г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті жарқайыңдықтар!

24.02.2023, 05:49

Баршаңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Талай тар жол тайғақ кешкен тағдырларды өз шаңырағының астына біріктіріп, қамқор қарлығаштай, барша ұлт өкілдерін бауырына басқан Отанымызда атап өтілетін осынау мерекенің маңызы зор.

Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.

Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайтуымыз қажет.

Қымбатты жерлестер!

Бақыт бағалай білгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан – Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын!

Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз арта берсін! 

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Құрметті мұрағатшылар!

22.12.2022, 04:54

Сіздерді Мұрағатшылар күні" кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Халықтың тарихи жадын сақтаушы бола отырып, Сіздер уақыт пен ұрпақтың берік байланысын қамтамасыз ете отырып, ауданның дамуының құжаттық дәлелдерін сақтайсыздар, онсыз болашақты құру мүмкін емес. Сіздердің еңбектеріңіз өз мамандығына деген құштарлықты ғана емес, сонымен қатар көп қырлы білім мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезімін талап етеді.

Кәсіби мереке күні Сіздерге шын жүректен жұмыста табыс, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, отбасыларыңызда бейбітшілік пен амандық тілеймін!

Жарқайың ауданының әкімі Ж.Хамитов.

 

Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитовтың мүгедектігі бар адамдармен кездесуі өтті

19.12.2022, 09:59

3-желтоқсан Халықаралық мүгедектігі бар тұлғалар күні. Халықаралық мүгедектер күні елімізде 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Ерекше жандарға, оның ішінде жастарға еш кедергісіз жағдай жасау, оларды жұмысқа орналастыруға көмектесу және белсенді өмір сүруіне ықпал жасау, жан жақты қолдау көрсету – бұл біздің қоғам алдындағы парызымыз. Қаншама жанның жүрегіне жылу ұялап, өмірге деген құштарлығы оянып, сөнген үміттері қайта жанып жатса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.

Осылайша, 2022 жылдың 9 желтоқсан күні ауданымыздың кітапхана қабырғаларында Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитовтың мүгедектігі бар адамдармен кездесуі өтті. Кездесуге аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, мүгедектігі бар тұлғалар, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысқан еді.

Аудан әкімі қатысушыларды Халықаралық мүгедектігі бар адамадардың күнімен құттықтап мирімді, шынайы, ашық азамат болып қала беруді, керемет көңіл күй, әр күн сәтті және қызықты өтуді тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімі ауданда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, инклюзивті білім беруді енгізу, кедергісіз орта құру жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру барысы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Ж. Хамитов бірқатар алғыс хаттарды табыс етті. Олар, осы салада белсенділігімен және сүбелі жетістіктерімен көзге түскен азаматтар: Қабдусалам Қылышбайұлы Базарбаев – Жарқайың ауданының параолимпиядалық командасының құрметті капитаны, 20 жыл көлемінде мүгедектігі бар тұлғаларды интеграциялауда қоғамдық белсенділік танытуда; Абденбек Бегалиев – спорт ардагері, аудандық және облыстық жарыстардың жүлдегері, жастарға үлгі боларлықтай азамат; Ләззат Оразқызы Жанайдарова – Жарқайың ауданы бойынша қазақ зағиптар қоғамының төрайымы; Талғат Тұрсынұлы Омашов – Ақпан Үкібай атындағы орта мектебінің мұғалімі, Ақмола облысының тоғызқұмалақтан үшдүркін чемпионы.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-ң басшысы Азамат Беріктасұлы Баймулдинов, Мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі әкімнің кеңесшісі Әділет Ғабдоллаұлы Нұрбеков, №7 түзету кабинетінің басшысы Сәуле Әлімханқызы Саденова, Жарқайың ауданы бойынша қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Ләззат Оразқызы Жанайдарова, «Доброе сердце» қорының басшысы Вера Калиевна Сидорина сөз сөйледі. Кездесу шағын концертпен аяқталды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Жарқайың ауданы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бойынша Ақмола облысы бойынша бірінші орынды иеленді

19.12.2022, 09:57

Көкшетау қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары жетістігі үшін алғыс хат табыс етті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 85 781,5 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 206,9% құрады.

Сондай-ақ, облыс әкімі "Республикалық әдістемелік фитосанитариялық диагностика және болжамдар орталығы" РММ Жарқайың аудандық филиалының басшысы Октябрь Баегизовке ауыл шаруашылығы Министрінен Құрмет грамотасын табыс етті.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қадірлі энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

19.12.2022, 09:53

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Желтоқсанның үшінші жексенбісінде қалыптасқан дәстүр бойынша біз Энергетиктер күнін атап өтеміз. Бұл өздерінің жасампаз еңбегі мен өмірлік маңызы бар игілік жасап жүрген адамдардың кәсіби мерекесі.

Өндірістік сала мен барлық мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің үзіліссіз жұмыстары, үйдің жылулығы мен жайлылығы, халық тұрмысының сапалылығы – осының бәрі өздеріңіздің еңбектеріңізге байланысты.

Энергетика шын мәнінде экономиканың негізгі саласы болып табылады. Әрине, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің ішінде осы кәсіп иелерінің үлесі де бар.

Жарқайыңдық энергетиктерің көздеген жоспарларын ойдағыдай жүзеге асырып, ауданның ары қарай тұрақты дамуына қолайлы жағдай туғызатынына кәміл сенеміз.

Құрметті жерлестер! Осынау мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, ырыс-береке және жауапты жұмыстарыңыз әрдайым қиындықсыз жағдайда атқарылып, еңбектеріңіздің жемісін көре беруді тілеймін!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…