г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті Жарқайыңдықтар! Құрметті ауданның қаржы жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері!

10.11.2022, 09:49

Сіздерді ұлттық валюта – теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бүгін, тәуелсіз ел өміріндегі күрделі бастапқы кезеңге көз жүгірте отырып, экономиканы дамытудың жаңа кезеңіне шығу маңызды қадамы екеніне анық көз жеткіздік. Теңгені айналымға енгізу Қазақстанға ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құру бойынша алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді.

Жарқайың ауданы да бүкіл елімізбен бірге алға қадам баса отырып,  жетістіктерге жетіп келеді. Экономиканың барлық салаларының серпінді дамуы жалпы өңірлік өнімнің тұрақты өсуін қамтамасыз етуде.

Құрметті ауданның қаржы органдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауданның қаржы саласындағы қол жеткізген барлық табыстары - бұл Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Бұл жүйеде өз ісінің мамандары, адалдық пен жоғары жауапкершілікке ие адамдар жұмыс істейді деп сеніммен айта аламын.

Сіздерге, мықты денсаулық, бақыт, табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

Сіздердің әрқашан белгіленген реформаларды жүзеге асыру, өңірдің экономикалық әлеуетін шоғырландыру үшін барлық күш-жігерлеріңізді салатындарыңызға сенімдімін.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов

Мерей тоймен құттықтау!

20.10.2022, 04:29

Құрметті Уалихан ауылының тұрғындары – ардагер ағаларымыз, ардақты апаларымыз! Баршаңызды алтын бесігіміз атанған - Уалихан ауылы елді - мекеніміздің 50 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын ауылымызда жаңаша экономикалық реформаға жол ашылып, үлкен шешім қабылданып, игі істер атқарылып, бүгінде баршамыз үшін – тарихтың бір терең тармағы сияқты сақталып келеді. Алыптың қуаты – халықта демекші, халық қолдап, береке - бірлік алға жетелеп, сөйтіп келешек ұрпақ үшін үлгі – өнеге болып, біраз дүниеге қол жеткізгеніміз бәріңізге айғақ. Ауыл азаматтары өркениетті қоғамның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздерінің адал еңбектерімен ауыл тынысына үн қосып жақсы тірлік кешуде.

Реформа нәтижесінде жерлестеріміздің тұрмысы жақсарып, әл-аухаттары дамып, әр таңымыз қуанышқа толы күндерге куәміз. Еңбектеріңіздің табыстары еселеніп, ең бастысы, елдегі ынтымақ береке - бірлік нығайып, келешек ұрпақтың бақытты ғұмыр кешуін, білімді сауатты болуын қалар едім. Әрқашанда ел –жұртымыздың ниеті түзу, бірлігі жарасқан, рухы биік ел болсын. Тәңірдің ұсынған сыйын бағалап өтейік ағайын! Әр отбасына татулық, береке – байлық тілеймін.

Абай атамыз «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - деп  көрсеткендей көптің ақылы мен тәрбиесін алған болашақ ұрпағымыз заман талабымен таласа ғұмыр кешсін.

Игі тілекпен, Жарқайын  ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұ.Ахметова.

Құрметті жарқайыңдықтар!

20.10.2022, 04:27

Жарқайың аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!

"Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек", - деді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында.

Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекіту; өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдістерін орнықтыру; республиканың Тәуелсіздігін сақтап, ұстап тұру мақсаттарын негізгі деп санайды.

Бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін барлық жағдайды қарастырып, бейбіт және берекелі заман бедерінде кемел келешекке ұмтылуға жол ашудың сәті туғанын баршамыз ұғынуымыз керек.

Тәуелсіз елдің, кездескен күрделі кедергілерге қарамастан, алға басқан әр қадамы өз елін, өз жерін шексіз сүйетін азамат қана сезінетін жүректерге ерекше толғаныс пен мақтаныш сезімдерін ұялатады. Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінде көп ұлтты халқымыздың әр азаматының білімділігі мен шеберлігінің, адал еңбегінің өзіндік үлесі бар. Біз болашаққа зор сеніммен қараймыз.

Қазақстанның өркендеуіне, дамуына, өркениетті озық елге айналуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

Сіздерді Республика күнімен шын  жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, сәттілік және жанұяларыңызға бақыт тілеймін! Отанымыз, Мәңгілік еліміз Қазақстан — гүлдене берсін!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Құрметті жарқайыңдықтар!

20.10.2022, 04:21

Жарқайың аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді Уәлиханов ауылының 50 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Биылғы жыл тәуелсіз еліміз үшін де, оның ішінде Жарқайың ауданымыз үшін де тарихи сәттерге толы берекелі жыл болды.

Дана халқымызда: «Той – халықтың қазынасы» деген жақсы сөз бар. Қашанда рухы биік елдің өресі биік болатыны белгілі. Ежелден ынтымақ-бірлігі жарасқан, халықтың абзал қасиетімен, қазақы салт-дәстүрімен сүттей ұйыған Уәлиханов ауылы, міне, бүгін елуге толып отыр. Бұл – тарихи дәстүріміздің сабақтастығының айқын көрінісі деуге болады.

Өз ауылына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – ауданымыздың басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, ауылдың қалыптасуына және дамуына орасан зор үлес қосуда. «Туған жерім – алтын бесігім» деп туған жерді көркейтуде аянбай тер төккен ауыл тұрғындарына алғысым шексіз.

Құрметті жерлестер! Уәлиханов ауылының мерекесі құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық-саулық, жаңа табыс және бақ-береке тілеймін. Туған өлкеге ұдайы қамқорлық жасап, экономиканы дамыту, халықтың әл-әуқатын арттыру бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарыңыз үшін ризашылығымызды білдіремін.

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Құрметті аудан тұрғындары!

20.10.2022, 04:21

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұған дейін қазақстандықтар Республика күнін атап өткен болатын. Ол 2001 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді, бірақ кейінірек – 2009 жылы – Президенттің Жарлығымен алынып тасталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың маусым айында өткен Ұлттық құрылтай отырысында бұл мерекені қайта атап өтуді ұсынды.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Бұл біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуының ерекше кезеңі. Мемлекеттің Тәуелсіздік Декларациясы – бұл барлық негізгі қағидаларды бейнелейтін маңызды құжат. Дәл осы күні біз қазір теңдік пен бір-бірімізге деген құрмет орнаған еркін қоғамымызды құрып жатқан берік негіз қаланды.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық әл – ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.

Елімізде қысқа мерзімде жүздеген жылдарға пара-пар қадамдар жасалды. Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды. Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік – экономикалық дамуына аудан тұрғындары да сүбелі үлесін қосып келеді. 

Біз бүгін тарихы мен тағдыры ортақ халыққа айналдық. Татулық пен бірліктің нәтижесінде өркениет биігіне бірте-бірте қадам жасап келеміз.  Бәсекеге қабілетті ел ғана – мықты болмақ. Арманы асқақ елдің  мұраты биік.

Ардақты ағайын

Баршаңызды осынау ұлық мерекеміз Республика күнімен тағы бір мәрте құттықтаймын!

Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Күллі әлем көз тіккен Ұлы Дала Елінің азаттығы –ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…