г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті әділет органдарының қызметкерлері!

28.09.2022, 09:02

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның әділет қызметінің қалыптасуы мен даму тарихы ондаған жылдарға созылады.

Қазіргі уақытта, елімізде халықаралық стандарттардың талаптарына сай заңды негіз қаланып, әділет органдарының құзыры кеңейтілді, жаңа міндеттер қойылды, ашық рәсімдер негізінде әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби корпусы қалыптасты.

Бұл кезеңде әділет органдарының негізгі даму мақсаттары: халықтың құқықтық институттары мен құқықтық көмекке деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету және заңгерлердің жаңа толқынын қалыптастыру болып табылады.

Құқықтық жүйенің жетілдірілуі халыққа көрсетілетін нотариалдық және басқа құқықтық қызметтердің заман талабына сай деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сіздерге зор денсаулық, отбасына құт-береке, әділет жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Өтеулі негізде әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша азаматтарды даярлау

21.09.2022, 11:20

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өтеулі негізде әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша азаматтарды даярлауды жүргізеді. 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Дайындықтың бұл түрі дәстүрлі жедел қызметке балама болып табылады және Қорғаныс министрлігінің "әскери-техникалық мектеп" республикалық қазыналық кәсіпорны филиалының базасында өткізіледі.

Оқудың бір айы ішінде азаматтар теориялық даярлықтан басқа, Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің тирлері мен полигондарында практикалық жаттығулардан өтеді, әскери қызметшілердің қару-жарағымен, жауынгерлік техникасымен, өмірімен және тұрмысымен танысады. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді даярлау 2022 жылғы 23 қыркүйектен бастап 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізіледі

Оқу нәтижесі бітіру емтихандары, біліктілік беру және әскери ант беру болып табылады.   Өтеулі негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар негізінде білім алушылар әскери билеттер алады және запастағы әскери міндеттілердің есебіне тұрады. Азаматтар өздерінің оқуы үшін төлейтін ақы олар үшін әскери киімнің толық жиынтығын сатып алуға, оларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жұмсалады.

Әскери істі үйреніп, Отанды қорғауға дайын болғысы келетіндер көп, сонымен қатар олар атыс қаруын үйренуге және қолдануға мүдделі. Мектепте әскерге шақырылушылар болашақ атқыш, гранатаатқыш және пулеметші әскери мамандықтарымен танысады. Филиалдарда оқитындардың негізгі құрамы жоғары және арнайы орта білімді.

Барлық сұрақтар бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге хабарласуға болады

Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарының: Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 5: 8(71647)21-2-43, 8(71647)22-4-60.

Ақмола облысы Есіл және Жарқайың аудандарының қорғаныс істері

жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник А. Джунусов.

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті

21.09.2022, 11:06

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат 16.00-де Қазақстанның барлық қалаларында - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қараганды, Өскемен, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Ақтобе, Атырау, Ақтау, Тараз, Қостана, Павлодар, Балхаш, Семей, Қонаев қалаларында, сонымен қатар, Державин қаласының Мәдениет үйінде "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы аясында, азаматтарды қабылдау өткізілді.

Акцияға қатысушылар арасында Жарқайың ауданы әкімдігінің ұйым басшылары, полиция бөлімі бастығының орынбасары, көші-қон полиция қызметінің инспеткоры мен прокуратура өкілдері қатысты.

Бұл акцияның өту барысында Жарқайың ауданының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық саласы, халықты жұмыспен қамту, жер мәселелері, көші-қон, келе жатқан қыс мезгіліне орай қала қазандықтарының дайындығы туралы және т.б. сұрақтары бойынша жүгініп өзіне қажетті сұрақтар қойып қатысушылардан тиісті жауап алды. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұрақтарына тиісті кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Ұйымдастырушылар болып ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі, ZAN.KZ желілік басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесі шықты.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Жарқайың аудандық мәслихатының 7-ші шақырылған кезектен тыс 35 сессиясы өтті

21.09.2022, 11:05

Сессия Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжановтың төрағалығымен өтті.

2022 жылғы 16 қыркүйекте аудандық мәслихаттың жетінші шақырылған кезектен тыс отыз бесінші сессиясының күн тәртібінде Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/4 «Учаскелік сайлау комиссияланын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жарқайың ауданық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы №7С-31/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жарқайың ауданық мәслихатының 2022 жылғы 16 сәуірдегі №6С-52/3 «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалараын бекіту туралы» шешеіміне өзгеріс енгізу туралы, Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөнінде комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/2 «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық  комиссияның  құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы сұрақтары қарастырылды.

Отырысқа қатысушылар барлық сұрақтар бойынша мәлімет тындап тиісті шешімдерін қабылдады.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Құрметті жарқайыңдықтар!

21.09.2022, 11:04

Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тек еңбек қана адамның кәсіби жағынан өсуіне мол мүмкіндіктер туғызады, игілікті іспен айналысуына жол ашады. Өмірде алға қойған мақсатқа жетудің оңай еместігін еңбектенген адам ғана түсінеді.

Ауданның экономикалық-әлеуметтік жетістігі-ол еңбекқор азаматтарымыздың күнделікті тынымсыз жұмысының нәтижесі.

Сіздерге осы қиын, алайда халыққа қажетті еңбектеріңізге алғысымызды білдіреміз. 

Құрметті жарқайыңдықтар!

Баршаңызды мерейлі мерекелеріңіз Еңбек күнімен құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын деп тілеймін!

Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…