Облыстық мәслихатының 18-ші кезекті сессиясы өтті
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің төрағалығымен өткен жетінші шақырылған облыстық мәслихатының 18-ші кезекті сессиясына Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаты Асылхан Әлжанов қатысты.
2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы мәселесі бойынша Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасады. Қосымша баяндамашылар - тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Есмағамбетов және облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ғалым Бекмағамбетов.
Жалпы Ақмола облысы әкімінің 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынды. Жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бірқатар ұсынымдар енгізілді.
Сонымен қатар – Ақмола облысы әкімдігінің, өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамына, «Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес туралы», «Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы», «Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
Сессияда қаралған барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жарқайың ауданы мәслихатының баспасөз қызметі.