Құрметті Жарқайыңдықтар! Құрметті ауданның қаржы жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді ұлттық валюта – теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін, тәуелсіз ел өміріндегі күрделі бастапқы кезеңге көз жүгірте отырып, экономиканы дамытудың жаңа кезеңіне шығу маңызды қадамы екеніне анық көз жеткіздік. Теңгені айналымға енгізу Қазақстанға ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құру бойынша алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді.
Жарқайың ауданы да бүкіл елімізбен бірге алға қадам баса отырып, жетістіктерге жетіп келеді. Экономиканың барлық салаларының серпінді дамуы жалпы өңірлік өнімнің тұрақты өсуін қамтамасыз етуде.
Құрметті ауданның қаржы органдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауданның қаржы саласындағы қол жеткізген барлық табыстары - бұл Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Бұл жүйеде өз ісінің мамандары, адалдық пен жоғары жауапкершілікке ие адамдар жұмыс істейді деп сеніммен айта аламын.
Сіздерге, мықты денсаулық, бақыт, табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!
Сіздердің әрқашан белгіленген реформаларды жүзеге асыру, өңірдің экономикалық әлеуетін шоғырландыру үшін барлық күш-жігерлеріңізді салатындарыңызға сенімдімін.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов