г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

2022-дың 30 мамырда tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2022» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталады. Сыйлыққа 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

 Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:

  • Үздік телевизиялық сериал
  • Үздік деректі фильм
  • Үздік ақпараттық бағдарлама
  • Үздік әлеуметтік жоба
  • Үздік ток-шоу
  • Үздік ойын-сауық бағдарламасы
  • Үздік тележүргізуші
  • Үздік тележурналист
  • Үздік режиссерлік жұмыс
  • Үздік аймақтық телеарна

«Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

Өткен жылдар ішінде 1359 өтінім қабылданып, 218 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 59 маманы ие болды.

Жеңімпаздардың есімдері маусым айында белгілі болады. Жеңімпаздар қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…