г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

13.10.2022, 04:22

Сіздерді  Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс органдарының құрылғанына 27 жыл толуымен құттықтаймын! Біз құтқарушылардың күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін бағалаймыз. Қандай қиыншылыққа тап келсе де төтенше жағдайлар қызметкерлері өз ісін абыроймен атқаруға бар ынтасымен кіріседі.

Ел аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты.

Бүгінгі күні республикамызда төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Оған  мамандардың кәсібилігі, қызметіне деген адалдығы мен ерліктерінің арқасында қол жеткізіп келеді. Осының нәтижесінде мыңдаған адамдардың өмірі құтқарылды.

Алдағы уақытта құтқарушылардың  кәсіби шеберлігі, батылдығы мен қайсарлығы адамдарды құтқару  ісінде қызмет ететініне толықтай сенімдімін.

Құрметті ауданымыздың құтқарушылары! Бүгінгі жарқын мерекеде  сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін!  Қауіпті еңбектеріңіз сіздер құтқарған адамдардың алғысымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне зор үлестеріңізді қоса беріңіздер демекпін!

 Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Құрметті жерлестер, ардақты ауыл еңбеккерлері!

13.10.2022, 04:20

Жарқайың ауданының барлық тұрғындарының атынан биылғы егіннің табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Аграрлық сектор дамыған Жарқайың ауданы үшін астық жинау науқаны əрдайым маңызды оқиға саналады. Еш қиындыққа қарамастан биылғы жиналған мол өнім сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіздің нәтижесі.

Жарқайың диқандары 657 мың гектардан астам алқапта астық жинауды бастап, 10,1 ц/га-дан жоғары сапалы астық дақылдарының түсімін алды.

Ауыл шаруашылығында жүргізілген жүйелі реформалардың арқасында стратегиялық маңызы зор осы саланың əлеуеті мен инвестициялық тартымдылығы едәуір артты. 

Құрметті диқандар!

Егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Қажырлы еңбектеріңізбен ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндетті іске асыруға қомақты үлесі үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!

Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

"AMANAT" партиясының 38 кезектен тыс партиялық конференциясы өтті

05.10.2022, 05:58

Бүгін Қазақстан өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне енді, сондықтан "AMANAT" партиясы қоғамның жаңа сұраныстарына сәйкес өзгеруде. Мемлекет басшысы "Жаңа Қазақстанды" құру бойынша ауқымды міндеттер қойды. Біздің партиямыз Президенттің реформаларын қолдай отырып, осы жұмысқа белсенді қатысады. Ол үшін бүгінгі таңда партияның Жарқайың аумақтық филиалының барлық бастауыш ұйымдарында партия жиналыстары өткізілді, онда "AMANAT" партиясының саяси платформасының жобасы мақұлданды және партияның Жарқайың аумақтық филиалының кезектен тыс 38 конференциясына делегаттар сайланды. Бүгінде саяси платформаны жаңарту бойынша жұмыс "Халық үніне құлақ асатын партия" форматында жүргізілуде, сондықтан бұл жұмысқа барлық аманатшылар қатысады. "Бізге әрбір партияға қатысушы партияның саяси тұғырнамасын біліп қана қоймай, оған салынған құндылықтармен келісуі керек. Сонымен қатар, оларды күнделікті жұмысында басшылыққа алуы қажет", - деп атап өтті Пятигорское селосының БПҰ төрағасы Гүлсағат Шәкірова. Бастауыштар жиналысы барысында аманатшылар "партияның саяси платформасы жалпы қоғамдағы қалыптасқан жағдайға сүйене отырып, партиялықтар үшін жаңа құндылық бағдарларын айқындайды, халықтың мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық белсенділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді" деп атап өтті. "AMANAT" партиясының бәсекелестігін және жаңа жағдайларда сайлаушылардың сенімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін партияның саяси платформасында көрініс табуы тиіс тәсілдерді белсенді талқылау, аманаттықтардың аудандық 38 кезектен тыс партиялық конференциясында өтті. Аудандық конференция қорытындысы бойынша саяси платформа жобасын одан әрі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Бұл жұмысқа партия филиалының барлық бастауыш ұйымдары, аудандық мәслихаттағы партия фракциялары тартылатын болады. 

Жарқайың "AMANAT" ПАФ  атқарушы хатшысы Г. Баегизова.

Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті

05.10.2022, 05:40

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясында аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжановтың төрағалығымен депутаттар «Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Жарқайың ауданының Державин қаласы, ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттері туралы» №7С-23/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылдады. Аталған мәселе бойынша Жарқайың ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахыт Ахметова сөз сөйледі.

Жарқайың аудандық мəслихатының баспасөз қызметі.

Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті

05.10.2022, 05:38

2022 жылғы 29 қыркүйекте Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.

Сессияда аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжанов төрағалық етті.

Сессия жұмысына аудандық бөлімдер мен басқарма басшылары, ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №7С-22/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жарқайың ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы.
  3. Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 ақпандағы №6С-8/3 «Жарқайың ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  4. Жарқайың ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауын және көшелерінің атауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы.

Қаралған мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жарқайың аудандық мəслихатының баспасөз қызметі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…