г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

01.07.2022, 09:54

Баршаңызды айтулы мереке - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Береке мен бірлікті арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың бірі – бірімен етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Осы қасиетті күні халқымыз құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Құрбан айт кезінде ата – бабаларымыз жетім – жесірді жебеу, мұқтажға қол ұшын беру сияқты игі дәстүрлеріміз арқылы өзгеге өнеге болатын ізгі әрекеттер көрініс тапқан.

Осындай асыл үрдістер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Дін тірегі - имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет пен парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеуде. Конфессияаралық келісімге ұйытқы болып, тек имандылықты, инабаттылықты, қайырымдылықты, жан мен тән тазалығын ғана уағыздайтын ислам дінінің ұлтаралық келісімді нығайтуға қосып отырған үлесі зор.

Қадірменді бауырлар!

Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Құрметті Жарқайыңдықтар! Қадірменді жерлестер!

01.07.2022, 09:50

Сіздерді сүйікті елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!   

Нұр-Сұлтан – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.  

Нұр-Сұлтан Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.   

Бүгінде қазақстандықтар бейбіт те бақытты заманда өмір сүруде. Қазақстандық Ұлы жолмен жүріп, еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, ал мемлекеттік сарабдал саясат экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етті.

Алға қойылған міндеттердің табыспен іске асырылуы Нұр-Сұлтан қаласының одан әрі өркендеп, келешегі кемелдене түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімім зор. 

Құрметті жерлестер!

Барлық жарқайыңдықтарды Нұр-Сұлтан күнімен, бейбітшілік пен келісім астанасының мерекесімен құттықтаймын! 

Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласының жұлдызы әрқашан жарық болсын! Нұр-Сұлтан – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.

Алдағы уақытта да Нұр-Сұлтан қаласы қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сенемін.

Мереке құтты болсын, құрметті жарқайыңдықтар! Туған күніңмен, елордамыз  Нұр-Сұлтан!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Құрметті жарқайыңдықтар! Ұлттық өнер жанашырлары!

01.07.2022, 09:49

Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке. 

Домбыра - қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтініміз жоқ. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Ғасырлар бойы қазағымыздың серігі болып, қиындықта сүйеу, қуанышта көңілінің қанаты болған домбыраға арнайы күн белгіленіп, мадақталуы үлкен қуаныш.

Барша Қазақстанның даласы  осы домбыраның үнін естіп келеді. Ол бүкіл біздің даламыздың, барлық қазақтың қаны да, жаны да бір екенін нақты білдіреді.

Қастерлі аспап бүгінде симфония мен операға әр беріп, классикалық өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. Ол  - қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға домбыра ерекше үлес қосады. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Тәттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері – төл мәдениетіміздің бірегей үлгілері.

Қазақтың домбырасы мен күйі ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілді. Біздің мәдени құндылықтарымыз бен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Құрметті өнер қайраткерлері!

Мәдени мұраны сақтауға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бар күш-жігеріңізді салатыныңызға сенімдімін. Ұрпақтар сабақтастығына бағытталған үлгілі, шынайы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Баршаңызды мәдениетіміздің айтулы күнімен тағы да құттықтаймын. Әр шаңыраққа тыныштық, жақсылық, береке тілеймін! Әр шаңырақта домбырамыз шырқала берсін!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Облыстық мәслихатының 18-ші кезекті сессиясы өтті

28.06.2022, 06:33

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің төрағалығымен өткен жетінші шақырылған облыстық мәслихатының 18-ші кезекті сессиясына Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаты Асылхан Әлжанов қатысты.

2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы мәселесі бойынша Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасады. Қосымша баяндамашылар ­- тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Есмағамбетов және облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ғалым Бекмағамбетов.

Жалпы Ақмола облысы әкімінің 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынды. Жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бірқатар ұсынымдар енгізілді.

Сонымен қатар – Ақмола облысы әкімдігінің, өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамына, «Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес туралы», «Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы», «Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Сессияда қаралған барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Жарқайың ауданы мәслихатының баспасөз қызметі.

"Отбасы және отбасылық құндылықтар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28.06.2022, 06:30

"Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" республикалық акциясы аясында Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі жұмыс тобының хатшысы Сәуле Қабдусалямқызы Жульмухаметова, Жарқайың ауданы ПБ ЖПҚБ ЖТҚБ инспекторы Ромина Сергеевна Хорошенко, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державинск қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Аслан Айтжанович Манатовпен бірігіп "Отбасы және отбасылық құндылықтар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, сонымен қатар, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізді.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…