Құрметті полиция қызметкерлері!
Қадірлі полиция қызметкерлері, сала ардагерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды. Сіздер ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз, қосқан үлестеріңіз зор. Тапсырманы орындау кезінде кәсібилік танытып, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атақты абыройды арқалап, мемлекет пен халыққа аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!
Өз қызметтік міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін! Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ел іргесі бүтін, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.