Мемлекеттік қызметші - ел айнасы
«Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді»- дейді Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов.
Осылайша, Мемлекеттік қызметші күні кәсіптік мерекесіне орай бұл мақалада Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов туралы айтып өткіміз келеді.
Бағдат Пионерұлы 1963 жылдың 26 қаңтарында Ақмола облысы Жарқайың ауданының Баранкөл ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітіірген. Бағдат Пионерұлы өзнің еңбек жолын 1980 жылы Торғай облысы Жаңадала ауданының Ленин-Комсомол совхозында жұмысшы ретінде бастаған болатын, қазіргі уақытта жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам.
Жарқайың ауданының Державин қаласында 2000 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметші ретінде ант беріп, Жарқайың ауыл шаруашылығы Департаментінің өсімдік маркетингі және жер қатынастарын реттеу жөніндегі бас маманы лауазымында жұмысын бастаған. 2000 жылдан бастап бір қатар бөлімдерде жұмыс атқарып, мемлекеттік қызметші ретінде 22 жылдай еңбек өтілі бар. Қазіргі таңда Бағдат Пионерұлы Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары лауазымында өз жұмысын атқаруда.
Бағдат Пионерұлы жұмыстан бос уақытында, далада немерелерімен серуендеуді ұнатады, демалыс күндері кітап оқып, сонымен қатар шахмат ойынын жақтырады.
Аудан әкімінің орынбасары Бағдат Шонов, мемлекеттік қызметтке жаңа келген жастарға тілейтіні, өзіңе сенімділік, өзіңнің кәсібилігін арттыру мақсатында өз-өзіңмен талмай жұмыс істеу және әрқашан мемлекеттік мүдделерді ойлау керек екендігін айтып кетті.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.