г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

"Ауыл АМАНАТЫ" жобасы

Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде Үкімет партиямен бірлесіп "Ауыл АМАНАТЫ" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.

Жоба Жамбыл облысында 2019 жылдан бастап іске асырылып жатқан "Ауыл халқының табысын арттыру" пилоттық жобасын республика бойынша масштабтауды, сондай-ақ оны жүйелендіру мен біріздендіруді көздейді.

Жамбыл облысының ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі оң тәжірибесі осы ауылда кооперативтің мүшелерін төмендетілген құнмен азықпен және басқа да сервистік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша бір мезгілде ұйымдастыра отырып, бір ауылдық округ тұрғындарының микронесиелерге деген қажеттілігін барынша қанағаттандыруға негізделген. Өңірге 2019 жылы республикалық бюджеттен 7,2 млрд.теңге несие бөлінді. Скрининг нәтижелері бойынша халықтың микронесиелерге қажеттілігін ескере отырып, бөлінген несие көлеміне 11 пилоттық ауылдық округ айқындалды.

2023-2025 жылдар аралығында Бағдарлама шеңберінде жыл сайын республиканың барлық облыстарына жобаны іске асыруға бюджеттік несиелер бөлу көзделеді.

Өңірге бөлінетін бюджеттік несиенің көлеміне және скрининг нәтижелері бойынша алынған ауылдарды несиелеу қажеттілігіне байланысты облыстардың әкімдіктері кезекті қаржы жылында жобаға қатысатын пилоттық ауылдық округтерді айқындайтын болады.

Жоба бойынша микронесие алуға үміткерлер жұмыссыздар және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болуы мүмкін (ҚР Үкіметінің 11.04.2019 ж. № 178 қаулысы):

1) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, келесілерден басқа:

  • акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
  • ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
  • өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
  • мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік холдингті қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын құрылтайшылар (оның ішінде қатысушылар, акционерлер) сондай-ақ кәсіпкерлер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған), сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;
  • ҚР Үкіметінің 11.04.2019 ж. № 178 қаулысымен бекітілген тұлғалар;

2) зейнет жасына толмай қысқартылған (жұмыстан босатылған) қызметкерлер;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін дара кәсіпкерлер;

4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

5) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

6) табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері жатады.

Микронесие беру шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.07.2022 жылғы № 263 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 3-тарауының 2-параграфында айқындалған.

Үміткерлерге микронесиелер мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда беріледі:

1) микронесие мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микронесие мерзімі – 7 жылға дейін;

2) микронесиенің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Қағидаларға сәйкес, микронесие алу үшін үміткерлер облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы айқындаған сенім білдірілген өкілге (агентке) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит алуға сауалнама – өтініш [түпнұсқа*/ электрондық құжат**];

2) Жеке басты куәландыратын құжат [көшірмесі***/құжаттың электрондық көшірмесі**/ мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер];

3) несиелік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты несиелік бюроға беруге, сондай-ақ несиелік есепті алушыға несиелік есепті беруге келісімі [түпнұсқа*/ электрондық құжат];

4) субъектінің Мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына берілген микронесие туралы ақпаратты, мәліметтерді және несие беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы /орындалмауы туралы барлық мәліметтерді ұсынуға және алуға келісімі [түпнұсқа*/ электрондық құжат**];

5) Бизнес-жоспар [үміткердің түпнұсқасы/ электрондық құжат**];

6) қатысушының/үміткердің уәкілетті органының микронесие алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі [түпнұсқа (микронесие мақұлданғаннан кейін ұсынылады)];

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және микронесие беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру бойынша кепіл берушілердің келісімі [түпнұсқа (микронесие мақұлданғаннан кейін беріледі)];

8) қызмет көрсететін банктен шоттың бар екендігі туралы анықтама [түпнұсқа (микронесие мақұлданғаннан кейін ұсынылады)/электрондық құжат**];

9) несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (несиелер болған кезде) [түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге уәкілетті тұлғаның түпнұсқамен салыстырған көшірмесіне жол беріледі)/несиелік бюролардан электрондық форматтағы мәліметтер];

10) қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) [түпнұсқа (ол болған кезде)/мемлекеттік деректер базасынан электрондық форматтағы мәліметтер];

11) бағалау туралы есеп [түпнұсқа/электрондық құжат**];

12) кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар [көшірмесі***/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық мәліметтер].

Ескерту:

* кредитордың қатысуымен толтырылады;

** микронесие беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде

*** құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады.

Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тиісті саладағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны айқындау көзделеді.

Жоба 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты шеңберінде іске асырылатын болады.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…