г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ЖОЛДАУ

01.09.2023, 09:08
  • Мемлекет басшысы тариф саясатын түбегейлі қайта қарауды ұсынды
    АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тариф саясатын қайта қарап, монополистерге жауапкершілікті күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    «Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн, яғни баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
    Президенттің айтуынша, қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады.
    «Сонымен қатар, монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады», - дейді Мемлекет басшысы.

    ЖОЛДАУ

    01.09.2023, 09:06

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдап жатыр

    Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступает с Посланием народу Казахстана «Экономический курс Справедливого Казахстана».

    ЖОЛДАУ

    01.09.2023, 09:05

    Президент «жасыл» экономиканы дамыту мәселелеріне ден қоюды тапсырды
    АСТАНА. ҚазАқпарат – 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    «Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек. Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», - деп тапсырма жүктеді Президент.
    Мемлекет басшысы электр қуаты, жылу және су тұрмысқа аса қажетті игіліктер екенін айта келе, оны үнемдеп пайдалануға шақырды.
    Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

    ЖОЛДАУ

    01.09.2023, 09:05

    Суды тым көп қажет ететін егіс алқаптарын азайту керек – Президент
    АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында су үнемдеу бойынша бірқатар бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн», - деді Мемлекет басшысы.
    Президент еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес екенін, сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын айтты.
    Бұған дейін Президент алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70% жеткізу керектігін айтқан еді.
    Сондай-ақ, елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр, жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет.

    ЖОЛДАУ

    01.09.2023, 09:04

    ⚡️Мемлекет басшысы:

    «Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.

    Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем.

    Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз»

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…