ЖЕДЕЛ ТЕЖЕУ
Вторник, 14 июня 2022 11:34
Ағымдағы жылдың 06 маусым айында Державин станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне Арқалық жол дистанциясының диспетчерінен хабарлама келіп түсті. Ол хабарламада Тасты-Талды ст. – Баранкөл станциясының аралығында 133 шақырым №8 пикетте жүк пойызы сиыр малын соғып жедел тежеу жасады.
Болған оқиға бойынша Державин ст. ЖПб қызметкерлерімен іздестіру шаралары өткізіліп 06 маусым айында сиыр иесі Уалиханов ауылының 1989 жылы туылған азаматы екені анықталды. Жоғарыда көрсетілген азамат ҚР ӘҚБтК 559 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.