г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті жарқайыңдықтар! Ұлттық өнер жанашырлары!

Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке. 

Домбыра - қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтініміз жоқ. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Ғасырлар бойы қазағымыздың серігі болып, қиындықта сүйеу, қуанышта көңілінің қанаты болған домбыраға арнайы күн белгіленіп, мадақталуы үлкен қуаныш.

Барша Қазақстанның даласы  осы домбыраның үнін естіп келеді. Ол бүкіл біздің даламыздың, барлық қазақтың қаны да, жаны да бір екенін нақты білдіреді.

Қастерлі аспап бүгінде симфония мен операға әр беріп, классикалық өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. Ол  - қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға домбыра ерекше үлес қосады. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Тәттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері – төл мәдениетіміздің бірегей үлгілері.

Қазақтың домбырасы мен күйі ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілді. Біздің мәдени құндылықтарымыз бен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Құрметті өнер қайраткерлері!

Мәдени мұраны сақтауға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бар күш-жігеріңізді салатыныңызға сенімдімін. Ұрпақтар сабақтастығына бағытталған үлгілі, шынайы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Баршаңызды мәдениетіміздің айтулы күнімен тағы да құттықтаймын. Әр шаңыраққа тыныштық, жақсылық, береке тілеймін! Әр шаңырақта домбырамыз шырқала берсін!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…