Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті
Среда, 05 октября 2022 05:38
2022 жылғы 29 қыркүйекте Жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.
Сессияда аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжанов төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудандық бөлімдер мен басқарма басшылары, ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №7С-22/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жарқайың ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы.
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 ақпандағы №6С-8/3 «Жарқайың ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- Жарқайың ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауын және көшелерінің атауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы.
Қаралған мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жарқайың аудандық мəслихатының баспасөз қызметі.