Мерей тоймен құттықтау!
Құрметті Уалихан ауылының тұрғындары – ардагер ағаларымыз, ардақты апаларымыз! Баршаңызды алтын бесігіміз атанған - Уалихан ауылы елді - мекеніміздің 50 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын ауылымызда жаңаша экономикалық реформаға жол ашылып, үлкен шешім қабылданып, игі істер атқарылып, бүгінде баршамыз үшін – тарихтың бір терең тармағы сияқты сақталып келеді. Алыптың қуаты – халықта демекші, халық қолдап, береке - бірлік алға жетелеп, сөйтіп келешек ұрпақ үшін үлгі – өнеге болып, біраз дүниеге қол жеткізгеніміз бәріңізге айғақ. Ауыл азаматтары өркениетті қоғамның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздерінің адал еңбектерімен ауыл тынысына үн қосып жақсы тірлік кешуде.
Реформа нәтижесінде жерлестеріміздің тұрмысы жақсарып, әл-аухаттары дамып, әр таңымыз қуанышқа толы күндерге куәміз. Еңбектеріңіздің табыстары еселеніп, ең бастысы, елдегі ынтымақ береке - бірлік нығайып, келешек ұрпақтың бақытты ғұмыр кешуін, білімді сауатты болуын қалар едім. Әрқашанда ел –жұртымыздың ниеті түзу, бірлігі жарасқан, рухы биік ел болсын. Тәңірдің ұсынған сыйын бағалап өтейік ағайын! Әр отбасына татулық, береке – байлық тілеймін.
Абай атамыз «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - деп көрсеткендей көптің ақылы мен тәрбиесін алған болашақ ұрпағымыз заман талабымен таласа ғұмыр кешсін.
Игі тілекпен, Жарқайын ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұ.Ахметова.