Жарқайың аудандық мәслихатының 7-ші шақырылған кезектен тыс 35 сессиясы өтті
Сессия Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжановтың төрағалығымен өтті.
2022 жылғы 16 қыркүйекте аудандық мәслихаттың жетінші шақырылған кезектен тыс отыз бесінші сессиясының күн тәртібінде Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/4 «Учаскелік сайлау комиссияланын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жарқайың ауданық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы №7С-31/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жарқайың ауданық мәслихатының 2022 жылғы 16 сәуірдегі №6С-52/3 «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалараын бекіту туралы» шешеіміне өзгеріс енгізу туралы, Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/3 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөнінде комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі №7С-11/2 «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы сұрақтары қарастырылды.
Отырысқа қатысушылар барлық сұрақтар бойынша мәлімет тындап тиісті шешімдерін қабылдады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.