г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

"Үміт"облыстық спартакиадасы

14.06.2022, 11:44

Щучинск қаласында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында "Үміт"облыстық спартакиадасы өтті. Біздің спортшылар Ақмола облысының аудандары арасында жалпы командалық бірінші орынға ие болды. Жерлестерімізді құттықтай отырып, зор денсаулықпен жаңа жетістіктер тілейміз!

Жарыс барысында бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов жерлестерін қолдауға келді.

Жарқайың ауданының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету

14.06.2022, 11:39

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К. Хамитовтың  2022 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың  26 мамырынан 01 маусымы аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы жеке бөлімдердің қызметкерлерінің арасында «Жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
  2. 2022 жылдың 31 мамырында ауыл әкімі С.Қадыров мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізді.
  3. 2022 жылдың 1 маусымында «Таза ой, таза іс» тақырыбында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері дөңгелек стол өткізілді. Іс-шара ZOOM арқылы ауылдық кітапханалармен өткізілді.
  4. 2022 жылдың 1 маусымында мәдениет үйінің директоры Т.Мусинмен «Еңбек мәдениеті және сыбайлас жемқорлық» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара кездесу форматында мәдениет үйінің қызметкерлері арасында өткізілді.
  5. «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпанов 2022 жылдың 1 маусымында жеке кәсіпкерлер арасында "мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбында әңгімелесу өткізді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маманы Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес" жүргізуге шақырды.
  6. «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 31 мамырында және 1 маусымында Жарқайың ауданының «Құлырыс, суәлет және қала құрылысы» ММ бас маманы Б.Жамалиевтің және Үшқарасу ауылы әкімі аппаратының бас маманы А.Арыстанбековтың қатысуымен «Бірыңғай ерікті төлем-өз ісімен қамтылғандар үшін көмек» және «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы» тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
  7. «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімімен 2022-2026 жылдарға азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

14.06.2022, 11:37

2022-дың 30 мамырда tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2022» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталады. Сыйлыққа 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

 Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:

  • Үздік телевизиялық сериал
  • Үздік деректі фильм
  • Үздік ақпараттық бағдарлама
  • Үздік әлеуметтік жоба
  • Үздік ток-шоу
  • Үздік ойын-сауық бағдарламасы
  • Үздік тележүргізуші
  • Үздік тележурналист
  • Үздік режиссерлік жұмыс
  • Үздік аймақтық телеарна

«Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

Өткен жылдар ішінде 1359 өтінім қабылданып, 218 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 59 маманы ие болды.

Жеңімпаздардың есімдері маусым айында белгілі болады. Жеңімпаздар қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

ЖЕДЕЛ ТЕЖЕУ

14.06.2022, 11:34

Ағымдағы жылдың 06 маусым айында Державин станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне Арқалық жол дистанциясының диспетчерінен хабарлама келіп түсті. Ол хабарламада Тасты-Талды ст. – Баранкөл станциясының аралығында 133 шақырым №8 пикетте жүк пойызы сиыр малын соғып жедел тежеу жасады.

Болған оқиға бойынша Державин ст. ЖПб қызметкерлерімен іздестіру шаралары өткізіліп 06 маусым айында сиыр иесі Уалиханов ауылының 1989 жылы туылған азаматы екені анықталды. Жоғарыда көрсетілген азамат ҚР ӘҚБтК 559 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

"АМАНАТ" АПФ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

14.06.2022, 11:15

Ағымдағы жылғы 5 маусымда жалпы республикалық референдумды өткізуге дайындық барысында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалы жанынан құрамында 21 белсенді партия мүшесі бар Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулерді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін аудандық партия штабы құрылды. Штаб мүшелері қолданыстағы Конституцияның 33-бабына 56 түзету енгізу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық ақпараттық жұмыстар ақпараттық жұмыстың желілік кестесіне сәйкес жүргізілді. Ағымдағы жылдың 6 мамырымен 3 маусымы  аралығындағы кезеңге әр түрлі тыңдаушылар бойынша 5349 адамды қамтитын 235 іс-шара өткізілді: жастар, мүгедектер, аграршылар, білім беру, денсаулық сақтау, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, аға буын өкілдері, спортшылар, кәсіподақ, мәдениет, ауыл тұрғындары және т.б.. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде ауданның шалғай ауылдарына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ю. В. Кучинская және М.С. Елубаев келді. Олар аудан тұрғындарымен 8 кездесу өткізді. Референдумды өткізуге дайындық барысында 24 сайлау учаскесіне "AMANAT" партиясынан 72 партиялықтың өкілдері анықталды. Референдум күні партия өкілдері сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру процесін бақылап, сайлау процесінің ашықтығын және жасырын дауыс беру қағидатының сақталуын атап өтті. Халық арасындағы ақпараттық жұмыстың қорытындысы бойынша, жалпы конституциялық реформаларды қабылдауға аудан сайлаушыларының 85,87% - ы дауыс беріп, ел болашағына деген ортақ көзқарасын білдіріп, сенім мен қолдау көрсетіп, жаңа республиканың іргетасын қалады.  

 Владимир Камышанский, Жарқайың аудандық мәслихатындағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…