Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – әрбір қазақстандықтардың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты.
Тәуелсіздіктің өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындырды, Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды. Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік – экономикалық дамуына аудан тұрғындары да сүбелі үлесін қосып келеді.
Халқымызда «Егемен елдің еңсесі биік» деген сөз бар. Біз бүгінде Тәуелсіздіктің арқасында — тарихы мен тағдыры ортақ халыққа айналдық. Бәсекеге қабілетті ел ғана – мықты болмақ. Арманы асқақ елдің – мұраты биік.
Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Күллі әлем көз тіккен Ұлы Дала Елінің азаттығы – Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Ж.Хамитов.