г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Мемлекеттік қызметші - ел айнасы

20.06.2022, 05:51

«Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді»- дейді Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов.

Осылайша, Мемлекеттік қызметші күні кәсіптік мерекесіне орай бұл мақалада Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов туралы айтып өткіміз келеді.

Бағдат Пионерұлы 1963 жылдың 26 қаңтарында Ақмола облысы Жарқайың ауданының Баранкөл ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітіірген. Бағдат Пионерұлы өзнің еңбек жолын 1980 жылы Торғай облысы Жаңадала ауданының Ленин-Комсомол совхозында жұмысшы ретінде бастаған болатын, қазіргі уақытта жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам.

Жарқайың ауданының Державин қаласында 2000 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметші ретінде ант беріп, Жарқайың ауыл шаруашылығы  Департаментінің өсімдік маркетингі және жер қатынастарын реттеу жөніндегі бас маманы лауазымында жұмысын бастаған. 2000 жылдан бастап бір қатар бөлімдерде жұмыс атқарып, мемлекеттік қызметші ретінде 22 жылдай еңбек өтілі бар. Қазіргі таңда Бағдат Пионерұлы Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары лауазымында өз жұмысын атқаруда.

Бағдат Пионерұлы жұмыстан бос уақытында, далада немерелерімен серуендеуді ұнатады, демалыс күндері кітап оқып, сонымен қатар шахмат ойынын жақтырады.

Аудан әкімінің орынбасары Бағдат Шонов, мемлекеттік қызметтке жаңа келген жастарға тілейтіні, өзіңе сенімділік, өзіңнің кәсібилігін арттыру мақсатында өз-өзіңмен талмай жұмыс істеу және әрқашан мемлекеттік мүдделерді ойлау керек екендігін айтып кетті.        

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Құрметті полиция қызметкерлері!

20.06.2022, 05:50

Қадірлі полиция қызметкерлері, сала ардагерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды. Сіздер ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз, қосқан үлестеріңіз зор. Тапсырманы орындау кезінде кәсібилік танытып, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атақты абыройды арқалап, мемлекет пен халыққа аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!

Өз қызметтік міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін! Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ел іргесі бүтін, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

20.06.2022, 05:48

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

Жарқайың ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандылықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

20.06.2022, 05:44

Сіздерді  кәсіби  мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық демекші, әр адам өмір жолында  ақ халатты абзал жандармен кездесіп, адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан құтқаратын  дәрігер мамандығын ежелден қастерлеп, құрметтеген.

Сіздер,  әр науқастың жанына желеу болып, тек қана ауруға қарсы болмай,  адам бойына өмірлік күш-қуат бересіздер. Күн демей, түн демей адам жанынан табылып, әрқашанда халықтың көңілінен шығасыздар. Қай уақытта болмасын медицина қызметкерлерінің жұмысы қиын да күрделі болғаны баршаға аян. Дәрігерлік өнер әрқашанда емдеудің айқындаушы элементі болған және солай болады да.

Жарқайың ауданы тұрғындарының денсаулығын қорғаудағы қажырлы да игілікті істеріңіз үшін шын жүректен жылы лебізімізді қабыл алыңыздар.

Осындай, ерен еңбектеріңізге, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз.Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс тілеймін! Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Құрметті полиция қызметкерлері! Қадірлі полиция органының ардагерлері!

20.06.2022, 05:42

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен құттықтаймын!

Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз, Отанымыздың мүддесіне деген адалдықтарыңыз үшін терең ризашылық сезімін білдіруге әрі ардагерлерге құрмет көрсетуге мүмкіндік берген осы бір ерекше күні қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиған әріптестеріңізді де бір минут үнсіздікпен еске алудың маңызы зор.

Сіздерге өздеріңіз таңдап алған мамандыққа деген адалдықтарыңыз, нәтижелі қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің мойындарыңызда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етудің үлкен жауапкершілігі тұр. Жарқайыңдықтардың өмірі мен тыныштығын сақтау да сіздердің қолдарыңызда. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімдері сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, табанды азаматтық ұстанымдарыңызға және ерік-жігерлеріңізге тікелей байланысты.

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір және отбасылық игілік тілеймін! Өздеріңізге жүктелген кәсіби міндеттеріңізді адал орындап, қиын да жауапты істеріңізде жетістікке жете беріңіздер!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…