Парасаттылық мәдениетін ілгерілету
Вторник, 14 июня 2022 11:39
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К. Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 26 мамырынан 01 маусымы аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы жеке бөлімдердің қызметкерлерінің арасында «Жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
- 2022 жылдың 31 мамырында ауыл әкімі С.Қадыров мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізді.
- 2022 жылдың 1 маусымында «Таза ой, таза іс» тақырыбында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері дөңгелек стол өткізілді. Іс-шара ZOOM арқылы ауылдық кітапханалармен өткізілді.
- 2022 жылдың 1 маусымында мәдениет үйінің директоры Т.Мусинмен «Еңбек мәдениеті және сыбайлас жемқорлық» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара кездесу форматында мәдениет үйінің қызметкерлері арасында өткізілді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпанов 2022 жылдың 1 маусымында жеке кәсіпкерлер арасында "мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбында әңгімелесу өткізді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маманы Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес" жүргізуге шақырды.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 31 мамырында және 1 маусымында Жарқайың ауданының «Құлырыс, суәлет және қала құрылысы» ММ бас маманы Б.Жамалиевтің және Үшқарасу ауылы әкімі аппаратының бас маманы А.Арыстанбековтың қатысуымен «Бірыңғай ерікті төлем-өз ісімен қамтылғандар үшін көмек» және «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы» тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
- «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімімен 2022-2026 жылдарға азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.