г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Кәсіптік одақтар қызметкерлері!

05.10.2022, 05:29

10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні деп белгіленіп отыр. Кәсіптік одақтар бүгінде еңбек адамы-кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек жағдайындағы озбырлыққа жол бермеу, өз мүшелерін әлеуметтік қорғау, әділетті де лайықты жалақы төлеу, оңтайлы еңбек жағдайын жасау арқылы экономикасы нық, даму бағыты айқын азаматтық қоғамды құруда. Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыруда кәсіптік одақтардың рөлі зор. 

Кез келген кәсіптік одақтың күш-қуаты оның бастауыш ұйымдарының қандай болуына, олардың әрбір еңбекшінің құқықтары мен мүдделерін тиімді де белсенді түрде қорғалуын қамтамасыз етуіне тікелей байланысты.

Осы орайда, егеменді еліміздің көркеюі мен қарқынды дамуы өз қызметін абыроймен атқарып жүрген Сіздер сияқты қызметкерлердің іргелі істері мен оңтайлы шешімдері жалғасын тауып жемісті болсын.

Қазақстанның Кәсіптік одақтар күнімен құттықтай отыра, Сіздердің барлық бастауларыңызда табыс отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы. А.Әльжанов.

Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!

05.10.2022, 05:26

Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіби одақтары күнімен құттықтаймын!

Қазіргі Кәсіби одақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде.

Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін. Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Қазақ халқының ұлы көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы

28.09.2022, 09:36

Шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ағымдағы жылдың 8 қыркүйекте Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ тіл үйренушілер арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Қазақ халқының ұлы көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы» атты тақырыпта онлайн байқау өткізді. Ақынның өлеңдерін кеңінен насихаттау және тыңдаушылардың шығармашылық шабыттарын шыңдау мақсатында өткен аталмыш байқауға 7 тыңдаушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша І орынды Аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының қызметкері Куровский Александр иеленді. Александр ақынның өлеңін көрермендерге керемет жеткізе білді. ІІ орынға жеке кәсіпкер, мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушысы Одинцова Наталья ие болды.  Ал, жүлделі ІІІ орын Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушысы Дубровин Кириллге берілді.   

Байқауға қатысып, ақын шығармаларын асқақтатуға белсенді үлес қосқан барлық қатысушыларға мекеме басшысы Н. Искакова жүлделі грамоталармен естелік сыйлықтар табыс етті.

Тілі таза, намысы өжет, текті тұлға қашан да ұрпақтардың ықыласына бөленіп жүре бермек. Тұңғыш ұстаз, ағартушы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы, нар тұлға. Осындай игі қасиеттердің бәрін бір бойына ғана сіңіре білген абзал азамат, Ахмет Байтұсынұлы!

Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері М. Қалқаева.

Алқабилер деген кімдер?

28.09.2022, 09:33

Конституцияны қабылдаумен Қазақстан Республикасы өзін демократиялық құқықтық мемлекет деп жариялады, бұл негізде сот істеу жүйесін реформалауға әкеледі. Жаңартылған сот жүйесінің бірі – елдегі азаматтарды сот төрелігін қамтамасыз ететін бірден-бір әлеуметтік институт – алқабилердің қатысуымен сот болды. 2007 жылдан бастап «Алқабилер туралы» тиісті заң қабылданды. Ол заң күшіне енгеннен кейін алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер облыстық және оған теңестірілген соттарда қаралады. 2009 жылдан бастап Президент жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. Бұл соттар аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарайды. Бұл институттың құрылғанына алты жылға жуықтағанына қарамастан, азаматтар онымен таныс емес, кей жағдайда мүлдем таныс емес деп те айтуы мүмкін. Осы мақала арқылы мен қарапайым азаматтарға жоғарыда аталған заң туралы, оның өмірінде қандай рөл атқарғаны туралы аз да болса ақпарат жеткізгім келеді. Алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiн жасау аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде азаматтардың жергiлiкті атқарушы органының үй-жайында алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тізiмiмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етедi, тiзiмдегi қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды және оған тиісті өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi.

Алқабилерге үміткерлер тізімін облыстағы сайлаушылар тізімі негізінде облыс әкімдігі қалыптастырады. Облыстық сотқа ағымдағы жылдың қыркүйек айынан кешіктірмей облыс әкімдігіне келесі жылға үміткерлер санын көрсете отырып, ұсыныс жібереді. Бұл тізімдер 3000-ға дейін болуы мүмкін. Ал олардың барлығы облыс аумағында тұратын азаматтар. Тізімдер үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, күні, айы, туған жылы, тұрғылықты мекен жайы, телефон нөмері сияқты мәліметтерден тұрады. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот алқабиге үміткердің аталған тізімін ағымдағы жылдың соңына дейін өңдейді, атап айтқанда сот мамандары үміткерлердің көрсетілген мекен-жайлар бойынша тұратының немесе тұрмайтының, мемлекеттік қызметші немесе мүгедек екенің анықтайды. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне: алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған; өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар; сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар; судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді. Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен: қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар; өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар; алпыс бес жастан асқан адамдар; дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алып тасталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен осы Заңда белгiленген тәртiппен алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс. Алқабиге облыстық және оған теңестiрілген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен аудандық сот және оған теңестiрілген сот судьясының (1 жылға дейін өтілі бар) лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнiнiң санына) барабар, оның негiзгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейдi. Алқабиге кандидатқа (алқабиге) iссапар шығыстары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде өтеледi. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқару уақыты еңбек стажын есептеген кезде есепке алынады. Алқабидің мiндеттерiн атқару кезiнде оның негiзгi жұмыс орны салады.

Осындай жағдай кезінде, сотқа қандай да бір себесіз келмейтін жағдайда ӘҚБтК 655 (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс) бабына сейкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК 2269 теңгені құрайды) әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Алқаби болу ол Қазақстан Республикасының азаматына үлкен абырой. Сотталғандар үшін алқабилер әділетті үкім үшін ең соңғы үміт. «Әр адам кінәсіз деп кінәсі дәлелдегенге дейін танылады».

Жарқайың аудандық соты төрағасының м.а. Н.В.Костырев.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

28.09.2022, 09:22

Ағымдағы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өткізілген онкүндіктің жабылуына арналған салтанатты іс-шара өткізілген еді.

Салтанатты іс-шараның қатысушыларын аудан әкімі Жанболат Хамитов құттықтап, зор денсаулық, еңбекте мол табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Ж.Хамитов Марокконың Марракеш қаласында мүгедектігі бар тұлғалар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік серия кезеңіне қатысып жүлделі күміс және қола медальға ие болған спортшымыз және біздің жерлесіміз Әсем Жаңаділоваға және оның жаттықтырушысы Данияр Бектемісоқа, сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте гір спортынан өткен Әлем Чемпионатының жеңімпаз ұлдарымыз, үш бірдей жерлесіміз Аманқұл Әбуәліге, Ернұр Дәрменовқа, Қуаныш Нұрғожинге және олардың жаттықтырушысы Салтанат Халибекке ақшалай сертификаттарды табыс еттіп болашақта да жарқын белестерге жетуді тіледі.

Сонымен бірге, Жарқайың ауданының әкімі, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, онкүндік жоспар аясында өткізілген іс - шаралардың қорытындылары бойынша және мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқаны үшін бір қатар алғыс хаттарын табыс етті және де мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіруде атқарып келе жатқан еселі еңбектері үшін Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.

Мерекелік іс-шара мәдениет үйінің қызметкерлерінің шағын концетртімен аяқталды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…