г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қымбатты энергетика саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

19.12.2022, 09:52

Баршаңызды – кәсіби мерекелеріңіз, Энергетиктер күнімен айрықша ықыласпен құттықтаймын!

Бұл сала біздің еліміздің экономикасының флагманы екені ақиқат. Сондықтан әрқашан энергетика саласындағы әріптестері арасында жоғары құрметке және жоғары қоғамдық мәртебеге ие білікті мамандар жұмыс атқарады.

Билік энергетиканың дамуына аса көңіл бөледі, себебі экономиканың барлық басқа салаларының өмірге икемділігі, үйдегі жайлылық, жылулық және жарық энергетикаға байланысты.

Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыру, бәсекелестікке қабілеттілікті қолдау, қауіпсіздікті күшейту сияқты Қазақстанның алдында тұрған маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Сіздердің алтын қолдарыңыз бен білімдеріңіз – қоғамның мызғымас күші.

Сіздерге бақыт, зор денсаулық, амандық, сарқылмас өмір қуатын, кәсіби өсу және алға қойған мақсаттарыңызға жетуде жетістік тілеймін!

Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитов.

Құрметті аудан тұрғындары!

19.12.2022, 09:41

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.

Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – әрбір қазақстандықтардың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты.

Тәуелсіздіктің өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындырды, Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды. Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік – экономикалық дамуына аудан тұрғындары да сүбелі үлесін қосып келеді.

Халқымызда «Егемен елдің еңсесі биік» деген сөз бар. Біз бүгінде Тәуелсіздіктің арқасында — тарихы мен тағдыры ортақ халыққа айналдық. Бәсекеге қабілетті ел ғана – мықты болмақ. Арманы асқақ елдің – мұраты биік.

Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Күллі әлем көз тіккен Ұлы Дала Елінің азаттығы – Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!

Жарқайың ауданының әкімі Ж.Хамитов.

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, ардагерлері!

16.11.2022, 09:32

Сіздерді айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор қарқынды дамып келеді. Әрине, біз одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра беретін боламыз.

Сарқылмайтын еңбексүйгiштiгiн бейнелейтiн ауыл шаруашылық саласы қызметкерлеріне, өндiрiс озаттарына, барлық диқандар мен мал өсiрушiлерге кәсіби мереке қарсаңында ерекше алғыс пен ризашылығымды бiлдiремiн.

Бар өмірін туған жердің дамуына арнап жүрген сіздерге Жарқайың ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлестеріңізді қосып, табысты еңбек пен төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Өңіріміздің дамуы мен шаруашылықтың шыңдалуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын. Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері! Қадірменді аудан тұрғындары!

16.11.2022, 09:30

Сіздерді халқымыздың алтын бесігі - ауылдың науқандық жұмыстары аяқталып, диқандардың ерте көктемнен қоңыр күзге дейінгі абыройлы еңбектерінің, табысты тірліктерінің салтанат құрар шағы, мерейін өсіріп, мәртебесін көтерер қуанышты сәті қараша айындағы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы қашан да ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді.

Биыл, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын қатаң сақтау және қолайлы ауа райы жағдайлары, орташа өнімділігі 10,7 ц/га-дан 700 мың тонна астық жинауға мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 73 млрд. 366 млн. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі -194,9%.

Аграрлық сектордағы табыс Мемлекет басшысының жеке қолдауы және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы елеулі қаржылық көмек, егіншілік пен мал шаруашылығындағы алдыңғы қатарлы технологияны белсенді түрде енгізу, сала жұмысшылары мен мамандарының жанқиярлық еңбегі нәтижесінде мүмкін болды.

Қадірменді жерлестер! Еңбек еріне айналған диқандар!  

Сіздерге еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген жанашырлық және туған жерге деген таусылмас сүйіспеншілік үшін алғыс айтамын.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы игілігі жолында жаңа еңбек табыстарын тілеймін.

Алдарыңызда тұрған жауапты міндетті абыроймен атқарып, туған өлкеміз үшін аянбай еңбек етуге тілектеспін!

Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.

Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!

Мереке құтты болсын!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Құрметті жарқайыңдықтар! Құрметті қаржыгерлер

10.11.2022, 09:49

Сіздерді Ұлттық валюта – теңгенің 29 жылдығымен және кәсіби мереке – қаржы қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық валютаның енгізілуі республикамыздың тәуелсіздігінің қалыптасуындағы бетбұрыс кезеңі, еліміздің экономикалық және саяси өміріне орасан зор үлес болды. Бұл дербес ақша-кредит саясатын жүргізуге, тиімді қолма-қол ақша айналымын жолға қоюға, жалақыны, зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеуге мүмкіндік берді. Аудан экономикасында қаржы институттары оның тіршілік ету механизмінің негізгі буыны бола отырып, маңызды орын алады. Жақсы несиелік-қаржылық жүйе – бұл мемлекеттің өзін-өзі қамтамасыз етуінің басты белгісі, осы себепті аудан қаржыгерлері бұл жүйені жетілдіруге атсалысуда.

Біздің ауданның тиімді дамуы мен қоғамдағы тұрақтылық аудан қаржыгерлерінің кәсібилігіне, тәжірибесіне, талпынысы мен еңбекқорлығына байланысты.

Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!

Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…