағы № 7С-3/1 «Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы».
  2. «Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
  3. «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы.
    Қаралған мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жарқайың аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Құрметті партия мүшелері!

01.07.2022, 11:18

Конституциялық реформа жөніндегі жалпыреспубликалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсенді қатысқаны үшін ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Аманат партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың, Аманат партиясының атқарушы хатшысы Асхат Раздықұлы Ораловтың алғыс сөздерін жеткізу миссиясымен сіздерге бүгін хабарласудамын. 

Ағымдағы жылғы 5 маусымда жалпы республикалық референдумды өткізуге дайындық барысында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалы жанынан құрамында 21 белсенді партия мүшесі бар Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулерді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін аудандық партия штабы құрылды. Штаб мүшелері қолданыстағы Конституцияның 33-бабына 56 түзету енгізу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық ақпараттық жұмыстар ақпараттық жұмыстың желілік кестесіне сәйкес жүргізілді. Ағымдағы жылың 6 мамыр мен 3 маусым аралығындағы кезеңге әр түрлі страталар бойынша 5349 адамды қамтитын 235 іс-шара өткізілді: олар жастар, мүгедектер, аграрийлер, білім беру, денсаулық сақтау, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, аға буын өкілдері, спортшылар, кәсіподақ, мәдениет, ауыл тұрғындары және басқалар сенім мен қолдау көрсетіп, екінші республиканың іргетасын қалады. 

Ел Президентінің алғыс хаттарымен Жарқайың АMANAT ПАФ атқарушы хатшысы Гүлжан Баегізова, депутаттық фракцияның жетекшісі Владимир Камышанский, өңірлік партия штабының мүшесі Азамат Қабжанов марапатталды.

 АMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хаттарымен Лилия Загоруйко, Роза Сәдуақасова, Александр Демьянов, Райымбек Мұқанов, Жанар Рамазанова марапатталды.

АMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Валентина Соболевская, Ерік Хамзин, Салтанат Кумарова алғыс хаттармен марапатталды.

Жарқайың АMANAT ПАФ атқарушы хатшысы, Гүлжан Баегізова.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…